Студенттің ПӘндік


Нег.: 1. [59-72], 2. [43-63]



бет9/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Нег.: 1. [59-72], 2. [43-63]
Қос.: 8. [30-102]
Бақылау сұрақтары:

  1. Ұңғы дегеніміз не?

  2. Керн не үшін керек?

  3. Мұнай өндірісінде қандай бұрғылау тәсілі қолданбайды және не үшін?

  4. Шеген құбырлары не үшін керек?

  5. Ұңғының конструкциясы дегеніміз не?

  6. Айналмалы бұрғылаудың соққыламаға қарағанда артықшылығы не де?

  7. Қашаулардың түрлері.

  8. Жуу сұйықтары не үшін тағайындалған?

  9. Кондуктор дегеніміз не?

  10. Роторлық бұрғылаудың түптік қозғалтқышпен бұрғылаудан

  11. қандай айырмашылығы бар?

5 –дәріс. Ұнғыны аяқтау (бірінші үш жұмыстары). Өнімді қабатты бұрғылау және зерттеу. Ұңғы түп бөлігінің конструкциясын таңдау.
Ұнғыны бұрғылау және оны пайдалануға өткізу аралығында бірқатар жұмыстар жүргізіледі. Олар:
1) өнімді қабатты бұрғылау;
2) өнімді қабатты зерттеу;
3) ұңғы түбіндегі бөлігінің конструкциясын таңдап алу;
4) ұңғы сағасын жабдықтау;
5) пайдалану тізбегін өнімді қабатпен қатынастыру (перфорация);
6) өнімді қабаттан мұнай немесе газды шақыру және ұңғыны пайдалануға өткізу.
Бұл аталған жұмыстардың дұрыс орындалуына ұңғы шығымы, оның тиімділігін, сонымен қатар пайдалану барысындағы жөндеу аралық кезеңмен тікелей байланысты.
Өнімді қабатты бұрғылау. Ұңғыны игеру және пайдалану барысында жаңа жағдай тұрғызу үшін бұрғылау кезінде мұнай немесе қабаттарының коллекторлық қасиеттерін мүмкіндігінше бұзбауға тырысу қажет. Сонда ғана өнімді қабаттар бұрғылаудан кейін табиғи күйінде қалып, одан мұнайгаз өнімдерін мүмкіндігінше көп алуға болады. Өнімді қабаттарды ашар алдында оның коллекторлық қасиеттерін бұзу себептері мұқият анықталуы тиіс.
Қабат өнімділігін төмендету себептері көп және олар жеткілікті анықтала қойған жоқ. Солардың бірі қабатқа бөтен сұйықтар мен бұрғыланған тау жыныстары бөлшектерінің енуі.
Ұңғыны бұрғылау барысында жуу сұйығы ұңғы ішіндегі гидростатикалық қысым қабат қысымынан жоғары болатындай етіп алынады. Су негізді жуу сұйықтары қолданған жағдайларда, су қабатқа сүзіліп өтеді. Сүзіліп өтетін судың көлемі жуу сұйығының су беру қасиетіне, қабаттың жарықшақтылық дәрежесіне және гидростатикалық қысым мен қабат қысымдарының айырмашылығына байланысты.
Судың ұңғы түбінің өткізгіштігі мен ұңғыны пайдалану үрдісіндегі зияндылығы көптеген зерттулер арқылы анықталады.
Судың өтуі арқылы ұңғы түбінің өткізгіштік қасиетінің төмендеу себептері бірнеше. Солардың бірі қабат қуысындағы капиллярлық қысымның әсері. Ол сүзіліп өткен су әсерінен байқалады. Лаплас заңы бойынша капиллярлық қысым беттік тарау күшіне тура пропорционалды және капилляр радиусына кері пропорционалды.
Қабаттан суды ығыстырып шығару барысында қабат қысымынан төмен қысым қажет. Бірақ қысым түсіргеннен бірінші судан кең кеуек арналары босайды да, ал тар кеуектерде су қалып қояды. Мұнай кедергісі аз арналар судан босаған кең кеуек арналары бойынша қозғалады да, тар арналар мұнай ағып өту үшін жабық қалады. Ұңғы төңерегінде қабат арналары арқылы мұнайдың өтуіне кедергі болатын өзінше су кедергісі пайда болады.
Қабат өткізгішінің төмендеудің тағы бір себебі қабатқа жуу сұйығының сүзіліп өту салдарынан шөгінділердің пайда болуы. Бұл қабат суларымен сүзіліп өткен судағы ергіш тұздардың өзара әрекеттері салдарынан болады. Шөгінділер өнімді қабаттардағы кеуектерді бітеп, оның коллекторлық қасиетін нашарлатады.
Өнімді қабат коллекторлық қасиетін төмендетуші себептердің барлығын түзету мүмкін емес. Бірақ олардың қабатқа кері әсерін төменгі шараларды қолдану арқылы азайтуға болады:
1. Өнімді қабатты бұрғылау кезінде қабатқа ері қысымды мүмкіндігінше азайту қажет.
2. Өнімді қабатты бұрғылау, зерттеу, пайдалану тізбегін түсіру, цементтеу алдын-ала жасалған жоспар бойынша тез жүргізілуі қажет.
3. Өнімді қабаттарды ашуда су бергіштігі төмен жоғары сапалы сазбалшық ертінділері немесе көмірсутек негізді жуу сұйықтарды қолдану қажет.
Өнімді қабатты зерттеу. Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеті, орналасу жағдайы, пайдалану сапасы, зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін анықталуы мүмкін. Пайдалану ұңғыларында өнімді қабаттарды бұрғылауда, бұрғыланған тау жыныстары шламын, геофизикалық зерттеулер нәтижелерін қолдану жеткілікті. Барлау ұңғыларында өнімді қабат жетік зерттеледі, сондықтанда жүргізілетін зерттеу жұмыстары көп.
Барлау ұңғыларында өнімді қабат тек колонкалық қашаулармен бұрғыланады. Бұл алынған керн материалдары бойынша қабаттың орналасу жағдайы, литологиялық және физикалық сипаттамаларынан толық мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Өнімді қабат бұрғыланып болғаннан кейін ұңғыда толық геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Дегенмен, геологиялык және геофизикалық зерттеу әдістері өнімді кешендерден өндірістік маңызын анықтауға мүмкіндік бермейді, өйткені ол кезде қабаттың мұнай бергіштігі жөнінде толық мәліметтер болмайды. Тек арнайы сынауыш аспаптар көмегімен жүргізілетін сынау аралықтарын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Ұңғы түбінің конструкцияcын тандап алу – қабаттың литологиялық физикалық қасиеттеріне, орналасу орнына, өніміді қабаттан жоғары немесе төмен сулы қабаттардың орналасуына басқада көптеген факторларға байланысты іске асырылады. Бұрғылау практикасында ұңғы түбінің төмендегідей конструкциялары қолданылады.
1) Ұңғыны өнімді қабат жабынына дейін бұрғылап пайдалану тізбегін түсіріп цементтейді.

1- сурет. Ұңғы түбінің конструкциясы
1 - пайдалану тізбегі; 2 – цемент ерітіндісі; 3 – сүзгі-хвостовик;
4 – сүзгі пайдалану тізбегінің жалғасы; 5 – манжет отырғызу орны;
6 – сальник.
Цементтеу тығынын тірек сақинасы бұрғыланады да, ұңғы өнімді қабат табанына дейін тереңдетіледі. Егер қабат тұрақты тау жыныстарынан тұратын болса, ұңғы оқпанын ашық қалдырған жөн (1, а сурет). Егер қабат борпылдақ тау жыныстарынан құралса, пайдалану тізбегіне құм кірмес үшін өнімді қабатқа қарсы сүзгі қойылады, 1, б суретте пайдалану тізбегінің төменгі шетіне ұсынылатын сүзгі-хвостовикті пайдалану көрсетілген. Кейде сүзгінің басқа түрі қолданылады (1, в сурет).

2 сурет. Пайдалану тізбегі цементтелінген ұңғы түбінің конструкциясы.


1 – мұнайлы қабат; 2 – газды қабат; 3 – сулы қабат;
4 – пайдалану тізбегі; 5 – сүзгі – хвостовик; 6 – пакер;
7 – перфорацияланған тесіктер.
Бұл жағдайда өнімді қабат, одан жоғары аралықта бұрғыланған қашау диаметрімен бұрғыланадыда, пайдалану тізбегі сүзгімен түсіріліп, қабат жабынынан жоғары манжеттік тәсілмен цементтелінеді. Екі жағдайда (1, б, в сурет) метал-керамика, құм-пластмасса немесе іріқұмдақ сүзгілер қолданылуы мүмкін.
Бұл аталған ұңғы түбінің конструкциялары өнімді қабаттан жоғары және төмен сулы қабаттар кездесетін жағдайларда қолданылады.
2) Ұңғы өнімді қабат табанынан біраз төмен бұрғыланып, пайдалану тізбегін түсіреді де, бір немесе екі сатылы тәсілмен цементтейді. Цемент ерітіндісі қатқаннан кейін өнімді қабат тұсынан перфорациялап, қабат пен пайдалану тізбегін жалғастырады (2, а сурет). Кейде пайдалану тізбегіне құм түспейтіндей етіп сүзгі орнатады (2, сурет). Бұл келтірілген ұңғы түбінің конструкциясы мұнайлы құмдар саз балшықтармен және сулы қабаттармен қабаттасып орналасқан, әр өнімді қабаттан жоғары не төмен сулы қабаттар кездескен жағдайларда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет