Мұнай және газ кеніштерін игеру режимдері (тәртіптері) Пайдалану ұңғыларға қарай сұйықты ығыстыратын басым энергия түріне байланысты келесі негізгі мұнай кен орындарын игеру режимдерін (тәртіптерін) қарастырамыз:
қатты суарынды және серпімді суарынды;
газарынды (газды);
ерітілген газ;
сұйықтардың салмағы (гравитациялық).
Бір неше режимнің әсері сезілсе аралас режим туралы айтуымызға болады. Мұнайды нұсқаның қозғалатын және қозғалмайтын режимдер туралы түсініктердің бар екенін ұмытпағанымыз жөн.
Кен орынындағы тәбиғи шарттардан, игергендегі жасанды шарттардан және ұңғыларды пайдаланудан, қабаттың жұмыс істеу режимін (тәртібін) анықтауымызға болады. Керекті немесе басқа режимді тағайындауымызға, ұстауымызға, тексеруімізге немесе басқа режимге алмастыруымызға болады. Кен орындарындағы, игеру жүйесінде жүргізілетін жасанды әрекеттерден (қабаттқа агентерді айдау т. с. с.) және мұнай мен газ өнімдерін пайдалану ұңғылардан алу үрдістерінен қабаттың жұмыс істеу режимін анықтауымызға болады.
Кен орнын игеру режимін тағайындау үшін, кеніштің энергетикалық ерекшіліктері және геологиялық шарттары әсер етеді, бірақ олар игеру режимін анықтамайды. Айтарлықтай мықты суарынды режим кезінде, қабаттқа келетін су мұнай немесе газ орнын толтырып отырады. Кен орнын суарынды режимде игергенде – алғашқыда қабат қысымының төмендегенінен, қалыптасқан қысым айырмашылығын (градиент) байқаймыз. Мұндай жағдай, судың өнімді аймаққа келіп мұнайды ығыстыра бастаған кезде байқалады. Егерде қабаттан бір қалыпта сұйықты өндірген (алған) кездегі жағдайда, игеру уақыты ұзарған сайын, қабаттағы қысым қалыптасса – қабаттан алынған мұнайды су толық алмастырғанын білдіреді. Бұл, қабаттың мықты суарынды режимінде игеріліп жатқанын, тағыда анықтайды. Егерде қабаттан алынатын мұнай өнімінің мөлшерін ұлғайтып отырсақ арынды қабаттан алынған мұнай мен газ көлемін су толық алмастырып үлгермейді, сондықтан, суарынды жүйенің өткізгіштік қабілеті өзгеріп, қабат қысымының төмендеуі байқалады. Бұл жағдай қатты суарынды режимінің ерітілген газ режиміне немесе басқа режимге ауысуының басы болғанын түсіндіреді. Кеніштер қатты суарынды режимде игерілген кезде – қабат қысымы баяу төмендейді.
Мұнайбергіштіккоэффициенті – алынған (игерілген) мұнай мөлшерінің бастапқы кеніште есептелген мұнай мөлшеріне қатынасы болып табылады.
Оның мәнін көп факторларға байланысты: қабаттағы сұйық пен жыныстардың физикалық қасиеттерінен, кенішті игеру режимінен, кен орнын игеру көрсеткіштерінен (ұңғылардың орналасу торынан, оларды пайдалануға беру ретінен және кен орнынан өнім алу қарқынынан) мұнайды ығыстыру агентінің кеніште орын алып жаулауынан т.б.
Ең жоғары мұнай бергіштік коэффициент қатты суарынды режимде болады, неге десеңіз мұнай сумен ығыстырылады кейде оның тұтқырлығы қабаттағы жағдайда мұнайдың тұтқырлығынан үлкен болады, ал газдың тұтқырлығынан бірнеше рет көп болады. Мұнайды ығыстыратын агенттің тұтқырлығы, неғұрлым мұнайдын тұтқырғынан үлкен болған сайын мұнай бергіштік коэффициент мәне үлкен болады.
Газарынды режимнің мұнай бергіштік коэффициенті біраз аз болады, неге десеңіз мұнай қабаттан газбен ығыстырылады оның тұтқырлығы мұнайдың тұтқырлығынан айтарлықтай кем болғандықтаң және газбен жыныстар ылғалданбайды. Қабат қысымы сәл ғана түскен жағдайда мұнайдан газ айырылып шығып, жыныстардың мұнайға деген фазалық өткізгіштігін азайтады.
Эксперементалдық және өндірістердегі статистика мәліметтер бойынша – мұнай бергіштік коэффициент (МБК), қабаттардың жұмыс істеу режимдеріне байланысты келесі мәндерде болалады:
Суарынды режимінде
0,5-0,8
Газарынды режимінде
0,4-0,7
Ерітілген газ режимінде
0,13-0,3
Ең аз мұнай бергіштік коэффициент – кеніш ерітілген газ режимінде жұмыс істеген жағдайда болады. Газдың ұлғайған энергиясының көбі ұңғылар түбіне қарай ағып өтіп мұнайды ығыстыруға пайдалы жұмыс істемейді.