Фразеологизмдер, олардың сөз, еркін сөз тіркесінен ерекшеліктері, өзіндік белгілері. Фразеологизмдер, оның пайда болу негіздері. Фразеологизмнің түрлері
Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.
25. Фразеологизмдер, олардың сөз, еркін сөз тіркесінен ерекшеліктері, өзіндік белгілері. Фразеологизмдер, оның пайда болу негіздері. Фразеологизмнің түрлері. Жауап. Фразеологизм - семантикалық (ішкі мағыналық) жағынан бір-бірімен байланысқан сөз тіркестерімен сөйлемдердің ортақ атауы.
Өздеріне формасы жағынан ұқсас синтаксистік құрылымдардан ерекшелігі: сөздердің белгілі бір тұрақталған лексика грамматикалык құрылымдағана айтылатын ойта сәйкес болып, сол сөздің бастапқы жеке мағынасының жалпы заңдылыктарына бағынбауында.
«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді камтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер. Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық транспозиция, сөз тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер және қанатты сөздерге жататын фразеологизиялық сөйлемдер мен тұрақты тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт) деген мазмұндарға белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылық арқылы айқындалады
Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар — Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеум. жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия,тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик. категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантик., тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны Фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантик.-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін Фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвист. талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.
26. Лексикография туралы түсінік. Сөздіктердің түрлері. Лингвистикалық сөздіктер.Тарихи сөздіктер. Энцеклопедиялық сөздіктер. Этимологиялық сөздік. Түсіндірме сөздігі. Синонимдік сөздік. Фразеологиялық сөздік. Орфоэпиялық сөздік. Орфографиялық сөздіктер Терминологиялық сөздік Диалектологиялық сөздік. Диалектологиялық сөздік. Аударма сөздік Жауап. Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғыл. әдістемесін жасайды. Сөздіктің теор. мәселелері теоретик. Лексикологияда қарастырылады; ол Лексикология теориясы мен Лексикология тарихына бөлінеді. Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді, т.б.) және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны, т.б.) зерттейді. Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикограф. тұжырымдамалар тарихы және Лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік Лексикографияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикол., сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады. Л-ның негізгі түрлері — жалпы аударма терминол. үйренімдік Лексикология және есептеу Лексикологиясы.
Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін, тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау және оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп әр түрлі сөздіктердіжасау лексикологияны және лексикографияның теориясымен практикасын жете білуді қажет етеді.
Лексикография теориясы әр түлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады. Сөздіктерді жасау жұмысында, олардың сапасын арттыруда лексикография теориясының маңызы айрықша. Сөздіктің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: сөздің лексикалық мағыналарының типтері, мағына мен қолданыс, сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі, полисемия құбылысы мен омономия құбылысының айырмашылығы, фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері, сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағымен шегі сөздерге берілетін анықтама мен стилистикалық мінездеме және т.б.
Сөздіктердің тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері деп аталады.
Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді ғана емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексикасының белгілі бір саласын қамтитын сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б.) жатқызуға болады.
Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі-екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
Сөздіктер оларда берілген сөздердің альфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет-ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді:
дыбыстық немесе альфавиттік сөздіктер;
идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі.
Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралымағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік.
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер:
Түсіндірме сөздік
Аударма сөздік
Терминологиялық сөздік
Диалектологиялық сөздік
Фразеологиялық сөздік
Синонимдер сөздігі
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуытуралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік 2. Орфографиялық сөздік
Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиалық сөздіктер 2. Иллюстративті сөздік