Qт = FSn 1440, (1)
мұндағы: F – плунжердің ауданы; S – жылтыратылған штоктың жүріс ұзындығы; n – минуттағы тербеліс (жүріс) саны; 1440 – тәуліктегі минут саны. Сораптың нақты бергіштігі Q әрдайым төмен болады, өйткені жылтыратылған шток пен плунжердің жүріс ұзындықтары бірдей емес, сондықтан сорап цилиндрі мен плунжері арасындағы саңылау арқылы сұйықтың шығып кетуі туындайды, цилиндрге сұйық пен бірге газ сорылады және құбырлардың бұрандалы байланысқан жерлерінде мұнай мен газдың шығып кетуі мүмкін, яғни
Q = FSn 1440, (2)
мұндағы: = Q/Qт – сораптың бергіш коэффициенті (әдетте 0-ден 1-ге дейін өзгереді).
Сораптың бергіштігі бірнеше жүзден 5-6 м3/тәу дейінгі кең аралықта өзгеріп отырады. Плунжердің диаметрі 28-ден 120 мм дейін, ал жылтыратылған штоктың жүріс ұзындығы 0,3-тен 6 м дейін, жүріс саны минутына 1-ден 15-ке дейін өзгереді. Кәсіпшілік жағдайында сораптың қалыпты жұмысы кезінде, әдетте 0,7-0,8 болады ( - сораптың бергіш коэффициенті), егер сұйықтың шығып кетуі аз шамада болса да. Бұл негізінен сораптың сұйықпен бірге газды соруына байланысты және плунжердің жүріс ұзындығының жылтыратылған шток жүрісіне сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. Плунжер астына нақтылы енген сұйық көлемінің Vж, плунжердің жоғары қарай жүрісі кезіндегі үстіндегі сұйықтың көлеміне V, қатынасын сораптыңсұйыққатолукоэффициентідеп аталады (н = Vж/V). Егер сұйықтың құрамында газ мөлшері көп болса (сорапқа негізінен газ енеді), онда сораптың сұйыққа толу коэффициентінің аз мөлшері әсерінен сораптың бергіш коэффициенті-н төмен болады. -ны (сораптың бергіш коэффициенті) ұлғайту үшін, сорапты динамикалық деңгейдің астына құрамында еркін газ мөлшері аз аймаққа батыра отырып оның қабылдау аузындағы қысымды көбейтеді немесе сораптың қабылдау аузында газ айырғыштары орнатылады, ол өз кезегінде сұйықтан газды айыра отырып және оны құбыр аралық (сақиналы) кеңістікке бағыттайды. Плунжердің жүріс ұзындығынарттыра отырып сораптың сұйыққа толу коэффициентін н өсіруге болады. Бұл коэффициентке жылтыратылған шток пен плунжердің үріс ұзындықтарының сәйкессіздігі елеулі түрде әсер етеді. Бұл сораптың жұмыс үрдісі кезіндегі штангі мен құбырдың деформациясына (созылу мен қысқару) байланысты.