Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.
8. Синекдоха тәсілі арқылы сөз мағынасының ауысуы.
Жауап. Синекдоха – метонимияға жақын, өйткені синекдоха екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмашылығы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды, ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды
Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда:
бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осы сөйлемдердегі бас, тұяқ, қол деген сөздер бір бүтін дененің бір-бір ғана бөлшегі болып тұрған жоқ, сол кішкене бөлшекті білдіретін сөздің мағынасы зорайып, белгілі бір бүтін дененің орнына ауысып қолданылып тұр. Ең шебері — анау мұрт, Осының бәрі — мына сақалдың ақылы деген тәрізді сөйлемдер де қолданылады. Әрине, мұндағы сақал, мұрт дегендер адам орнына жұмсалып тұр.