Султанова нургуль камильевна



бет4/19
Дата27.02.2020
өлшемі5,12 Mb.
#57749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

НМ

НМ

Яғни нақты мақсаттан бірнеше мақсаттар бөлінеді. Жеке мақсаттарға жету арқылы нақты мақсат орындалады.

3. Оқу материялдық толық жеткілікті берілу принципі. Оқу татериалының дидактикалық мақсатқа лайықталып берілуі. Әр модульдегі оқу материалы біршама аяқталған блок ретінде келуі.

4. Модуль элементтерінің біршашама дербес болуы принципі. Бұл принцип жеке дидактикалық мақсаттың дербестігімен байланысты.

5. Кері байланысты іске асыру принципі. Игерілетін білім деңгейі, нәтижесі тексеріліп отырады. Бұл мақсатта күнделікті, арлық және жалпылама тексерулер жүргізіліп отыруы керек. Күнделікті және аралық тексерулер студенттердің біліміндегі лоқылықтары толықтыру мақсатын көздесе, қорытынды тексерулер модульді игеру деңгейін айқындауға бағытталады.

6. Информациялық және әдістемелік материалды тиімді жеткізу принципі. Модуль материалының білім алушының мүмкіндігіне ыңғайланып құрылуы т.б.

Бұл принциптер – модуль бағдарламасын жасаудағы жалпы принциптер. Сонымен қатар бағдарламаның типіне қарай арнайы принциптер де басшылыққа алынады. Оқу материалының мазмұны пәннің мазмұнына сай болу принципі. Яғни әр модуль мазмұны пән бойынша белгілі бір заңдылыққа, ұғымға құбылысқа сай құрылуы, олардың бір- бірімен байланысы, жиынтығы пәннің ерекшелігін көрсете алатындай болуы ескертіледі.

Оқу материалының мазмұнын пәннің мазмұнына лайықтап құруда

П. Юциявичение мынадай жүйе ұсынды:


  • бірнеше мақсаттан тұратын нақты мақсатқа құрылған логика- құрылымдық схема жасау;

  • пәннің мазмұның схема құрылымына қарай құру;

  • модульдың мазмұның құруда оқу материалының мазмұнына жүйелі талдау, логикаклық диограмма, имитациялық модульдеу әдістерін пайдалану;т.б.

  • Танымдық бағдарламаның бұл принципі бойынша модульдің мазмұны логика- құрылымдық жағынан жүйелі , жинақы беріледі.Қайталауларға жол берілмейді.Ю.А. Устынюктің дәлелдеуі бойынша: «Без ущерба для полноты изложений и глубины освоение модульное построение, по оценкам американских специалистов, позволяет сократить курс на 30 процентов и более» (15:15).

Модульдегі оқу материалының мазмұны іргелі, негізгі ұғымдар мен заңдылықтарға құрылу принципі.Осыған орай іргелі білім алу мәселесі модульдің жеке мақсаттарында айқындауы тиіс.Мұндай бағдарламаның екінші типінде :

Басты дидактикалық мақсаттың қалыптасуында әрекет жағының басым болу принципі, яғни модульдің мазмұны адамды белгілі бір әрекетке дайындау мақсатында құрылуы;

Оқытудың мазмұнындағы функционалдық принцип, яғни нақты мақсат адамның іскелігі мен дағдысын қалыптастыруға, кәсіби біліктілігін көтерілуге бағытталуы басшылыққа алынады.

Модуль бағдарламасын жасауда бұл принциптердің басшылыққа алынуы, біріншіден, бағдарламаның құрылымын айқындауға, екіншіден, модульдің мазмұнын нақтылауға мүмкіндік береді.

Модуль бағдарламасын жасауда бұл қағидалардан басқа жалпы дидактикалық принциптер де ескертіледі. Мысалы:


  • жүйелік, бірізділік, материалдық жеңілден ауырға қарай берілуі;

  • логикалық жалғастық, яғни әр модуль бірін- бірі толықтырып, жалғасып жататындай құрылуы;

  • теорияның практикамен ұштастығы, яғни теориялық материал практикалық құралдан бекітілуі.Осыған орай әр модульде практикалық мақсаттағы бірнеше тапсырмалардың беріліп отыруы;

  • білімнің берік болу принципі. Бұл орайда әр модульдің теориялық материялдары бірнеше нысанда қайталанады. Атап айтқанда : семинар түрінде, лабороториялық жұмыста, өздік дұмыс арқылы үй тапсырмасы, реферат, тест, колоквиум түрінде т.б.

  • ғылымдық- принципі. Әр модульдің құрылымы дербес ғылымның соңғы жаңалықтары мен толықтырылып, өзгертіп отыруға қолайлы болуы т.б.

Модуль бағдарламасының (М.Б) өзіне тән құрылымы болады.Оны құруда басты мақсатты айқындау керек. Мысалы, 3 сыныптағы музыка бағдарламасындағы «Айтыс» тақырыбын меңгерудің басты мақсаты : айтыс- өнердің бір түрі ретінде жалпы түсініктерін қалыптастыру. Басты мақсаттан үш түрлі нақты мақсат тарайтындығын 4-кесте арқылы меңгереміз:
Кесте – 4. Айтыс тақырыбына модульді құрастыру


Айтыс өнеріне анықтама беру

Айтыс өнерінің түрлері

Айтыс өнерінің мәні

Осыдан бұл тақырыптың модульге құрылған бағдарламасының құрылымы 5- кесте арқылы шығады:


Кесте – 5. Модуль бағдарламасының құрылымы


М.Б



Б. М

М.Б

М.Б

М.Б

Модуль бағдарламасы мен жеке модульдердің құрылымы пәнді оқытудың дидактикалық мақсатында негізделеді. Бұл процестің жалпы сипаты:



  • басты дидактикалық мақсатты айқындау, М.Б-сын атау;

  • басты мақсаттан тарайтын нақты мақсаттарды айқындап, модульдерді соған қарай бөлу;

  • модульдік бағдарламасының құрылымдық схемасыеберу;

  • әрбір нақты дидактикалық мақсат жеке мақсаттарың құрылымын айқындайды;

  • Жеке мақсаттардың (Ж.М) құрылымы негізінде нақты модульдің құрылымы түзеледі.

Модульді оқыту технологиясы, ерекшелігі:

  1. Мазмұны жағынан бұл тұтас, логикалық тұрғыдан аяқталған ірі блок.

  2. Модульдің мазмұны пән мазмұнына сәйкес анықталуы.

  3. Модульдік оқыту үрдісінде баланың барлық іс - әрекеті, жұмысы бағалануы: тапсырма орындау шеберлігі, дұрыстылығы, сабаққа қатысуы, аралық және қорытынды білім деңгейі.

  4. Модульде оқудың мақсат міндеттері анықталып, іскерлік пен дағдылардың тізбегі көрсетіледі.

  5. Программалық оқыту технологиясы модульдік оқытуда барлық процестер алдын- ала жоспарланып, белгіленеді: оқытылатын оқыма – теориялық жүргізудің дәрежесі.

  6. Толық курс 3 тен артық модульді біріктіреді.(3-тен кем болмауы тиіс).

  7. Әрбір модульді аяқтаған соң тестік бақылау жүргізіледі, сол арқылы әрбір баланың материалды қаншалықты деңгейде игергендігін аңықтай аламыз.

  8. Модульдік технологияға тән басты қасиет – нақтылық, яғни барлық процестер білім деңгейі реттік баға дәрежесіне байланысты анықтайды.


Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту

Оның мазмұны:

1.оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

5. нәтижені бағалау



Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)

2. сөйлесу бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық

іс-әрекетін ұйымдастыру)

3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты.

Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім, оны төмендегі кестеден көруге болады:




Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

ескертулер

 

Кіріспе бөлім

 

1-сабақ


1.        Модульге кіріспе

2.        Әңгіме дәріс

3.        Тақтамен жұмыс

4.        Қорытындылау



 

1 сағат


Сұхбат бөліміне дайындық

 

 

Сұхбат немесе сөйлесу бөлімі



 

1-сабақ


Диалогтық бөлім ойын түрінде (аспаптардың дыбыстарын ажырату)

1 сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

 

2-сабақ


Деңгейлік тапсырмалар (нотамен есеп шығару)

 

1сағат


Есеп(нотаның түрлері) шығара білуге үйрену

 

3-сабақ


1.        Өзіндік жұмыс

2.        Технологиялық карта 3.       әуенді тап?



 

 

1 сағат



Шығармашы -

лыққа баулу



 

4-сабақ


1.        Топпен жұмыс

2.        («Түртіп алу әдісі»- INSERT



 

1 сағат


Қорытынды бөлімге дайындық

  

Қорытынды бөлім

 1-сабақ

Сөзжұмбақ ребус, анограмма шешу. Тест тапсырмаларын алу.

 1 сағат

 Қайталау

 

2-сабақ


Бақылау жұмысы

1 сағат

 

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Модельдеу және жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері неде?

  1. Модуль ұғымы нені білдіреді?

  1. Модуль бағдарламасын жасауда нелер ескеріледі?


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Никадров Н.Д. «Современная высшая школа капиталистических стран» «Оснавные вопросы дидактики».

  2. П. Юцявичение «Теория и практика модульного обучения». Каунас 1998.

  3. Байсалов Д.У. «Научно- методические основы создания и использования модульного обучения в методической подготовке студентов математиков в педвузе » Рукопись докт. Дисерт. 1998.


Тақырып 3. Музыкалық тәжірбиеде мектеп оқушыларының шығармашылыған дамытудың тиімді жолдары – 4 сағ.
Жоспары:

  1. Бүгінгі таңдағы білім сапасының негізі.

  1. Музыка сабағын жоспарлаудың оқыту формасы.

  1. Шығармашылық дамытуға байланысты сабақтың жоспары.

Қазіргі Қазақстандық білім беру кеңестігінде түбегейлі өзгерістер – тарихи объективті процестер. Білім беру саласының реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, студенттердің, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. «Қазақастан Республикасының білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналаған мемелекеттік бағдарламасында» түсініктемеде: «Білімді, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпаараттық-зияткерлік ресурстардағы өз бетінше тауып, талдап және пайдаланы білетін, идеялардың қуаты көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында даитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ. Шығармашылық қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда қабілеттерді «тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді. «Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.



«Қабілеттер - деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды».

«Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский.

«Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т.Тәжібаев.

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады.

Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.

«Шығармашылық қабілеттер» ұғымы «шығармашылық», «шығармашылық әрекет» ұғымдарымен тығыз байланысты.



Шығармашылық – нәтижесі жаңа материалдық және рухани құндылықтар болатын әрекет; психикалық белсенділіктің жоғары формасы, жаңа бір нәрсе жасауға қабілеттілік. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Шығармашылық әрекет нәтижесінде шығармашылық қабілеттер дамиды және қалыптасады. Шығармашылық әрекет - өте күрделі үдеріс және ол адамға ғана тән. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.

«Шығармашылық қабілеттер» немесе «креативтілік» деген не? Латын тілінен аударғанда креативтілік «ойлап табу, жасап шығару» дегенді білдіреді.

Шығармашылық ─ өте күрделі психологиялық үдеріс. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктермен сипатталған адам әрекеті деуге болады:

  • шығармашылықта қарама-қайшылықтардың болуы;

  • әлеуметтік және жеке адамға тән мәнінің болуы;

  • шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

  • шығармашыл тұлғаның даралық қасиеттерінің болуы;

  • нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде әр түрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе, – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» - делінген.

Соңғы кезде «шығармашылық» сөзі мен «жаңалық» сөзі мәндес, астарлас болып табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей «бұрын болмаған жаңалық» деу үзілді-кесілді мүмкін болғанымен, ерекше соны жаңалық, жаңа жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті жаңалық, ол тек қана өзі үшін жаңалық болып табылады.

Е.П.Торренстің пікірінше, креативтілік - білімдердегі кемшіліктерді, олқылықтарды қабылдауға қабілеттілік. Ғалым шығармашылық әрекеттің құрылымында төмендегілерді бөліп көрсетеді:


  1. Проблеманы қабылдау.

  2. Шешімді іздеу.

  3. Болжамның пайда болуы және көрінуі.

  4. Болжамды тексеру.

5. Олардың өзгерісін тексеру.

6. Нәтижелерді табу.



Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде – бәрінде шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп жатады. Табиғат ішкі шығармашылық үдерістерді өзі басқарады. Сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасына, қызметіне байланысты. Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі.

В.С.Шубинский шығармашылық үдерісті үш сатыға бөліп, ондағы көрінетін қабілет – қасиеттерді көрсеткен:

1. Жаңаны, өзгеше, тың дүниені сезе білу, қарама-қайшылықтарды түсіне білуде сезімталдық, сындарлылық, шығармашылық ой талдауға бейімділік, жан-дүниесінде ішкі тартысты оята білу қабілеті, танымдық қызығушылық, яғни шығармашылық көңіл-күйдің туу кезеңі.

2. Интуиция, шығармашылық қиял, әдемілікті сезіне білу, сөз ұшқырлығы, қайшылықтарды түсіну, ой қызметінің ерекшелігі, батылдық, шығармашылыққа деген ішкі құштарлық, яғни оқиға, образ жасаудың бағдар ұстанар кезеңі.

3. Өзіндік сын, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, дәлелдеме, дәйектемелер ұсына білу, оның формаларын табу, яғни сын, дәлелдеме сатысы.

Осы зерттеулерге сүйене отырып, шығармашылық үдерістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады:


  1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

  2. Шығармашылық екіұштылық, белгісіздік.

  3. Шешімнің жарқ етуі.

  4. Шығармашылық акт.

  5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық қабілеттілік – баланың өз бетінше жаңа бір бейне құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеті оның оқу үдерісіне араласуын арттырады, білімдерді табысты игеруге ықпал жасайды, интеллектуалдық күш-жігерді, өзіне деген сенімділікті ынталандырады, көзқарастардың тәуелсіздігін тәрбиелейді.



Шығармашылық әрекетті тиімді ұйымдастырудың негізгі принциптері:

  1. Қандай деңгейдегі шығармашылық әрекет жасағанына қарамастан баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, құрметтеу.

  2. Бастауыш сынып оқушыларының барлық шығармашылық белсенділігінің көрінуіне мұқият назар аудару.

  3. Баланың психологиялық еркіндігі: таңдау еркіндігі, сезімдерін көрсету еркіндігі, өз бетінше шешім қабылдау еркіндігі.

  4. Өзін-өзі бағалаудың артуы мен нығаюы.

  5. Шығармашылыққа толы білім беру ортасын құру.

  6. Мұғалімнің шығармашылық позициясы.

Аталмыш психологиялық-педагогикалық принциптер бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірін-бірі толықтыру арқылы біртұтас ізгілендіруге бағдарланған жүйе құрайды. Оның мақсаты – тұлғаға бағдарлап оқыту арқылы оқушыны шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыру.

Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының шарттары:

а) пәнге үйретудің еркіндігі. Бұл шарт оқушыларға өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;

ә) сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы, бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық, шығармашылық әрекеттің де жан-жақты болуына әсер етеді;

б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып, өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы, шығармашылық жұмыстардың белгілі кезеңдерінің орындалу жүрісі, оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.



Бастауыш сынып оқушылары олармен жұмыс жасайтын мұғалім мен шығармашылық мүмкіндікті дамытуға бағытталған бүкіл мектептің жұмыс жүйесі ұсынған төмендегідей шығармашылық жұмыс түрлеріне міндетті түрде қатысуға ұмтылады:

● интеллектуалдық марафон

● интеллектуалды олимпиадалық ойындар

● шығармашылық интеллектуалдық конкурстар

● отбасылық интеллектуалдық брейн-рингтер

● интеллектуалдық клубтар

● оқушылардың қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер.

Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын мұғалім дәл осы жас кезеңі ақыл-ой әрекетіне қызығушылық пен қажеттілікті тудыратынын естен шығармауы тиіс. Егер ол бастауыш мектепте қалыптаспаса, жасөспірім шақта шығармашылық бағытта жұмыс жасау өте қиынға соғады.



Шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі бағыттары:

● Ойын әрекеті

● Шығармашылық құрастыру

● Шығармалар мен диктанттар

● Сабақтардың сюжетті және тақырыптық циклдары, панорамалық сабақтар

● Интеллектуалдық ойындар.




Танымдық қы-зығушылық-тың көрінуі, шығармашы-лық жұмысқа бейімділік, жаңа, тың нәрсені сезіну

Шығармашылық іс-әрекеттің мәнін түсіну, өз ісіне сын көзбен қарау, өз ісіне ләззаттану сезімінің пайда болуы, тұлғаның дамуы

Әр түрлі мәліметтер мен деректер арасындағы байланысты білу, берілген мәліметті өңдеп, басқа күйге келтіру, шығармашылық іс-әрекетте қажетті психикалық құрылымның қалыптасуы


Шығармашылық әрекеттің нәтижесі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет