а) Н+секрециясы Бұл механизмге дистальдық каналшалар жасушаларында өтетін метаболиттік реакцияларда СО2 -нің түзілуі үдерісі жатқызылады. Ол сонан кейін карбоангидраза әсерінен Н2СО3(көмір қышқылына) айналады. Көмір қышқылы ары қарай диссоциацияланып Н+және НСО3-ионға айналады және Н+ионын Na+ ионына алмастырады. Сонан кейін натрий және бикарбонат иондар қанға диффунделіп оның сілтіленуін қамтамассыз етеді. Бұл механизм келесі экспериментте тексерілген - карбоангидраза ингибиторын енгізгенде ол екінші ретті несептегі натрий жоғалтылуын күшейткен және несептің сілтіленуі тежелген.
б) аммониогенез Ацидоз кезінде бүйректердегі аммониогенез ферментерінің активтілігі өте жоғары болады.
Аммониогенез ферменттеріне глутаминаза және глутаматдегидрогеназа жатқызылады.