Су-т‰з алмасуы реттелуі


Несеп түзілуінің механизмдері



бет18/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі

Несеп түзілуінің механизмдері.
Бүйрек несепті плазма компоненттерінен түзеді және оның құрамының қалыптасуына қатысады.
1. Ультрасүзілу.
Ультрасүзілу үдерістерінде бірінші ретті несеп түзіледі. Қан бүйрек каналшарынан шайылып арнайы сүзгіш 3 қабатты дәнекер ұлпалы капсуладан өтеді де Мальпиги шумағында сүзіле бастайды. Бірінші қабат қан капилярларының эндотелиі. Ол үлкен өлшемді саңылаулардан тұрады. Екінші қабат коллаген талшықтарынан тұратын базальдық мембрана. Оның саңылауларының диаметрі 4 нм. Базальдық мембрана молекулалық массасы 30 кДа артық протеиндерді өткізбейді. Үшінші қабат капсуланың эпителиалды жасушалары. Мембрана беткейі теріс зарядталған, сондықтан қан плазмасының теріс зарядталған альбуминдері, макромолекулалық протеиндер, пішінді элементтерді бірінші реттік несепге өткізбейді. Үшінші қабаттағы саңылаулар қүрылысы жағынан қүрделі және өте кіші болады, сондықтан үлкен протеиндер олардан өте алмайды. Егер протеиннің құрылысы, заряды өзгеретін болса, немесе аномальды протеин болса, ол сүзгіш арқылы өтіп бірінші ретті Несептің құрамына өтеді. Бұл қан плазмасын ақаулы протеиндердің тазарту механизмдерінің бірі болып табылады.
Қалыпты жағдайда, ультрасүзіндіде немесе бірінші ретті несеп құрамында протеиндер және пептидтер болмайды. Бірақ, құрамында әртүрлі ионы бар кіші молекулалық протеин емес компоненттер кездеседі. Сондықтан, бірінші ретті несепті кейде «қан плазмасының протеин емес сүзіндісі» деп те атайды.
Түзілген ультрасүзінді мөлшері шумақтық каналшалардағы қанның гидростатикалық қысымына тәуелді. Капсула (70 мм.сн.бғ.) кеңістігіндегі ультрасүзіндінің гидростатикалық қысымы (15 мм.сн.бғ.) және қан плазмасы протеиндерінің онкотикалық қысымы (25 мм.сн.бғ.) ультрасүзгіштік күшке қарсылық көрсетеді.
Ультрасүзілу күші: 70 - (25 + 15) = 30 мм.сн.бғ. бұл сүзгіштің тиімді жұмысының қысымы болып табылады.
Ультрасүзілу АТФ энергиясын қажет етпейді.
Капсула кеңістігінде гидростатикалық қысым немесе артериялық қысымның төмендеуі бірінші ретті несептің түзілуін төмендетеді немесе ол түзілмейді, нәтижесінде анурия дамиды.
Тәулігіне бүйрек арқылы өткен 1500 л қаннан 180 л бірінші ретті несеп түзіледі, немесе 1 минутта 125 мл.
Құрамындағы кіші молекулалы компоненттері болатын бірінші ретті несеп ары қарай проксимальдық түтікшеде реабсорбцияға түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет