ҚР ҚЖ 4.01-106-2018
III
КІРІСПЕ
Қоныстанған аумақтар мен кәсіпорындар алаңдарының
беттік ағынды суларын
тазалауға арналған құрылыстарды пайдалануды ескере отырып,
ұсынымдар мен
шешімдер беру құжат қағидаты болып табылады. Беттік ағынды сулар қоршаған ортаны
табиғи және техногендік сипаттағы түрлі қоспалармен ластаудың қарқынды көздерінің
бірі болып табылады.
Осы Қағидалар жинағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарға, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының
Экологиялық кодексінде, Қазақстан Республикасының Су
кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы»
Қазақстан
Республикасының
Заңында,
сондай-ақ
«Ғимараттар
мен
құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» Қазақстан Республикасының Техникалық регламентінде және басқа да
нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға қолайлы
шешімдер мен параметрлерді
ұсынады, оларды орындау нәтижесінде қоныстанған аумақтардан және кәсіпорын
алаңдарынан беттік ағынды суларды тазарту жолымен су
ресурстары мен қоршаған
ортаның ластануын болдырмау жөніндегі талаптар іске асырылатын болады.