Кокстау дегеніміз –ол ауыр мұнай қалдықтарының термиялық крекингі жасау. Кокстау мұнай коксын алу үшін ( р—0,1—0,4 МПа және t=450—550°С) немесе ақшыл мұнай өнімдернің шығуын көбейту үшін қолданылады.
Кокстауға шикізат ретінде мұнайдың ауыр қалдықтары алынады. Олар, мазуттар және бастапқы ажыратудан өткен гудрондар, крекинг қалдығы, майлау өндірісінде қондырғыны тазартқаннан қалған асфальттар, пиролиздің шәйірлері және басқалары. Шикізаттың құрамынан, оның сапасынан және үрдісті жүргізу жағдайларына алынып отырған өнімнің сапалы болуына байланысты. Кокстау нәтижесінде тауарлы мұнай коксын, газ, бензин және керосинді газойлды фракциялар алады
Пиролиз –температурасы 750-900° С аралығында өнеркәсібіне алу мақсатымен жүргізілетін термиялық крекинг. Пиролиз жасау үшін керекті шикізаттар: газдарда (табиғи, тұрақты қондырғылардан алатын мұнайлы газдар) жиналатын жеңіл көмірсутектер, бастапқы айырудан өтетін бензиндер, термиялық крекингтен өткен керосиндер, газойлы керосинді фракциялар және т.б. Пиролизге сұйық және тәрізді мұнай шикізаты ілінуі мүмкін.
Каталитикалық риформинг және каталитикалық крекинг. Жоғары температурада (440-5000С) және азғана қысымдарда (0,15 МПа-ға дейін) алюмосиликатты катализаторларының қатысуымен мұнай фракцияларының ажырату үрдісі каталитикалық крекинг деп аталады.
Мұнай шикізатының каталитикалық крекингі кезінде жүретін реакция негізінен термиялық крекинг жүретін реакцияға ұқсас болады. Бірақта, катализаторларды қолдану, үрдістің сипатын айтарлықтай өзгертеді.
Катализатор. Дегеніміз химиялық реакцияларды жандандыратын заттар.
Катализаторлы крекингтің шикізатты көбінесе газойл фракциялары (атмосфералық және вакумды айырудан) болып табылады, кейде термиялық крекинг өнімдері (керосин-газойлды фракция) және мазут пен гудрондардың кокстенуі.
Каталитикалық крекинг үрдісінде газ, бензин, жеңіл газойл, ауыргазойл және кокс алынады. Бұл өнімдердің сапасы берілген шикізаттың сапасына қолданатын катализатордың технологиялық схемасына және үрдістің параметрлеріне байланысты болады.
Крекингтің катализаторы ретінде қолданатын негізгі компоненттер жоғары қуысты заттар (глинозем мен кремнозем). Олардың өзара әсер етуі кезінде, алюмосиликаттар пайда болады. Мұнай катализаторларын алюмосиликатталған деп атайды.
Крекингтt табиғи және синтетикалық катализаторларын қолданады. Табиғиларын табиғи саз балшықтан дайындайды, бірақта олардың әсері аз болғандықтан көбінесе синтетикалық катализаторларды қолданады (алюмосиликатты және цеолитті).
Катализатор, бөлшегінің пішіні бойынша, мынандай болып келеді:
домалақты (домалақ диаметрі 3-6 мм);
микросфералық (домалақтың диаметрі 20-150 мкм);
шаң тәріздес (ұсақ бөлшектер диаметрі 1-150 мкм).
Каталитикалық крекингтің технологиялық үрдісі жалпы түрде мынандай болады. Алдын ала қыздырылған катализатор реакциялық камераға беріледі, оған шикізат буы түседі. Бұл жерде крекинг үрдісі жүреді. Бұл кезде катализатор кокстелінеді және оны реакция аймағынан шығарып регенераторға бағыттайды. Онда кокс жағылады, катализатор өзінің бастапқы қасиеттерін қалпына келтіреді және бір уақытта қыздырылады. Осыдан кейін оны қайтадан реакциялы камераға жібереді.
Каталитикалық крекинг қондырғыларының әртүрін ажыратады.
Тұрақты (қозғалмайтын) катализатор қондырғылары. Мұндай қондырғыларға, шикізат катализатор толтырылған реактор арқылы келеді. Жұмыс кезінде катализатор кокстеледі, оның әрекеттілігі төмендейді және шикізат басқа реакторға түседі, ал бірінші реакторда катализатордың регенерациясы жүреді. Осылайша, реакторлар мезгіл-мезгіл жұмыс істейді. Бұл қондырғылар кең таралмаған.
Жылжымалы домалақты катализатор қондырғылары. Мұндай қондырғыларда, шикізат ағыны домалақты катализатормен бірге реакторға түседі. Коксталған катализатор реактордан шығарылып, басқа аппарат регенераторға жіберіледі. Онда регенацияланады. Жылжымалы катализаторы бар қондырғылар кеңінен таралғандардың бірі.
Майда дисперсиялы катализатордың қайнап тұрған қабатшасымен каталитикалық крекинг қондырғылары. Бұл үрдіс кезінде, шаң тәрізді катализатор өзін қайнайтын сұйық сияқты ұстайды. Шикізат шаң тәрізді катализатормен араласады. Оның бетінде реакция жүреді, содан кейін кокстенген катализатор регенераторға түседі. Бұл жағдайда, шикізаттың катализаторымен ең жақсы түйсіуі қамтамасыз етіледі.
Каталикалық реформинг. – бұл бензиндердің октанды санын жоғарылататын және арнайы катализатормен, сутегі қысымымен және жоғары температура әсерінен мұнай шикізаттынан жеке ароматты көмірсутектерді (бензол, толуол және ксилол) алу үрдісі. Бұл үрдіс кезінде бензин молекуласының құрылысы өзгереді, олардың қайнау температурасы төмендейді.
Кәсіпшілік жағдайларында каталикалық рефорлингтің кезінде екі жүйесін қолданады.
5000С температурада және 2-4 МПа қысым кезінде сутегінің айналуынан алюмоплатинді катализаторының қозғалмайтын қабатшасындағы платформинг.
480-5500С температурада және 1,5-2,5 МПа қысым кезінде алюмолибден катализаторының қайнап тұрған қабатшасындағы гидроформинг.
Каталикалық реформингтің шикізаты ретінде кокстену және термиялық крекинг, тікелей айырудың төмен октанды бензин фракциясы жатады.
Рефоминг нәтижесінде, келесі өнімдер алынады:
жоғары октанды бензин (негізгі өнім),
газ,
полимерлер және кокс (қосалқы өнімдер).
Жеке ароматты көмірсутектер алу үшін, санаулы бензинді фракция қолданады.
Каталикалық рифомингтің шикізат ретінде қолданатын бензинде фракциялардың әртүрлі қайнау шегі бар. Мысалы, егерде 85-1800С немесе 105-1800С-дегі фракцияны қолданса, онда аса жоғары октандыбензин алады, ал егерде 60-850С фракциялы болса бензол, 85-1050С толуол, 105-1400С болса ксилол.
Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде, табиғи және мұнай болып бөлінеді.
Табиғи газдарға – газ және газ конденсатты кен орындарының газдары. Газ кен орындарының табиғи газдарында ауыр көмірсутек өте аз болады, ең көп тараған метан (93-98%), сондықтанда оларды отын энергетикалық қажеттерге жұмсайды.
Газ конденсатты кен орындарының газдары негізінен метаннан тұрады. Бірақ, жоғары температурада қайнайтын компонентер де болады. Олар қысым төмендегенде конденсатқа айналады.
Конденсатты газ өңдеу немесе мұнай өңдеу зауыттарында өңдеуден өткізгенде сұйытылған газ, бензин және дизел жанар майларын алады.
Мұнай газдары көп мөлшерде пропаннан, бутаннан және бензин фракциялы көмірсутерден құралған және аз мөлшерде метаннан тұрады. Метан газ өңдеу зауытының негізгі шикізаты болып есептеледі.
Көмірсутекті газдарды өңдеу тәсілдері. Мұнай газдарын өңдегенде, одан бензин, сұйытылған газ және жеке көмірсутектерді алады.
Газды механикалық қосындылардан тазарту үшін, конструкциясы әр түрлі сепараторларды пайдаланады. Оның жұмыс істеу реті мынандай: газдың қозғалу жылдамдығын азайтқанда, ағынның бағытын өзгертіп немесе ортадан тепкіш күш пайда болғанда газдан құм, шаң, ылғалдық тамшылары, май және конденсат бөлініп шығады. Кейбір кен орындарының газдарында көп шамада күкірт қосылыстары болады, оның ішіндегі ең негіздісі күкіртті сутегі. Олар коррозиялық заттар туғызады. Ол өте улы. Газ күкірт қосылыстарынан арнайы қондырғылармен тазартылады.
Газ күкіртсутегінен тазартылып болғаннан кейін келесі өңдеу сатысына көшіп бензиннен ажыратады.
Газды бензиннен ажыратудың тәсілдері:
Компрессорлы тәсіл . Газды компрессордан шығарып, содан кейін оны суытады. Нәтижесінде газдың құрамындағы көмірсутегінің көптеген ауыр бөлігі сұйық күйге айналып, сепараторларда конденсатқа айналмаған газдарды ажыратады. Компрессорлық тәсілде құрамында көп пропан, бутан, және басқада ауыр көмірсутектері бар майлы газдардан бензинді ажырату үшін қолданылады.
Абсорбциялық тәсіл. Оның негізгі маңызы газ құрамында болатын ауыр көмірсутектерді сұйық мұнай өнімімен (мыс. керосинмен) ерітуде. Арнайы абсорбер деп аталатын колоннада абсорбентпен өңделетін газды байланыстырады. Бұл кезде жұтатын сұйықтықты (абсорбент) колоннаның жоғарғы бөлігіне береді: сұғындырма немесе тарелка бойынша төмен қарай аға отырып, абсорбент бірнеше қайтара төменнен жоғары қарай жүріп келе жатқан газ ағынымен араласады. Көмірсутектермен байыған абсорбент колонналық төменнен десорбцияға жетіледі, бұл кезде конденсациядан кейін тұрақсыз бензин түзетін, алынған көмірсутектер одан буланады. Регенерацияланған абсорбент суытылады да қайтадан пайдаланылады. Адсорбциялық тәсіл қатты қуысты материалдардың (адсорбенттері) бу мен газды жұту (абсорбтеу) қабілеттігіне негізделген. Газды адсорбентпен, мысалы: әрекеттелген көмірмен толтырылған цилиндрлі аппарат – адсорбер арқылы өткізеді. Абсорбент газдан ауыр көмірсутектерді жұтады және уақыт өтуіне қарай олармен қанығады, жұтылған көмірсутектерді алу және адсорбциялайтын қабілетін қалпына келтіру үшін, қаныққан адсорбентті өткір су бу қоспаларын суытады және сұйық түрге айналдырады. Алынған тұрақсыз бензин суды тұндырған кезде жеңіл бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |