Студенттің ПӘндік


Нег.: 1. [124-126], 2. [130-135], 3. [25-28]



бет13/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Нег.: 1. [124-126], 2. [130-135], 3. [25-28]
Қос.: 5. [7-14]
Бақылау сұрақтары:

  1. Мұнай мен газдың қабатта қозғалуына, қандай күштер әсер етеді?

  2. Мұнай мен газдың қабатта қозғалуына, қандай күштер қарсы әсер етеді?

  3. Кеніштің игеру режимі дегеніміз не?

  4. Қандай игеру режимінде қабат қысымы түспейді?

  5. Қабаттың мұнай бергіштік коэффициенті дегеніміз не?

  6. Қанша игеру режимі бар?

  7. Газ факторы дегеніміз не?

  8. Мұнай бергіштік коэффициенті, қандай игеру режимінде ең жоғары?

  9. Қабаттың серпімділік қасиеттерін, қандай игеру режимінде ескеру керек?

  10. Қабат қысымды ұстауда жасанды әдісін қандай игеру режимінде

  11. пайдалану қажет?

2 – Модуль


8-дәріс. Мұнай және газ кен орындарын игеру.




Игеру объектісі – Кен бойынша белгілі топ ұңғыларды және өндірістік көмірсутектер қоры бар геологиялық құрылымды (қабат, массив, жиынтық қабаттар) жер қойнауынан бөліп қарастыруды айтамыз. Егер, кен шегіндегі барлық қабаттарды объектіге біріктірсе; объект және кен орны деген түсініктеме бір мағыналы болады.
Көп қабаттарды, бір объектіге жатқызсақ, метал, құбыр және басқа материалды үнемдеуге мүмкіншілік береді. Бірақта, басқа жағынан қабаттардың саны көбейген сайын технологиялық жағдайды қарастырғанда, әрбір жеке қабаттан мұнай өндіру үрдісі қиындай бастайды және көп жағдайда мұнай объектісінің бергіштігі өте жылдам төмендейді.
Объектілерді айырып қарастырғанда келесі мәліметтерді ескеру керек:
1. Жыныс – коллекторлардың геологиялық, физикалық қасиеттері. Қабаттардың қасиеттерінің орташа параметрлері бірдей және төселген көлемі, бір жерде орналасқан бір игеру объектісіне кірістіруге болады. Өнімділігі мен қабат қысымының өзгеруі, қабатты игеру әдісі, мұнай қорының игеру жылдамдығы және ұңғылар өнімдерінің сулануы объект қабатшаларында әртүрлі болады. Бұның бәрі объект бойынша жалпы мұнай бергіштікті азайтады.
2. Мұнай, су және газдардың физикалық, химиялық қасиеттері. Мұнайлар қасиеттері бірдей емес қабаттарды бір объектіге біріктіру орынды болмайды, өйткені өнім алу үшін өндіру технологиясында, ұңғы орналастыру сызба нұсқасы және олардың сандары әртүрлі болу керек. Мұнайдың компоненттік құрамдары, жеке қабаттарды игергенде бөлек объект деп өзін жеке қарастыруға себеп болуы мүмкін. Осы мәселені шешуге қабат суларының физикалық, химиялық қасиеттерінің елеулі мәні бар. Мысалы, қасиеті белгілі қабат суын, қабат ішіне су ендіргенде, химиялық реакциялар болуы мүмкін, олардың нәтижесінен сұйықтықтардың сүзгілік шарттары кемиді.
3. Көмірсутектердің фазалық жағдайлары және қабаттар режимі (тәртібі). Геология-физикалық қасиеттері ұқсас екі қабатты алсақ, оның біреуінің көлемі үлкен, газ бұркімбесі болса, екіншісінде серпімді суарынды режим болады. Мұндай жағдайда, оларды, бір объектісіне бірік-тіру нәтижелі емес, өйткені оларды игеруде ұңғыны орналастыру схемасы және мұнай мен газ өндіру технологиясы әртүрлі болуы қажет.
4. Ұңғылардың техникасы мен технологиясы. Бірнеше қабатты бір игеру объектісіне біріктіру, ұңғыдағы сұйықтарды жоғары көтеруіне қолданатын қазіргі ұңғы, құралдары және пайдалану технологиясы қамтамасыз ете алмайды (тіпті пайдалануға болмайды).
Игеру объектілер өзінше бөлек және қайтару объектілер болып бөлінеді. Қайтару объектілердің өзінше бөлек объектілерінен айырмашылығы алдын ала ұңғылар мен басқа бір объектіні игеруді деп ұйғарылып сосын керек кезде қажетті объектіге көшу.
Игеру жүйесі – деп келесі инженерлік шешімдердің жиынтығын атаймыз: объектілерді сайлау және оларды игеру ретін белгілеу; негізгі және резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санының, ара қатынасы мен орналасуын анықту; жер қойнауынан мұнай мен газды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал жасау әдісін дәлелдеу; игеру үрдісін басқару (меңгеру), және бақылау әдістерін анықтау; жер қойнауын және айналадағы ортаны қорғау.
Жер қойнауынан мұнайды шығару технологиясы, қабат ішіндегі мұнай мен газдарды қозғалтатын механизмімен анықталады. Табиғи жағдайларда, бұл газ бүркемесіндегі немесе мұнайдан бөлінген газбен су мұнайды ығыстырады. Игеру технологиясының тиімділігі, мұнай қорының өндіру толықтығымен сипатталады. Қабаттың мұнай бергіштігін көбейту мақсатымен, оларға әртүрлі ықпал жасау әдістерін қолданады. Олар: суды, газды, әртүрлі химияалық реагенттерді және жылу тасушыларды айдау; қозғалмалы жану фронтын тудыру т.б. әдістер арқылы жүзеге асады.
Мұнай кен орнын игеруді реттеу - өнімді қабаттан пайдалану ұңғысы түбіне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдісін басқару. Оның мақсаты, әрбір қабаттан және кен орны бойынша, игерудің әрбір сатысында, барынша көп мұнай өндіру болып табылады.
Мұнай өндірудегі барлық технологиялық операциялар, мұнай өндіруді көбейтуге және игеруді реттеу мақсаттарын шешуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет