Сјулеттік жобаєа ќойылатын шарттар мен талаптар



бет22/23
Дата06.02.2022
өлшемі450 Kb.
#75499
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Практикалық жұмыс:

Оқушылар дайын шаблондарды пайдалана отырып, жұмысты бастаймыз. Мұғалім оқушыларға жұмыс барысында көмек беріп отырады.

  1. Қорытынды:

Жасалған қозғалмалы ойыншықтарын жинап алып, оқушылардың жұмыстарын бағалаймыз. Олардың сәл жіберген қателіктері болса айтып қорытындылаймыз.
Оқушыларға жұмыс орындарын жинатып, тазалық сақтау ережелерін орындатамын
Қорытынды
«Кез келген халықтың алыс заманалардан бері қалыптасқан өзіндік болмыс бітімі , салт дәстүрі , материалдық және рухани мұралары - сол халықтың ғұмыр жолының айнасы». (А. Сейдембеков «Күңгір- күңгір күмбездер» 14 бет)
Халықтың сәндік-қолданбалы өнері-көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі мен өшпес мұрасы. Сәндік – қолданбалы өнер туындылары – кез-келген ұлтың әдет-ғұрыпының, көркемдік салт-дәстрдің бет пердесі, сонымен бірге сол халықтың көркем тәжрибесі мен тарихының ескеркіші. Кейбір кезде осы бір сәндік қолөнері болсын басқа да мәдени мұраларымызбен руқани құндылықтрымызды танып білуге дәрменсіздік көрсетіп жүрміз. Сол себепті бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі қолданбалы сәндік қолөнерін жан-жақты зерттеп, жастарды сол ұлттық салт-дәстүрдің мол мұраларын бойларына сіңіре отырып,тәрбилеу арқылы, бойларына рухани және эстетикалық мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі өсіп отыр.
Сондай қажеттіліктің бірі халықтың қолданбалы сәндік қолөнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнер, әшекейлеу өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбилеуде тиімді пайдалана білу болып табылады.
Жаңа Қазақстанның оқу жүйесінің сапасын арттыруда оқытушылардың әлеуметтік және психологиялық жағдайының маңызына ерекше көңіл бөлу қажет. Оқытушыларға қазіргі таңда үлкен жоғарғы талаптар қойылып отыр. Оқу процесі кезінде оқытушының жан-жақты болуы білімінің деңгейі және оның психологиялық жағдайы үлкен әсер етеді.
Түсніктеме хаттаманың бірінші тарауында халқымыздың ұлттық мәдени құндылықтарының сәндік қолданбалы өнер түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталды. Теориялық бөлімінің екінші тарауында ағаш өңдеу тәсілдері және олардың ұлт мәдениетіндегі ролі қарастырылды. Осы тараудың бөлімдерінде халқымыздың мәдени құндылықтарының бірі ою-өрнектердің дизайындағы, архитектурадағы, сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы және жалпы өнердегі орны туралы қарастырылды.
Қазіргі таңда жас ұрпақтардың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда ұлттық өнер түрімен жаңа заман өнер түрлерінің араласу синтезінен туған өнер туындыларының рөлі зор.
Диплом жұмысында қазіргі замандағы Қазақстан дизайнда және бйнелеу өнерінде әр түрлі халықтар өнерлерінің синтезінен құралған өнер туындылары қарастырылды. Үшінші тарауда әдістемелік бөлім онда еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары, бейнелеу өнерінің күнтізбелік және сабақ жоспары ұсынылып отыр.
Диплом жұмысын теориялық және практикалық тұрғыдан зертей келіп сәндік қолданбалы өнер бұйымдары өзінің құндылығын өнер туындысы ретінде және жас ұрпақты тәрбилейтін құрал ретінде маңыз зор.
Қандайда болмасын қоғамның мәдениетінің ілгері дамуы, әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Мәдениеттің қақ ортасында өнер тұр. Өнер-адамзат өмір жолының ең ертедегі формаларының бірі болып келеді. Адамның әлемге көзқарасы өнер тұрғысынан алғанда, айналадағы, қоғамдағы құбылыстардың ортасында тұрады. Бейнелеу өнері болсын, өнердің қай бір түрі болсын өз шығармаларында қоғамдағы, өмірдегі болып жатқан құбылыстарды бейнелемей оны айналып өте алмайды. Сондықтан халқымыздың алыс заманалардан бері қалыптасқан, өзіндік мәдениетінен сыр шертетін бейнелеу өнер туындылары, сол ұлттық мәдениетіміздің ғұмыр жолының айнасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет