Бүйрек ұлпасы метаболизмінің ерекшеліктері. 1. АТФ-ң көп мөлшерде жұмсалуы. АТФ негізінен активті тасымалдау, реабсорбция, секреция және протеин биосинтезі үшін жұмсалады. Бүйректің массасы жалпы дене массасының 0,5%, ал оның оттекпен қамтамасыз етілуі қабылданған оттектің 10% құрайды.
2. Бүйрек жасушасындағы биототығу реакциясындағы субстраттардан - май қышқылы, кетондық денелер, глюкоза және т.б. түзіледі;
3. Протеин биосинтезіндегі жоғары жылдамдық көрсетуі;
4. Протеолиттік ферменттердің күшті активті болуы;
5. Аммониогенез және глюконеогенезге қабілетті болуы.