Фталазол ішек инфекцияларын - бациллярлы дизентерия, энтероколит, колитті емдеуде, операциядан кейінгі кезеңдегі ішек инфекциясының алдын алу үшін қолданылады. Бұл аурулар кезінде микроорганизмдер тек ішек қуысында ғана емес, сонымен қатар ішек қабырғасында да орналасатынын ескере отырып, фталазолды ішектен жақсы сіңетін сульфаниламидтермен (сульфадимезинмен, этазолмен және т.б.) жұптастырып қолданған дұрыс.
Фталазол антибиотиктермен (мысалы, тетрациклинмен) жиі жұптастырылады.