Сілтілі, сілтілі жер металдардың катиондарының (К+ , Na+ ,Ca2+ т.б.) сфералық симметриялы болуынан полюстенуі әлсіз, сондықтан олар гидролизданбайды.
Қалған металдардың катиондары (Zn2+,AI3+, Ni2+,Fe3+ т.б.) p-, d- вакантты орбитальдары болғандықтан күшті полярлау әсеріне ие болады, судың оттегінің электрон жұптарының акцепторлары болып табылады. Сондықтан олар гидролизданады: