Су-т‰з алмасуы реттелуі


Фосфат-кальций иондары алмасуының реттелуі



бет26/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Фосфат-кальций иондары алмасуының реттелуі
Кальций ионы (Са2+) және фосфат-иондарының толыққа жуығы бүйрек каналшаларында реабсорбцияланады, үдеріс энергияны АТФ түрінде пайдаланып жүреді. Бұл жолмен Са2+ -дің 99%-дан астамы, фосфат-ионның — 80-90%-ы қайта толықтырылады. Бұл иондардың реабсорбциясы дәрежесі паратгормон (паратирин), кальцитонин және кальцитриолмен реттеледі.
Паратирин, пептидтік гормон (ПТГ), қалқанша маңы безінен синтезделетін, кальций ионы реабсорбциясын стимулдейді, ал сол мезгілде фосфат ионы реабсорбциясын ингибирлейді. Сүйек ұлпасының және ішектің басқа да гормондарымен қосарланып бұл қанда кальций иондарының мөлшерінің жоғарлауына және фосфат иондарының төмендеуіне әкеледі.
Кальцитонин, пептидтік гормон, қалқанша безінің С-жасушаларында синтезделеді. Кальций және фосфат иондарының реабсорбциясын ингибирлейді. Бұл қанда екі ионның да деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Сәйкес түрде, кальций деңгейін реттеуге қатысты кальцитонин паратириннің антогонисі болып табылады.
Кальцитриол, стероидтық гормон, бүйректерде түзіледі, ішектерде кальций және фосфат иондарының сіңірілуін стимулдейді, сүйектің минералденуін қабілеттендіреді, бүйрек каналшаларында кальций мен фосфат иондарының реабсорбциясы реттелуіне қатысады.
Натрий ионы. Na+ ионының бірінші ретті несептен реабсорбциясы бүйректің өте маңызды қызметі болып табылады. Бұл жоғары тиімді үдеріс: 97% жуық Na+ кері сіңіріледі. Бұл үдерісті стероидтық гормон альдостерон стимулдейді, ал артериалдық натрийуретикалық гормон (пептид) [НУФ], жүрекшеде синтезделетін, керісінше, бұл үдерісті ингибирлейді. Екі гормонда Na++-АТФ-азы қызметін реттеуге қатысады. Бұл фермент бүйрек каналшаларының (дистальдық бөліктегі және нефронның жинақтаушы түтікшелерінің) жасушаларының, қан плазмасымен жуылатын аймағында болады. Бұл натрий насосы Na+ ионын К+ ионына алмастырып бірінші ретті несептен қанға сорады.
Су. Судың реабсорбциясы — пассивті үдеріс, ол кезінде Na+ ионымен бірге осмостық эквиваленттік көлемде сіңіріледі (бір натрий ионы 6 су молекуласын бірге жұтқызады). Нефронның дистальдық бөлігінде су тек пептидтік гормон вазопрессиннің (антидиуреттік гормон, АДГ) қатысуымен сіңіріледі. АДГ гипоталамус арқылы секреттеледі. НУФ судың реабсорбциясын ингибирлейді немесе ағзадан судың шығарылуын күшейтеді.
Пассивті тасымалдану жолымен хлор ионы (2/3) және мочевина да сіңіріледі. Реабсорбция дәрежесін ағзадан экскреттелетін несепде қалатын абсолюттік мөлшері айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет