Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы


Табу және эвфемизмдер. Дисфемизмдер



бет20/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

23. Табу және эвфемизмдер. Дисфемизмдер.
Жауап. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады. Табу, негізінен алғанда, этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар. Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Эвфемизм — бір затты немесе құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы. Эвфемизмдердің жасалу жолдары әр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, литота тәсілдері арқылы жасалған эвфемизмдер жиі кездеседі.
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:
1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар Мәселен, туберкулез немесе құрт ауру деудің орнына өкпе ‘ауруы, рак немесе қылтамақ, деудің орнына жаман ауру, гоноррея орнына жіңішке ауру, сифилис деудің орнына ‘самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін ‘сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастырылады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аяғы ақсақ дегепді аяғының сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.
3. Мағынасы айтушы мен тьңдаушыға бірдей соншама жағымсыз, дөрекі сөздер алмастырылады. Мәселен, нәжіс, қи несеп, дайрақ, үлкен дәрет, кіші дәрет, дәрет сындыру, ұлы дегендердің бәрі де белгілі контексте сыпайылық мән тудырады.
4. Үйлену мен тұрмыс құруга байланысты сөздер алмастырылады. Мәселен, тұрмыс құру, тұрмысқа шығу, баласын құтты орнына қондыру, баласын аяқтандыру, қолына құс қонып үйлі-баранды болу, отау тігу, бөпелі болу, аяғы ауыр, орауға отыру тәрізді сөздер үйленуге байланысты айтылады.
5. Қогам өміріндегі адамдардың бір-бірінің жағымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер алмастырылады, Мәселен аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз бастырық, сөзге келу, бет жыртыспау, жасы ұлғаю, қалтасы тесік көзіне шөп салды, жаяу почта,ұзын құлақ, аузының желі бар ішінде букпесі бар, сымсыз телефон дегендер сыпайылық мәнде айтылады. Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі.
Күнделікті қарым-катынаста мағынасы жағымсыз тұрпайы сөздерді жағымды сыпайы сөздермен алмастырып қолданатындығымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздермен де ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұндай құбылысты тіл- білімінде дисфемизм немесе какофемизм деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет