Студенттер сөздігімен таныстыру
І- жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін- деп келесі сөз кезегін .
2-жүргізуші: 1жыл бұрын мектепті бітірген түлектерге ойын. Біз сіздерге осындай тапсырма берейік. Кез келген пәнді айтады, ал сіз сол пән беретін мұғалімнің ойланбай аты-жөнін толық айтасындар. Еске алу қабілеттеріңізді тексерейік!
Бастауышта кім берді?
Алгебра -
Қазақ тілі -
Химия –
Биология –
АӘД –
Еңбек сабағы -
Орыс тілі –
Сызу –
Физика –
Геометрия –
Тарих-
География-
ДШ-
Психолог-
Информатика-
ІІ- жүргізуші:
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,
деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарыңыз жөнінде айтып берсеңіздер.
(студенттерге сөз кезегі барлығына)
І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
3. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |