Студенттің ПӘндік


Нег.: 1. [317-326], 2 [210-215], 3. [250-276]



бет24/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij

Нег.: 1. [317-326], 2 [210-215], 3. [250-276]
Қос.: 5. [393-421]
Бақылау сұрақтары:

  1. Айырғыштар (сепараторлар) не үшін тағайындалған?

  2. Эмульсия дегеніміз не?

  3. Айырғыш қондырғыларынан кейін, мұнайдан айырған газ қайда кетеді?

  4. Мұнайдан айырған су қайда кетеді?

  5. Деэмульсациялау жылулық тәсілімен дегеніміз не?

  6. Электрлі тәсілімен деэмульсациялау дегеніміз не?

  7. Химиялық тәсілімен деэмульсациялау дегеніміз не?

  8. Газды құрғату не үшін керек?

  9. Қандай газды құрғату тәсілдері бар?

14- дәріс. Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау.

Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін:



  • теміржол;

  • су көлігі;

  • құбыр жолы;

  • автокөлік қолданылады.

Кейбір жағдайларда, олар ұшақпен және тікұшақпен де тасылады.
Теміржолмен тасымалдау. Мұнай және мұнай өнімдерін теміржол арқылы әрқашанда вагон-цистерналармен тасиды. Өнімнің аз ғана бөлігін (2%-тей) ұсақ ыдыстармен (бөшкелер, контейнерлер, бидондар, баллондар) тасуға болады.
Вагон-цистерна – болаттан жасалған көлденең цилиндр. Жүк көтергіштігіне қарай олар екі немесе төртбілікті болып келеді.
Сумен тасымалдау. Су көлігімен (теңізбен, өзенмен шикі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизел отынын, мазутты т. б.) өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін (лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасымалданады. Мұнай және мұнай құйғыш кемелермен – теңіздік және өзендік танкерлермен, баржалармен (өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін) тасымалданады. Теңіз үстінде өздігінен жүретін мұнай құйғыш кемелер танкерлер деп аталады (оның жүк көтергіштігі 50 т, одан да көп), өздігінен жүрмейтін кемелер теңіз баржасы, не лихтерлер деп аталады. Лихтерлер, жүк көтергіштігі 10 мың тн. және одан да артық, мұнай өнімдерін алыс қашықтарға тасымалдауға арналған және танкерлер жағаға жақындап келе алмайтын болғанда, құю-қотару қызметтерін атқаруға арналған. Құю-қотару операциялары лихтерлерде, қалқитын сорап стансияларында орналасқан сораптар көмегімен жүреді.
Автокөлікпен тасымалдау. Автокөлік мұнй өнімдері ірі мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады. Автокөлік мұнай өнімдерін тарату базасынан тікелей тұтынушыға жеткізу үшін қолданылады.
Мұнай өнімдерін теміржолмен, не су жолымен жеткізудің мүмкіншілігі жоқ аудандарға автокөлік толық пайдаланылады.
Мұнай өнімдерін таситын автоцистерналар мынадай құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек:

  • мұнай өнімін құюқа арналған келте құбыр;

  • тыныс клапаны;

  • деңгейді көрсеткіш;

  • отын құйғыш ысырма;

  • ұштары бар екі шланг;

  • механикалық жетегі бар сораптар.

Құбырмен тасымалдау. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаудың ең тиімді көліктің түрі, құбыр көлігі болып табылады. Оның мынадай артықшылықтары бар:

  • өнімді жіберіп тұрудың үздіксіздігі;

  • өнімді алыс жерлерге тасудағы өзіндік құнының төмендігі;

  • автоматизациялау үшін, кең мүмкіндіктер;

  • тасымалдаудағы шығынның аздығы;

  • егер тиімді болса, құбырды ең қысқа жолмен өткізу мүмкіншілігі.

Өнімдерді едәуір қашықтыққа айдайтын құбырларды магистралдық деп атайды. Магистралдық құбыр мынадай бөліктерден тұрады:

  • құбыр;

  • бір немесе бірнеше сорап стансиясы;

  • байланыс құралдары.

Магистралдық құбырлар келесі көрсеткіштермен сипатталады: ұзындығы, диаметрі, өткізгіш қабілеттілігі, айдайтын стансиялар саны. Ұзындығы 1000 км-ге жететін және одан асатын қазіргі магистралдық құбырлар дегеніміз – жеке көлік өнеркәсібі. Олар аса қуатты негізгі және аралық айдайтын стансиялары бар кешенмен жабдықталған, түрлі өндірістік және көмекші ғимараттары бар, құйғыш станциялармен жабдықталған. Олардың өткізгіш қабілеті жылына 50 млн. т. Мұндай құбырлардың шартты диаметрі 500, 700, 800, 1000, 1200, 1400 мм. болатын жасалады.
Мұнай және мұнай өнімдерін, алысқа жібергенде, құбырда пайда болатын едәуір гидравликалық кедергіні женуге тура келеді. Сондықтан бір сорап стансиясы берілген қысымда айдаудың қалыпты режимін қамтамасыз ете алмаған жағдайда, құбырдың бойына бірнеше сорап салынады. Құбыр көлігі тиімділігімен қатар, табиғат жағдайларынан тәуелсіз болатындықтан, жыл бойы жұмыс істей береді, бұл басқа көлік тұрлеріне қарағанда өте пайдалы. Айдау принципіне қарай, іс жүзінде екі түрлі жүйе қолданылады: подстансиялық және транзиттік.
Айлаудың подстансиялық жүйесі бойынша, мұнай және мұнай өнімдерімен, әуелі аралық стансиялардың резервін толтырады, содан кейін келесі стансияларға жіберіледі (1, а-сурет). Егер стансияда бірнеше резервуарлар бар болса, өнім айдау үзіліссіз жүріп тұрады; бір резервуарға өнім келп түсіп жатса, екіншісі құбырдан кетіп жатады.



1 сурет. Мұнай айдау жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет