Нег.: 1. [302-316], 2. [188-200], 3. [234-240]
Қос.: 7. [406-425]
Бақылау сұрақтары:
Ұңғының түп маңы аймағына ықпал ету әдісін таңдау неге байланысты?
Қандай қабаттарда, ұңғы түп маңы аймағын химиялық әдіспен өңдеу қажет?
Қандай қабаттарда, ұңғы түп маңы аймағын механикалық әдіспен өңдеу қажет?
Қабатты гидрожару үрдісінің мәні не де?
Гидрожару ұрдісі қанша кезеңнен тұрады?
Қандай жару сұйық түрлерін қолданады?
Қандай ұңғыларда көмірсутек негізді жару сұйықтарды қолданады?
№13-дәріс. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау
Мұнай ұңғыларының өнімі – мұнай, газ және жерасты қабатының суынан тұрады. Мұнай мен судың қуатты араласуынан қоспа эмульсия түзіледі. Судың өте ұсақ тамшылары мұнай ішінде араласып жүретіндіктен, олар бір-бірімен қосылып, тұнбаға түспейді.
Газ ұңғыларының өнімінде газдан басқа су тамшылары мен буы, ал газконденсат ұнғыларында мұнымен қоса, сұйық көмірсутектері де кездеседі. Газ бен сұйықтан басқа механикалық қоспалар да болады, олар жер асты қабатынан бірге шыққан құм мен саз балшық түйіршіктері.
Мұнай мен газды жинау, тасымалдау, бір-бірінен ажырату үшін сол сияқты бөтен қоспалардан бөліп алу үшін, мұнай өндірісі территориясында құбыр жүйелері, аспаптар, ғимараттар салынады. Олар төмендегідей қызметтер атқарады:
ұңғы өнімдерін жинау және өлшеу;
мұнайдан газды айыру;
мұнай мен газды судан және механикалық қоспалардан бөліп алу;
мұнайды жинау және өлшеу қондырғыларынан резервуарлар паркіне, ал газды компрессорлық стансияларға немесе газ тарату тораптарына тасу;
мұнайды сусыздандыру, кейде тұзсыздандыру мен тұндыру, оны тұрақтандыру, яғни одан көмірсутектерін шығару;
газ құрамынан керексіз қоспаларды шығарып алу;
мұнай мен газ өндіруді есепке алу және оларды көлік ұйымдарына табыс ету (өткізу).
Мұнай мен газ жинауда, тасымалдауда, өңдеуде белгілі бір үлгі жоқ. Жергілікті жағдайларға байланысты өзгеріп отырады, яғни кәсіпшіліктің географиялық орнына, ұңғылардың ара қашықтығына, өндірістің көлеміне, ұңғыларды пайдалану әдісіне, мұнайдың сапасына, оның сулылығына қарай үлгілер өзгеріп отырады.
Дегенмен, қазіргі жинау, тасымалдау, өңдеу үлгілері негізгі бір ортақ ережелерге – жеңіл фракциялардың ұшып кетпеуінен сақтандыру, мұнайдың атмосферамен жанасуын қадағалау, мұнайдан су мен газ және механикалық қоспалардың неғұрлым толық бөлінуін қамтамасыз етуіне сәйкес келу керек.
Бұл ережелерге белгілі бір аудандағы бір немесе бірнеше кен орындарға қызмет ететін мұнай жинаушы пункттерінде орталықтандырылған көпсатылы айырғышы бар арынды жүйелер сай келеді. Мұндай жүйесі бойынша ұңғы өнімдері мұнай сағасындағы қысым (0,6-дан 1,0 МПа және жоғары) әсерімен топтап өлшейтін айырғыш қондырғысы (ТӨАҚ) арқылы жинағыш коллекторға бағытталады, онан кейін мұнайды дайындау қондырғысымен (МДҚ), товар паркімен (ТП), кейде газ өңдеу зауытымен бір территорияда орналасқан орталықтандырылған айырғыш қондырғыға (ОАҚ) келіп түседі. ОАҚ-да үш немесе төрт сатыдан өтеді. Газ І сатыдағы айырғыштан өтіп, суытылғаннан кейін газ құбырына немесе тұтыну орындарына өз қысымымен жетеді, ал кейінгі сатыдан шыққан газ құбыр арқылы газ өңдеу зауытына (ГӨЗ) жеткізіледі.
1 суретте мұнай мен газды кәсіпшілік жолмен жинау үлгісінің бірі келтірілген, Бұл үлгіде болған жағдайда, мұнайды пайдалану мен кен орындарын игеру жағдайларына қарай өзгертуге немесе бейімдеуге болады. Мысалы, оны суланған және сусыз мұнайларды, сапасы әр түрлі мұнайдарды жинап, жеке каналдармен жіберуге болады немесе газды дайындайтын қондырғыларды қолданып, ұнғыларды газлифтілі тәсілінде пайдалануға болады және т.б. Үлгі бойынша, мұнай ұңғыдан 1, мұнай мен газ шығымын жеке өлшейтін топтама қондырғысына 2, құбыр арқылы бағытталады. Бір ұңғының шығымын өлшеу үшін, өзге ұңғылардың өнімдерін басқа айналып кететін құбырлар арқылы жинағыш коллекторға жіберіледі, одан әрі мұнай мен газдың қоспасы айырғыш қондырғыға 3 немесе сораппен сығу стансияларына (ССС-ға) бағытталады. Соңғы айырғыштарға мұнайды жеткізу үшін қысым жеткіліксіз болғанда ғана ССС қолданылады.
1 сурет. Мұнай мен газды кәсіпшілікте жинау және дайындау жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |