Рж = (1,5-2,5)Н/100 , МПа
(мұндағы: Н – ұнғы тереңдігі, м.)
Газды қабаттарды жарғанда, қабатқа тұтқыр мұнайды енгізген қолайсыз, себебі оларды газ қабатының қуыстарынан шығару қиын. Мұндай қабаттарды сумен жаруға болады, бірақ бұл кезде оны ұңғыға айдау қарқыны жоғары болуы керек (100-120 дм3/с және жоғары).
Құмтасығышсұйық құмды аспалы күйде ұстап тұру керек. Бұған оның тұтқырлығын көтеру арқылы қол жеткізіледі. Кейде құмтасығышсұйық тұтқырлығы 1 Па*с дейін жетеді.
Соңғы кезде қабаттарды гидрожаруға ең тиімдісі тұтқырлығы аз сүзілетінсұйық деп саналады, өйткені қабат бұл кезде бөтен заттармен ластанбайды, ал оларды құбырлармен айдау қысымы жоғары емес. Бұл жағдайда түптегі қысым тез өседі және жарық пайда болғаннан кейін де жоғары деңгейде сақталады, нәтижесінде жарықтар жақсы ашылады және құммен толтырылады.
Қабаттарды жару кезінде, тұтқырлықтың көтерілуі де, сұйықтардың сүзгіштігінің азаюы сияқты оларға сәйкес қосындылар еңгізу арқылы болады. Қабаттарды жару кезінде, қолданылатын көмірсутекті сұйықтар үшін қоюлатқыштар болып органикалық қышқылдардың тұздары, мұнайлардың жоғары молекулалық және коллоидтық ерітінділері (мысалы, мұнай гудроны және мұнай өңдеудің басқа да қалдықтары) табылады.
Карбонаттық коллекторларды жарғанда қолданылатын кейбір мұнайлардың, керосин-қышқылды және мұнайқышқылды эмулсияларының тұтқырлығы едәуір және құмтасығыштық қабілеті жоғары. Оны, сұйықтар мұнай ұңғыларында қабаттарды жарғанда, жару сұйығы және құмтасығыш-сұйық ретінде қолданылуда.
Су айдау ұңғыларында қабаттарды жаруға көмірсутек негізді жару сұйықтары мен құмтасығышсұйықтарды қолдану судың көмірсутектермен қоспасы түзілуі нәтижесінде жыныстар өткізгіштігінің су үшін айдау ұңғыларын қоюлатылған сумен жарады. Қоюлату үшін сульфит-спирт бардасы (ССБ) және т.б. суда жақсы еритін туынды целлюлюзалар қолданылады.
Жарықтарды толтыруға арналған құм келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
сыртқы қысым әсерінде жоғары өткізгіштікті сақтау керек.
Ірі түйіршікті, жақсы жұмырланған және механикалық беріктігі жоғары, гранулометриялық құрамы біртекті құм бұл талаптарды қанағаттандыра алады. Түйіршіктер өлшемдері 0,5-1,0 мм. таза кварц құмы ең көп қолданысқа ие. Терең ұңғыларда құм орнына арнайы түйіршікті материал (корунд) қолданылады.