Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы


Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінед



бет10/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді:
а) мағыналық сино-нимдер.
ә) стильдік синонимдср
б) мағыналық-стнльдік синонимдер.


12.Антонимдер, оның түрлері. Сөйлеудегі қолданысы.
Жауап. Антонимдер - (гр. ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер[1]. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.
Антоним сөздердің арасында ұғымдык жакындык болады. Антонимдік жұп кұраіггын сыңарлар белгілі бір сапаның карама карсы багасының атауы болып табылады. Мысалы: Көз-коркак. кол-батыр. Бұл мысалдагы батыр-коркак сөздері біртектес ұгы.мдар Бұлар антонимдік жұп болады да сапага катысты әртектес ұгымдар антонимдік жұп кұрай алмайды.
Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: өлі-тірі дсген антонимдер тек жанды адамзат, галамзат атауларымен ғана тіркесе алады. Мысалы. Өлі арыстаннан тірі тышкан артык.
Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде катар келіп отыруы шартты емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнешс синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір гана ұгымды білдіруі де мүмкін.
Антонимдер — семантикалык кұбылыс, ягни магыналык карама-карсылыкка негізделеді. Сонымен катар антонимдер — лексиканың полисемия, синонимия, омоннмия сиякты топтарымен араласып, астасып жаткан аса мол сала. Мысалы, Қой семірсе- кұт, ешкі семірсе — жұт.
Антонимдерге ен бай сөз табы- сын есімдер. Ал етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, ал калган сөз таптарынан өте сирек ұшырасады. Мысалы: Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер. Ашу түбі-тұцгиык, батасыц да кетесін, Акыл түбі- желкайық, мінесің де кетесің (макал).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет