Студенттің ПӘндік


Нег.: 1. [49-59], 2. [32-43], 3. [12-16]



бет8/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij

Нег.: 1. [49-59], 2. [32-43], 3. [12-16]
Қос.: 6. [12-26]
Бақылау сұрақтары:
1. Іздеу жұмыстары қанша кезеңге бөлінеді?
2. Барлаудың геофизикалық әдістеріне қандай барлау әдістері кіреді?
3. Барлаудың геохимиялық әдістеріне қандай зерттеу әдістері кіреді?
4 –дәріс. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау


Ұңғы - дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау-кен құрылыс орны.
Ұңғының басталатын жері сағасы, цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны, ең төменгі шеті түбі деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық ұңғы ұзындығы, ал ұңғы өсі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады.
Ұңғыларды тіке және көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.
Мұнай және газ ұңғыларының бастапқы диаметрі 900 мм-ден аспаса, ал соңғының диаметрі 165 мм-ден кем болмайды.
Ұңғыларды тау жыныстарын тұтастай (кернсіз) немесе оның шет жағын ғана талқандау (керн алу) арқылы тереңдетеді.
Ұңғының құрлысы 1 суретте көрсетілгендей төменгі түп жағында – (6,8), ол мұнай не газ шығатын жиектердің тұсында болады, ал жоғарғы жағы – саға – (1). Бүйір қабырғасын-оқпан – (5) дейміз. Ұңғының ішіне мұнай мен газ құйылу үшін, қабаттағы қысым – Pқаб – (9) түп жағындағы Рт – (6) қысымнан көп болу керек, яғни РқабРт ұңғының бүйір қабырғалары – (5) пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен бекітеміз – (4). Оны тізбектелген шеген құбыр дейді. Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді.
Ең жоғарғы шеген құбырды – (2) бағыттаушы шахталы құбыр дейміз. Оның тереңдігі – 5-10 м, диаметрі – 200-500 мм. Негізгі міндеті-жердің жоғарғы жағындағы топырақты бекіту және саз балшық ерітіндісінің айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен, жоғары су қабаттарының ағымынан сақтау мақсатымен сағалық құбыр – (3) кондуктор жібереді.



1 сурет. Ұңғы үлгісі

Тереңдігі жоғарғы су қабаттардың орналасуына байланысты 40-400 м.-ге дейін жетеді. Кондуктордың ішінен ұңғының тереңдігіне және қазу (бұрғылау) қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Егер де кондуктордан кейін қанша тізбекті құбырлар жіберсе, сонша тізбекті құбырлар деп атаймыз. Ең соңында пайдалану (өндіру) құбырын – (4) жібереді. Әлбетте, оның диаметрі – 146-168 мм, тереңдігі – 4500-5000 м. шамасында болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына, фонтанды қондырғы арқылы, кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырлары жіберіледі. Оның диаметрі – 40-70 мм. аралығында болады.


Бұрғылау тәсілдерін пайдалана отырып ұңғыны бұрғылау кезінде аспаптардың тау жыныстарына тигізетін әсеріне қарай механикалық, термиялық, физико-химиялық, электр жалындық деп бөлуге болады.
Механикалық бұрғылау тәсілінде тау жыныстарын бұзу қол күшін немесе қозғалтқыштарды қолдану арқылы іске асырылады. Механикалық бұрғылау тәсілі соққылау және айналдыру тәсілдерімен іске асырылады.
Соққылама бұрғылау. Бұл тәсіл 70 жылдан астам уақыттан бері мұнай-газ өнеркәсіп саласында қолданылмайды. Дегенмен пайдалы қазбаларды барлау инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарында қолдау тауып жүр. Ол тек арқанды-соққылама бұрғылау тәсілінде қолданылады.
Айналмалы бұрғылау. Мұнай, газ ұңғыларын бұрғылауда қолданылады. Бұл тәсіл бойынша ұңғы оқпаны үздіксіз айналатын қашаумен бұрғыланады. Тау жыныстарының ұсақталған бөлшектері жер бетіне жуу сұйығының ағынымен көтеріледі. Айналмалы бұрғылау тәсілінің өзі роторлық және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тәсілдері болып бөлінді.
Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.
Түптік қозғалтқыштармен (гидравликалық турбобұрғы немесе электробұрғы) бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш тікелей қашаудан жоғары орналастырылады.
Енді мұнай және газ ұңғыларын айналмалы бұрғылау тәсіліндегі жұмысына тоқталық.
Роторлық бұрғылау тәсілінде (2- сурет) 9-қозғалтқыштың қуатымен шығыр (8) арқылы ұңғының сағасында қондырылған мұнараның ортасында орналасқан арнайы айналмалы (16) механизм роторға беріледі. Ол қашау (1) жалғанған бұрғыдау тізбегін айналдырады. Бұрғылау тізбегі жетекші құбырдан (15) және оған арнайы аударғыш (6) арқылы бұралған бұрғылау құбырларынан (5) тұрады. Түптік қозғалтқышпен бұрғылау тәсілінде қашау (1) түптік қозғалтқыштың ішіндегі білгіне бұралады, ал бұрғылау тізбегі қозғалтқыштың корпусына (2) жалғанған. Қозғалтқышты жұмысқа қосқанда оның білігі оған жалғанған қашаумен бірге айналады. Бірақ, бұрғылау тізбегі ротормен бірге айналмайды, ол тек қана түптік қозғалтқыштың қуатымен айналады.

Я ғни, роторлы бұрғылау тәсіленде қашаудың жыныс ішіне енуі ұңғының өс бойымен бұрғылау тізбегінің айналып қозғалуынан болады, ал түптік қозғалтқышпен бұрғыланғанда – бұрғылау тізбегі айналмайды. Айналмалы бұрғылаудың роторлы немесе турбобұрғы өзіндік ерекшілігінің бірі, ұңғы сумен немесе арнайы дайындалған сұйықпен қашау тесігі арқылы түпте барлық жұмыс жасаған уақытында үзілмей үнемі жуумен болады. Бұл қозғалтқыш-21 арқылы жұмысқа қосылатын екі (кейде бір немесе үш) бұрғылау сорабы-20-дан, құбыр-19бен бағана құбыр-17ге жуу сұйықтарын айдайды. Бағана мұнараның оң бұрышында жапсырылған. Әрі иілмелі шланг-14 арқылы ұршық -10ға түсіп, бұрғылау тізбегі арқылы түптегі қашауға қарай бағытталады. Жуу сұйығы қашауға жетіп, ондағы тесіктер арқылы қысыммен ұңғы оқпаны мен бұрғылау тізбегі арасындағы кеңістікпен, қазылған жыныстарды бірге алып сағаға көтеріледі. Мұнда науа жүйесі-18 және тазарту механизмдерінде (суретте көрсетілмеген) жуу сұйықтары қазылған жыныстардан тазартылып, одан кейін бұрғылау сораптарының қабылдау ыдыстарына-22 барып, қайтадан ұңғыға айдалады.


Ұңғыны тереңдеткен сайын, бұрғылау тізбегі, кронблоктан, (суретте көрсетілмеген) тәл блогынан-12, ілмектен-10, және тәл арқанынан-11, тұратын полистпас жүйесіне іліп қойған түрінде ұңғыға түсіріледі. Жетек құбыр-15, ротор-16 ішіне түгел өне бойымен кіргенде, шығы-8-ді жұмысқа қосып бұрғылау тізбегін жетек құбырдың-15 ұзындығындай қылып көтеріп, элеватор мен ұстауыш сына арқылы оны роторға отырғызып қояды. Одан кейін жетек құбырды-15 ұршықпен-10 қоса бұрап алып, ротордың жанынан, мұнараның оң жағында алдын ала көлбей қазып дайындап қойған шурфқа (оның тереңдігі жетек құбырдың ұзындығымен бірдей) отырғызады. Осыдан кейін бұрғылау құбырын екеуден немесе үш қосақтап қосқан бұрғылау құбырларын свеча дейді. (Бір бұрғылау құбырының ұзындығы 12,5 м.). Свечаның ұзындығы 25 немесе 37,5 м. болады. ол бұрғылау мұнарасының биіктігіне байланысты (мұнара биіктігі 41 м, болса,свеча ұзындығы 25 м., биіктік 53 м. болса, свеча -37,5 м.). Өйткені, ұңғыны бұрғылаған кезде бұрғылау тізбектерін түсіріп-көтеріп тұру керек. Көтерген бұрғылау тізбектерін секциялап (свечалап) ротор столының үстіне текшелеп орналастыру керек. Сондықтан секцияның (свечаның) төменгі жағын столға тіресек, ал жағарғы басын мұнараның столдан жоғары қарай 25 және 37,5 м. Жерде (жоғарыда айтылғандай, мұнараның биіктігіне байланысты деп) «верховой» деп аталатын алаң бар. Соған тіреп қоямыз. 37,5 м. Свечаны пайдаланып бұрғылайтын ұңғының тереңдігі 3000 м.-ден асқанда қолданылады. Үйткені 25 м. свечаның орнына 37,5 м. Свечаны қолдансақ, онда бұрғыланған кезде түсіру-көтеру уақытын үнемдейміз.
Ұңғыны бұрғылау үшін шурфқа отырғызылған жетек құбырмен-15, ұршық-10-ды шығарып алып, элеваторға тіреліп тұрған бұрғылау тізбегіне бұрап кіргізіп, қашауды түпке түсіреміз.
Тозған қашауды ауыстыру үшін, барлық жіберген құбырлар тізбегін сағаға көтеріп, жаңа қашауға ауыстырғаннан кейін қайтадан ұңғыға жібереді. Түсіру-көтеру жұмыстарын полиспат жүйесі арқылы іске асыруға болады. Шығырдың-8 барабаны айналған, тәл арқаны-11, барабанға оралып немесе тарқатылып тұрады. Сол арқылы тәл блогы мен ілмектің түсіп-көтерілуі қамтамасыз етіледі. Тәл блок пен ілмекке сырға мен элеватор арқылы түсіп-көтеріліп тұратын бұрғылау тізбегі, қажет болса іліп қояды.
Бұрғылау тізбегін көтерген кезде оларды секцияға (свечаға) бөліп текшелеп бұрғышының қасындағы тақтаға (подсвечник) орналастырады. Свечаны немен ұстататынын жоғарыда келтірдік. Түсіру операциясы кезінде бұрғылау аспабы мына ретпен жүзеге асырылады: қашау – түптік қозғалтқыш – бұрғылау құбыр – жетек құбыр.
Бұрғылау қашаулары. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар негізгі атқаратын міндеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:
1) ұңғы түбін тұтастай бұрғылауға арналған қашаулар;
2) ұңғы түбін айналдыра бұрғылап, тау жыныстары үлгісін керн алу үшін қолданылатын бұрғы ұштары, коронкалар;
3) қосалқы аспаптар, найза тәрізді қашаулар, фрезерлер, калибраторлар, кеңейткіштер.
Бірінші және екінші топ аспаптарын жасақтарының тау жыныстарына әсер ету өзгешеліктеріне қарай төрт шағын топқа бөледі: кесіпуатушы (РС), қажап-кесуші (ИР), үгіп-уатушы және үгу арқылы әсер етуші.
Кесіп-уатушы, қажап-кесуші аспаптар түрлерінің құрал-жабдықтары берік материалдардан кескіш немесе секторлар түрінде жасалады. Үгіп-уату арқылы әсер етуші аспаптардың құрал-жабдықтары шарошкаларға индикатор түрінде орналастырылған.
Бірінші, екінші және үшінші топ аспаптары мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет