Нег.: 1. [200-219], 2. [153-166], 3. [142-162]
Қос.: 5. [230-236], 5. [249-251]
Бақылау сұрақтары:
Қандай энергия арқылы ұңғылар фонтандайды?
СКҚ (НКТ) дегеніміз не?
СКҚ не үшін тағайындалған?
Фонтанды ұңғы жабдықтарының негізгі элементері қандай?
Ұңғы фонтандау үшін қандай шарт орындалу керек?
Фонтандық арматура не үшін керек?
Фонтандық арматураның қандай түрлері бар?
Штуцер не үшін керек?
Газлифтілі пайдаланудың артықшылығы мен кемшілігі?
Тәжіребиде көтергіштердің қандай түрлері қолданылады?
Комрессорсыз газлифтілі әдіспен пайдалану дегеніміз не?
Мезгіл-мезгіл газлифтілі әдіспен пайдалану дегеніміз не?
Қандай кен орнында (кеніште) ұңғыны газлифтілі әдіспен пайдалану қажет емес?
№11- дәріс. Терең сорапты қондырғымен пайдалану тәсілі.
Қондырғы (1 сурет) поршенді сораптан-2, тербелмелі станоктан-15, плунжерды (поршенды) тербелмелі станокпен байланыстырып тұратын штангілер тізбегінен-4 және ұңғы ішіне құйылған сұйықты жер бетіне шығаратын (СКҚ-сорапты компрессорлы құбырлар) құбырлар тізбегінен-5 тұрады. Электроқозғалтқыш-14 редуктор-13 өсіне орнатылған кривошиптің-12 айналуына қызмет етеді және одан әрі балансир-10 шатунының-11 көмегімен арқанды алқа-9 арқылы балансирдің басына ілінген штангілер тізбегінің-4 тік бағытта жоғарылы-төменді жүріс қозғалысын тудырады. Плунжердің жоғары қарай жүрісі кезінде айдау клапаны-3 жабылады да, плунжер үстіндегі сұйық оның жүріс ұзындығы бойымен жоғары көтеріліп үш жақты құбыр-6 (тройник) арқылы жинау тораптарына түседі. Сораптың сорғыш клапаны-1 ашылады да, ұңғыдағы сұйық сораптың цилиндріне құйылады. Плунжер мен штангінің төмен қарай жүрісі кезінде сорғыш клапаны-1 жабылады да, сұйық бағанасының әсері құбырларға беріледі. Бұл кезде айдау клапаны-3 ашылады да ұңғыдағы өнім плунжер үстіндегі кеңістікке қарай ағады. Одан әрі жоғары қарай плунжер жүрісінің жаңа циклі басталады. Штангіні арқанды алқамен-9 жалғастыратын жылтыратылған штоктың-8 жоғарылы-төменді жүріс қозғалысы кезінде саға арматурасын саңылаусыздандыру (герметизациялау) үшін сальник-7 қарастырылған. Станоктағы күштердің теңсіздігін реттеу үшін тербелмелі-станок балансирлі-16 және роторлы-17 жүктермен теңгеріледі.
1 сурет. Терең сорапты қондырғының схемасы.
Егерде газ бен сұйықтың шығып кетуі болмаса, онда плунжердің жүріс ұзындығы мен жылтыратылған штоктың тепе-тендік жағдайында сораптың теориялық тәуліктік сұйық бергіштігі Qт, плунжердің жоғары қарай жүрісі кезіндегі жалпы көлемге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |