Су-т‰з алмасуы реттелуі


Вазопрессиннің жетіспеушілігінің себептері



бет13/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Вазопрессиннің жетіспеушілігінің себептері: 1.гипоталамустағы препрогормон синтезінің генетикалық ақауы; 2.прогормонның процессингі мен тасымалдануының ақауы (тұқымқуалаушы форма); 3.гипоталамус пен нейрогипофиздің дисфункциясы (бас-ми жарақаты, бас-ми ісіктері, ишемия және т.с.с.).
Бүйректік (нефрогендік) жетіспеушілігі V2 рецептордың гендік мутациясы салдарларынан (тұқымқуалаушы форма) болады. Бүйрек вазопрессин әсерін қабылдай алмайды.
Вазопрессин жетіспеушілігінде гормондық сигналдың берілу жүйесі бұзылатындықтан патологиялық жағдай қантсыз диабет ауруы дамуы мүмкін. Қантсыз диабеттің негізгі белгісі — гипотониялық полиурия, немесе, тығыздығы төмен несептің көп мөлшерде бөлінуі (тәулігіне 20 л, несеп тығыздығы <1,010-нан төмен). Вазопрессин секрециясының төмендеуі суды көп қабылдауға әкеледі.


Альдостерон — активті минералокортикостероид. Ол бүйрекүстілердің қыртысты қабығында холестериннен синтезделеді.
Бүйректің түйін шумақтары аймағындағы жасушаларында альдостеронның синтезі мен секрециясын ангиотензин II , АКТГ, простагландин Е стимулдейді. Сонымен бірге, бұл үдерістерді қан плазмасында К+ концентрациясы жоғарлауы және Nа+ концентрациясы төмендеуі де активтендіреді.
Ренин-ангиотензин жүйесі альдостерон секрециясында аса маңызды қызмет атқарады.
Альдостеронның спецификалық тасымалдаушы протеині жоқ, бірақ ол әлсіз байланыстар есебінен альбуминмен комплекс түзіп тасымалдануы мүмкін.
Бауыр альдостеронды жылдам жұтады және оны залалсыздандыру механизмі арқылы тетрагидроальдостерон-3-глюкоуронидке айналдырады және ол несеп құрамында экскрецияланады.
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет