Студенттің ПӘндік


Игеру жүйесінің сипаттамасы және оларды топтастыру



бет14/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij

Игеру жүйесінің сипаттамасы және оларды топтастыру
Игерудің сипаттамаларының ерекшеліктеріне сүйене отырып, игеру жүйелерін топтастырады.
1. Алаң бойынша ұңғыларды геометриялық орналасуына байланысты біркелкі және бірқалыптылық емес орналасу жүйелері белгілі.
Біркелкі орналасқан ұңғылар жүйесінде ұңғылар дұрыс геометриялық тор бойынша орналасады: квадратты немесе ұшбұрышты. Әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Үшбұрышты тор, коллекторлардан бөлек линзаларының ашлуын жоғары дәрежеде қамтамасыз ете алады. Бірақ, мұндай торда дәйектілі жүйеленген әрбір сатысында, ұңғылар саны үш есе көбейе береді. Квадратты тордың жиі орналасуыда линзаларды ашу мүмкіндігін жоғарлатады. Олардың әрбір сатысында ұңғы саны екі есе көбейеді. Сондықтан, квадратты торлар өндірісте көбрек қолданылады.
Бірқалыпты емес орналасқан ұңғылар жүйелерінде кеніштерді тізбекше немесе қатар ұңғылармен игереді. Бұл тізбекше немесе ұңғы қатарлары мұнай нұсқасына немесе айдайтын ұңғылар қатарына орналасуын тиімді деп болжайды. Кен орындарының көбін, бірқатарлы жүйелермен игеру жобаланады.
2. Ықпал жасау әдістері бойынша келесі игеру жүйелері қолданады: қабатқа әсер етпей игеру және ықпал жасап әсер етіп игеру.
Қабатқа әсер етпей игеру жүйелерді, мұнай кен орындарын игеру үрдісінде табиғи қабаттық қуатты пайдаланатын жағдайда қолданады. Мұндай жүйелер сирек кездеседі. Жоғары мөлшерде мұнайды шығару: серпімді, суарынды және газарынды режимді жағдайларда, жоғарғы нәтижелер алуға болады.
Қабатқа су айдап ықпал жасап әсер ететін жүйелер, елде жиі қолданады.
Кейбір кен орындарында жоғары тұтқырлы мұнайлары бар қабаттарды игергенде, оларға жылу тасығыштар (бу, ыстық су) айдаумен ықпал жасайтын жүйелер пайдаланады.
Игеру жүйелерінің сипаттамалары.
Ұңғылар фонды – кен орнын игеру үрдісін іске асыруға тағайындалған айдау және пайдалану ұңғыларының жалпы санын айтады. Зерттеу мезгілінде табылған коллекторлардың бөлек линзаларын игеруге және қабатқа ықпал жасайтын жүйелердің тиімділігін жоғарлату мақсатымен резервтік фондыларды жобалайды. Қабаттың құрылымының бір текті болмауынан, осы фондының ұңғылар саны жер қойнауынан мұнай шығаруға қолданатын технологиясының ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ұңғылар торының тығыздық мөлшері Scигеру объектісіндегі, бір ұңғыға тиісті көлем, басқаша айтқанда мұнайгаздылық алаңның көлемін барлық пайдалану және айдайтын ұңғылардың жалпы санына бөлгендегі шығатын шамаға тең.
Мұнайдың меншікті алынатын қоры немесе А. П. Крылов мөлшері Nc – объект бойынша мұнай алынатын қорының, ұңғылардың жалпы санына қатынасы.
Параметр  – айдалатын ұңғылар санының, өндіру ұңғылар санына қатынасы, басқаша айтқанда  = nа/nө. Бұл мөлшер, су ендіру жүйесінің қарқындылығын сипаттайды.
Параметрс – резервтік (сақталатын) ұңғылар саны мен негізгі қор ұңғылар санына қатынасы, басқаша айтқанда с = nс/nн.
Осы көрсетілген параметрлерден, басқа көрсеткіш қатарлары, мысалы мұнай нұсқасының бірінші қатардағы пайдалану ұңғыларына дейінгі ара қашықтық қатарлар аралығын шоғыр кеңдігін және тағы басқаларын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет