Су-т‰з алмасуы реттелуі


Несептің органикалық және бейорганикалық патологиялық компоненттері



бет32/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Несептің органикалық және бейорганикалық патологиялық компоненттері

Несептің патологиялық компоненттері

КОМПОНЕНТТЕР

СИМПТОМДАРЫ

СЕБЕПТЕРІ

ПРОТЕИН

Протеинурия

Несеп шығару жолдарының зақымдалуы (бүйректік емес протеинурия) немесе нефронның базальдық мембранасының зақымдалуы (бүйректік протеинурия). Жүктілік токсикоз, анемия. Несептегі протеиндердің көзі, негізінен, қан плазмасының протеиндері және бүйрек ұлпасының протеиндері.

ҚАН

Гематурия
Гемоглобинурия

Несепде эритроциттер жедел нефритте, несеп жолдарының қабынуы үдерістерінде және жарақатында пайда болады. Гемоглобин - гемолиз және гемоглобинемия кезінде байқалады.

ГЛЮКОЗА

Глюкозурия

Қант диабетінде, стероидтық диабетте, тиреотоксикозда байқалады.

ФРУКТОЗА

Фруктозурия

Ферменттердің туабіткен жетіспеушілігінде, негізінен фруктозаны глюкозаға айналдырушы ферменттердің (фосфофруктокиназа ақауында) байқалады.

ГАЛАКТОЗА

Галактозурия

Галактозаны глюкозаға айналдырушы ферменттердің туабіткен жетіспеушілігінде (галактозо-1-фосфат-уридилтрансфераза) байқалады.

КЕТОНДЫҚ ДЕНЕЛЕР

Кетонурия

Қант диабетінде, аштықта, тиреотоксикозда, бассүйек-ми жарақатында, миға қан кетуде, жұқпалы ауруларда байқалады.

БИЛИРУБИН

Билирубинурия

Сарыауруларда. Механикалық сарыауруда несептегі билирубиннің мөлшері жоғарлайды.

КРЕАТИН

Креатинурия

Ересектерде креатиннің креатининге айналуының бұзылуымен байланысты. Бұлшықет дистрофиясында, гипотермияда, сіреспе жағдайларында (столбняк, тетания) байқалады.

ҚАЛДЫҚТАР:
фосфаттар
оксалаттар
ураттар

Фосфатурия


Оксалатурия
Уратурия

Несептің қалыпты бірақ нашар еритін компоненттерінің (кальций, магний тұздары) тұнбаға түсуі несеп тасы ауруларына әкеледі. Бұл жағдайға қуықтағы және бүйрек лоханкаларындағы Несептің созылмалы бактериялық жұқпалы ауруларда сілтіленуі қабілетттендіреді: микроағзалар мочевинаны ыдыратады, аммиакты босатады, бұл Несептің рН-н жоғарлатады. Подагра кезінде (несеп қышқылданады) тас несеп қышқылынан түзіледі, ол рН 7,0-ден төмен болғанда нашар ерігіш болады.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет