Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы


Омонимдер, оның пайда болу жолдары. Омонимия, омонимдердің түрлері. Омонимия және оған ұқсас құбылыстар.Омонимия және полисемия құбылыстары, ерекшеліктері



бет7/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

10. Омонимдер, оның пайда болу жолдары. Омонимия, омонимдердің түрлері. Омонимия және оған ұқсас құбылыстар.Омонимия және полисемия құбылыстары, ерекшеліктері
Жауап. Омонимия (гр. homos — біркелкі, аттас, onyma — есім) — тіл біліміндегі әр түрлі тілдік бірліктердің (единицалардың) мағыналары әр түрлі болып, дыбыстық жағынан сәйкес келетін түрлерін (омонимдерді) зерттейтін ғылым саласы. Омонимдердің белгілі бір тілде пайда болу себептерін ғалымдар әр түрлі түсіндіреді: тіл тарихындағы көнерген сөздердің жаңа мағынаға ие болуы; басқа тілдерден сөздердің ауысу процесі; ұлт тілінің өзінің баю барысы т. с. с. Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.
1. Жүз – жүз (сан есім).
2. Жүз - өң, бет, әлпет (зат есім).
3. Жүз – суда жүз (етістік).
Полисемия мен омонимдерді бір – бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір – бірінен ажырату мәселесі тіл білімінде өте–мөте күрделі мәселеле болып табылады. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. Бұл омонимдер құбылысының қатарында қарастырылғанда, сөздердің, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің орфографиялық жағы мен орфоэпиялық жағының ара қатынасы ескеріледі.
К.Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен. Олар:
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика – семантикалық тәсілі арқылы пайда болған.
2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған.
3)Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады.
4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.
Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады.
Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет