Несептің қызыл түсті болуы — гематурия, гемоглобинурия кезінде байқалады.
Несептің қоныр түсі — несепте билирубин мен уробилиногеннің жоғарғы концентрациясында (бауырдың зақымдалуы) және гомогентизин қышқылының концентрациясы жоғарлағанда (алкаптонурия) кездеседі.
Несептің жасыл түсі — кейбір дәрілік препараттарды қолданғанда, индоксилкүкірт қышқылының концентрациясы жоғарлауынан пайда болған индиго, немесе ішектегі протеинтың шіруінің күшеюінде байқалады.
Несептің мөлдірлігі- қалыпты жағдайда мөлдір, толық лайлану несепде ақуыз болғанда, жасушалық элементтер, бактерия болуынан және олардың тұнбаға түсуінен болуы мүмкін.