Тәрбиеші:
- Балалар біздің дене құрлысымыз қандай мүшелерден тұрады екен?
Балалар дене мүшелерді атап береді.
Тәрбиеші:
- Адам дене мүшелері қандай мүмкіндіктерге ие?
Тәрбиеші:
- Балалар сендер дүниеге келгенде кіп-кішкентай болып дене мүшелерің ештеңені атқара алмайды. Кішкентай кезде сендер отыра алмайсыңдар, жүре алмайсыңдар. Тіпті қолдарыңа ойыншықтарды ұстай алмайсыңдар. Бірақ сендер өсесіңдер де, өздерің барлық нәрселерді жасай алатын боласыңдар. Мектепке барасыңдар,ешкімнің көмегінсіз көптеген жұмыстар атқарасыңдар.
Балалар:
- Адам үлкейгенде қартайғанда әлсіздік басталады. Қарттар көп түргеліп тұра алмайды. Біздер оларға қоғамдық көліктерде, қоғамдық жерлерде орын береміз, сөмкелерін көтерісіп көмектесеміз.
(Слайдпен көрсету)
Тәрбиеші:
- Осы денсаулығымыз мықты, ұзақ уақыт сақталу үшін не істейміз? Қалай сақтаймыз?
- Біз дене шынықтыру жаттығуларын жасап, денсаулығымызды сақтауымыз қажет.
- Дәруменге бай жемістермен, құнарлы тағамдармен тамақтануымыз қажет.
-Тазалықты сақтап, ұқыпты болып, таза жүруіміз керек.
Тәрбиеші:
- Денсаулығымыз ұзақ уақыт мықты сау болу өзімізге байланысты.
- Балалар тазалық, денсаулық туралы кім тақпақтар айтып береді?
Балалар тақпақтары:
1-бала:
Тазалап жүр тісіңді
Кішкене де ыңғайлы
Тіс щёткасын пайдалан,
Тазалауға болмайды
Щёткасымен бөтеннің.
2-бала:
Денсаулық- ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай
Достарыңызбен бөлісу: |