Байланысты: ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:АСТ постулаттары мен негізгі жағдайы.Оқу үдерісіндегі АСТ
27 - дәріс. Тақырыбы: Статистикалық физика мен термодинамиканың түбегейлі теориясы.
Мақсаты: Оқу үдерісіндегі статистикалық физика мен термодинамиканың орны мен рөлін талдау
Термодинамикалық денелердің молекулалық құрылымы ескерілмей, энергетикалық түрленулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі
Молекулалы-кинетикалық. Жылулық құбылыстарды қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады. Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық құрылымы теориясын көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің жалпылама қорытындысы ретінде М.В.Ломоносов жасады.
МКТ-ның негізгі қағидалары
• Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады.
• Бөлшектер бейберекет қозғалыста болады. Әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді. Сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды.
• Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады.
МКТ-ның негізгі қағидаларын дәлелдейтін тәжірибелік дәлелдемелер:
1. заттар бөлінгіш.
2. Газдар сығылғыш
3. Газ кез келген көлемді алады.
4. Диффузия –бір зат молекулаларының екінші зат молекулааралық кеңістігіне ену құбылысы.
5. броундық қозғалыс –сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
Молекула саны
мысалы судың массасы 1 г, көлемі 1 см3 деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтаймыз.
Су молекуласының диаметрін d=V/S
арқылы анықтаймыз.
Тамшының көлемін молекуланың көлеміне бөліп, молекула санын анықтаймыз. МКТ-ның негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері.Салыстырмалы молекулалық масса Мr -деп берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.