Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.
16. Лексиканың актив және пассив қабаттары. Жаргондық лексика. Кәсіби лексика. Диалектілік лексика . Терминдік лексика. Көнерген сөздер. Эмоционалды – экспрессивті лексика. Жауап.Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б).
Жаргон (ағылш. slang; jargon;) - әлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен және фразеологиямен, экспрессиялылықты әңгiме аралық тiлден және сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық және грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жаргондық лексиктiң бөлiгi - сайман, бiр емес емес, (соның iшiнде және одан тарлау жоғалған) көп әлеуметтiк топ. Олардың ортақ қорының сөзi форманы және мән бiр жаргоннан басқасына өте өзгерте алады: «аргоға қараңғылатсын - олжаны қашыртсын, сонан соң - (жауап алуда) қулансын, қазiргi жастар жаргонында - жауаптан балдырлап, жалтару.
Жаргондардың түрлерi
Әскери жаргон
Журналисттiк жаргон
Компьютер сленгi
Ойын жаргон
Торлық жаргон
Падонков жаргон
Жаргон Фидонета
Жастар сленгi
Радиоәуесқой жаргоны
Сленг нашақор
Футбол бұзақылықтарының сленгi
Қылмыстық жаргон
Феня
Кәсіби лексика - белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданылатын және сол мамандықтың адамдарына ғана түсінікті болып келетін сөздер.
Мысалы, ау, саржал, кептербалық шаруашылығына байланысты.
Диалектілік лексика ұлттық тілдің бір тармағы болғандықтан, оның басқа тармақтары сияқты көлемдік жағынан да, мағыналық жағынан да дамуға, азды-көпті өзгеруге тиіс, бұл – оның ұлттық әдеби тілмен қатар күнделікті қарым-қатынас құралы қызметінің нәтижесі. Жалпы әлемдегі, нақты қоғамдағы өзгерістен диалектілік лексика тыс қала алмайды, жаңадан пайда болған, танылған ұғымдарды атау қажеттігі қоғам иесінің, тіл иесінің бәріне ортақ, тек кей жағдайда тіл иелері жаңа ұғымның жалпыхалықтың әдеби атауымен қатар жергілікті атауын жасап, екеуін қатар қолдануы мүмкін немесе тіл иесі этнос үшін жаңа ұғым атауының аймақтың сипаты болуы жат емес, бұл соңғысы бөтен тілдік ортада, шекаралас аралас сөйленіс, аралдық сөйленіс жағдайында кездесуі де тілдердің өмір сүру жағдайында бар құбылыс.
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер.
Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивті-эмоционалды лексика деп аталады. Экспрессивті-эмоционалдық сөздер көп жағдайда көркем әдебиет стилінде жиі қолданылатын құбылыс. Әрбір жазушы өзінің көркем шығармасында белгілі бір образ жасау барысында бейнелеу құралының осы түрін пайдалануға тырысады. Экспрессивті-эмоционалды сөздер тек көркем әдебиетте ғана қолданылады деген сыңаржақ ой туындауы мүмкін. Эксперссивтік бояуы бар сөздер сонымен қатар публицистикалық, сөйлеу стильдерінде де барынша ерекшелене түседі. Экспрессивті және эмоционалды бояуы бар сөздерді қолданудың мәні де ерекше.
Экспрессивтік- эмоционалды лексика әр түрлі жолмен пайда болған:
А) бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұрады. Мысалы: масқара, әттең, тамаша, шіркін, ғажап, тағы басқа. Мысалы: – Ғажап екен!- деді басын шайқап. – Ғажап екен. – Керемет екен,- деді қыз сүйсіне тыңдап.
Ә) морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту, тағы басқа қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: құлыншақ, ботақан, інішек, балақай, ағеке, ағатай [2, 171].
Экспрессивті- эмоционалды сөздер бұдан басқа фонетикалық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады. Мысалы: Қақаған аязда үстіме бір шелек су құя салғандай немесе түшіркене ұйықтап жатқанымда қойныма сұп-суық жыланда салғандай-ай-ай-ай... ай... ай.... Ай-ай! [9, 421]
Сонымен қорыта келе, эмоция ол – қоршаған ортадағы әсер тудырушы ақпараттарды сезімге апаратын саты. Ол – сезім күйі мен оның қысқа мерзімді айқын көрінісі, жан дүниесінің жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық үдеріс. Эмоция мен экспрессия сөздерінің екеуі де эмоцияның қатысуымен, яғни даму жолында бастау бұлағын адамның эмоциясы арқылы шыққан сөздерден алатын болып табылады.