Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы


Сөз мағынасының метанимия тәсілі арқылы ауысуы



бет4/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

7. Сөз мағынасының метанимия тәсілі арқылы ауысуы.
Жауап. Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Тілімізде мифологиялық метонимиялар да кездеседі: Парнас – поэзия мен музыка мекендейтін тау аты, Пегас – Зевстің қанатты тұлпары, ақындарды рухтандырушы. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б. Метонимия заттар мен құбылыстар атауын нақты мағынадағы байланысына қарай алмастырады. Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет