Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.
6. Сөз мағынасы ауысуының ішкі және сыртқы себептері. Жауап:Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар: 1. Сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері; 2. Тілдік немесе лингвистикалық себептер. Бұл себептердің біріншісі екіншісіне қарағанда көбірек зерттелген.
Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола тұрып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына әсер етпей қала алмайды. Мысалы, жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге 1) “идея бағыты”, 2) “тәсіл” тәрізді абстракты, қосымша мағыналарға ие болған.