Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»


Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар



бет40/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)

11 Курстық жұмыстар жазу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар
1 Жалпы ережелер
Курстық жұмыс оқу үрдісінің ең маңызды түрлерінің бірі болып табылады және пән бағдарламыс бойынша жеткешісі ұсынған немесе өзбетімен таңдаған тақырыбы бойынша студенттің ғылыми зертеу жұмысын көрсетеді.
Курстық жұмысты (жобаны) орындаудың мақсаты:
1) пән бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, өндірістік мақсаттарды шешуге;
2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;
3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;
Курстық жұмыс ие болуы қажет:
- мақсатты бағытқа;
- анық құрылымға;
- материалды мазмұндауда логикалық бірізділікке;
- мәселелерді толық айықндау және терең зерттеуге;
- дәлелді аргументке;
- тұжырымдаудың қысқалығы және нақтылығы;
- жұмыс нәтижелерін нақты мазмұндауға.
2 Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбына қойылатын талаптар
Курстық жұмыстың тақырыптары қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның дамуына сай болуы қажет. Курстық жұмыстың тақырыбы ғылыми жетекші кафедра жиналысында бектіледі.
3 Курстық жұмыстың мазмұны мен құрылымы
Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- титул беті;
- курстық жұмыстың орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:
- курстық жұмыс орындалған ұйымның атауы,
- курстық жұмыс орындалған кафедра атауы,
- жұмыстың түрі - курстық жұмыс,
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының тақырыбының, атауы,
- білім беру бағдарламасы атауы және коды,
- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,
- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,
- қала және жыл көрсетіледі,
Курстық жұмыстың мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.
Кіріспе бөлім курстық жұмыстың өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар жұмыстың мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.
Курстық жұмыстың негізгі бөлігінде, орындалған жұмыстың зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен курстық жұмыстың негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.
Курстық жұмыстың негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді.
Қорытынды бөлім курстық жұмыс зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Қосымшаға жұмыстың зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі. Курстық жұмыстағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-курстық жұмыстың авторы - өз мойнына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет