3.18 Тұрақты ағыс коэффициенті:
Су жинау бассейні бетінің түріне ғана
байланысты ағыс коэффициенті.
3.19 Жергілікті тазарту құрылыстары:
Абоненттің (қосалқы абоненттің) ағынды
суларын коммуналдық немесе жаңбырлы кәріз жүйесіне ағызу (қабылдау) алдында
тазалауға арналған құрылыстар мен құрылғылар.
3.20
Қолайлы шешімдер әдісі:
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері
жөніндегі уәкілетті орган мақұлдаған қолданыстағы, ұйғарымды нормативтік талаптарды
қолдануды білдіретін параметрлік нормаларды сақтау әдісі.
3.21 Су сапасының нормалары:
Су пайдаланудың нақты түрлері үшін су сапасы
көрсеткіштерінің белгіленген мәндері.
3.22 Кәріздің жалпы қорытпа жүйесі:
Тұрмыстық, өндірістік, дренаждық, беттік
және суару-жуу орындарын қоса алғанда, ағынды сулардың барлық түрлерін тазартуға
және бірлесіп бұруға арналған кәріз жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |