Студенттің ПӘндік


Нег.: 1. [49-59], 2. [32-43], 3. [12-16]



бет7/44
Дата20.10.2022
өлшемі5,66 Mb.
#154120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
documents mx umk-ongd-kaz-gotovyy-tau-poslednij

Нег.: 1. [49-59], 2. [32-43], 3. [12-16]
Қос.: 6. [12-26]
Бақылау сұрақтары:

  1. Мұнай және газ дегеніміз не?

  2. Мұнай құрамына қандай заттар кіреді?

  3. Мұнайдың негізгі қасиеттері қандай?

  4. Қайда, мұнайдың тұтқырлығы көп, қабатта әлде жердің бетінде?

  5. Мұнайдың тұтқырлық коэффициенті дегеніміз не?

  6. Мұнайдың тұтқырлық коэффициенті не үшін керек?

  7. Қайда мұнайдың тығыздығы көп, қабатта әлде жердің бетінде?

  8. Құрғақ пен майлы газдардың айырмашылығы не де?

  9. Табиғатта қандай газ кең таралған?

3-дәріс. Іздеу және барлау жұмыстарының кезеңдері


Іздеу және барлау жұмыстары - жер қойнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізіледі.
Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын түгелдей барлап, ұңғыларды қазу әдістері белгіленеді.
Іздеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде – жер бетінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер беттері тазартылады да оның геологиялық бетбедерлерінің мүсіндері көрсетіледі.
Екінші кезеңде – зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20 м-ден 300 м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып, жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялық карта сызылады. Бұл карта ұңғылардың тілмесі, геологиялық пішіндер арқылы толықтырылып жазылады.
Құрастырылған стратиграфиялық тілмеде жер қойнауының қазылып өтілген тау жыныстарының сипаттамалары колонка арқылы көрсетіледі.
Геологиялық пішіндер қабаттың көтеріңкі бағытына қарама-қарсы бағытта масштаб бойынша тік жазықтыққа түсіріледі.
Табылған кен орнының пішінін толық дәлелдеу мақсатында геологиялық картаға қосымша материал ретінде, қазылған ұңғылардың көрсеткіштері бойынша, құрылымдық картасы жасалады. Құрылымдық картасында зерттелетін қабаттың бет-бедері (ойлықырлылығы) жарма сызықтар арқылы көрсетіледі.
Мұнай-газ кендерінің құрылымдарын жете көрсету, ондағы қордың мөлшері, ұңғыларды қазу керектігін дәлелдеп көрсету мақсатында іздестірудің екінші кезеңінде геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады.
Жоспарланған жұмыстар орындалып болғаннан кейін үшінші кезендік – ұңғыларды тереңдеп қазу басталады. Алғашқы қазылған ұңғы тілмесінде мұнай-газ белгісі пайда болып, өнім алынған жағдайда кен орындарын нақтылы барлау әдісі жүргізіледі. Құнарлы алаңдарда кемерлеу ұңғылары қазылып, кен орнының аумағы, қалыңдығы, мұнай-су шекаралары анықталады. Одан кейін бағалау, егжей-тегжейлі тексеру мақсатында т. б. категориялы ұнғылар тағайындалып, қазыла бастайды.
Кен орнының көлемі мен қоры сияқты қажетті мағлұматтар анықталып біткеннен кейін барлау жұмыстары аяқталып, енді мұнай мен газды игеру жұмыстары басталады, яғни бұл өндіру ұнғыларын қазуға ұштасады. Мұндай ұңғыларды арнайы, рет бойынша кен орындарына орналастырып қазып, олардан өнім алу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарында немесе жергілікті ғылыми зертханаларда игеру жобалары жасалады.
Мұнай-газ кен орындарын іздеу-барлау жұмыстарының табысты болуы бастапқы кезеңде геофизикалық және геохимиялық зерттеу әдістерінің ең нәтижелі бағыттарын іріктеп, таңдап алып, оларды іске асырумен тығыз байланысты.
Геофизикалық барлау әдістерінің бірнеше түрі бар, олардың негізгілері сейсмикалық және электрлік әдіс.
Сейсмикалық барлау әдісі. Мұндай барлау тау жыныстарының, қабаттардың жарылған оқ дәрілер арқылы пайда болатын серпінді толқындарды өз бойларынан өткізуі, я болмаса кейін серпуі арқылы алынатын көрсеткіштер арқылы зерттеледі.
Жер қойнауындағы қабаттардың қайсыбірінде серпінді толқындар жылдам, ал қайсыбіріне жәй тарайтыны белгілі. Сейсмикалық барлау жұмысын жүргізу үшін белгілі бір қашықтықта шұңқырлар қазылып, олардың ішіне токтың әсерімен жарылатын дәрі салынады.
Оқ дәрінің жарылуына байланысты жер қыртыстарына тараған толқындар тау жыныстарының әр қабаттарынан түрліше жылдамдықпен өтеді. Толқындардың қандай жылдамдықпен өткенін жер үстіндегі сейсмограф таспаға жазып тұрады. Қатты тау жыныстарынан құралған қабаттардан толқын жылдамырақ өтеді де ол жұмсақ жыныстардан тұратын қабаттардан толқын баяулау өтеді. Алынған көрсеткіштер арқылы жер қабаттарының тереңдігі өлшеніп, карталары тұрғызылады.
Бұл әдіс мұнай және газ кендерін барлау жұмыстарында кеңінен пайдаланылады. Сейсмикалық барлау әдістерін алғашқы рет Г. А. Гамбурцев ойлап шығарған.
Электрлік барлау әдісі. Тау жыныстарының өз бойынан электр тогын өткізуіне байланысты жүргізіледі. Мысалы, кейбір тау жыныстары (гранит, әктас, бойына тұзды су сіңген құмтастар) өз бойларынан электр тоғын жақсы, ал басқалары (саз, мұнай сіңген құм, құмтастар) нашар өткізетіні белгілі. Осымен байланысты бойынан электр тогын өткізбейтін тау жыныстарының электрлік кедергісінің мағынасы көп болады. Әр түрлі тау жыныстарының электрлік кедергісінің өзгеруі олардың табиғи орналасу тәртіптерін зерттей білуге мүмкіндік туады.
Геохимиялық барлау жұмыстарының қатарына газ барлау әдісі жатады. Газдар тереңдікте орналасқанмен сезгіш аспаптар арқылы олардың аз да болса жер бетіне шығып жататынын байқауға болады. Әрине газдың қабаттардан өту мөлшері өте нашар мыңнан бір процент болуы мүмкін. Бірақ та осы нәзік көрсеткіштер арқылы жер қойнауында газ кенінің барлығын байқауға болады.
1934 ж. инженер М. М. Бальзамов геохимиялық газ каратажын ойлап шығарды. Газ каратажы төмендегі жағдайы негізделген: ұнғыда қазу процесі жүріп жатқан кезде бұрғы ерітіндісін зерттеу арқылы оның құрамында жер қабаттарынан бөлініп шыққан газдарды жікке бөліп шығуын зерттеп, олардың мөлшерін диаграмма ретінде таспаға жазып тұрады. Осы диаграммалар арқылы жер қойнауындағы мұнай, газ кендерінің қандай тереңдіктерде кездесетінін болжайды. Ол барлау жұмысын жүргізуде ойдағыдай пайда келтіреді.
Өндірісте ұңғылар бойын геофизикалық әдістермен зерттеудің гамма-каратаж, нейрондық гамма-каратаж, термокаратаж т.б. түрлері кездеседі. Олардың барлығы да ұңғы тілмесін өндіріс-геофизикалық зерттеу әдістерінің қатарына жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет