Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы



бет6/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

9. Сөздің көп мағыналығы.
Жауап. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқаңда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі — сөздң көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз. Сөздің-көп мағыналығы — негізінде сөздік қордағы сөздерге тән касиет. Heгe десеңіз, бұлар — ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі: Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туыңды мағыналарға ие болған.
Мысалы: Бас (зат есім) – 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет