Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»



бет38/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)

балл қойылады, егер: әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасқан; материалдың мазмұны толық көлемде, дәйекті түрде аша алады; материалдары сауатты тілде жазылған, «Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша терминологияны дәл пайдалана отырып қорытындыларын қисынды жасайды; практикалық материалды жинақтау және жүйелеу біледі; қолданыстағы әдістемелер негізінде мәселені өз бетінше зерделей алады.

70-89 балл қойылады, егер: әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасқан; материалдары жазылған, негізгі терминдерді пайдалана отырып қорытындыларын жасайды; практикалық материалды жинақтау біледі; қолданыстағы әдістемелер негізінде мәселені оқытушының көмегімен зерделей алады.
50-69 балл қойылады, егер: әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары дұрыс қалыптаспаған; материалдары жазылған, бірақ терминдерді пайдалана отырып қорытындылар жасауда қиналады; практикалық материалды жинақтауда қателері бар; қолданыстағы әдістемелер негізінде мәселені оқытушының көмегімен таниды.
0-49 балл қойылады, егер: әдебиеттермен жұмыс жасау дағдылары қалыптаспаған; материалдары толық емес, терминдерді пайдаланбайды, практикалық материалды жинақтауда өрескел қателері бар.
9. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар
1-2 аралық бақылау материалдары

  1. Оқытудың мәні, құрылымы.

  2. Оқытудың қозғаушы күштері.

  3. Оқыту мен дамудың өзара қатыстылығы ретіндегі Л.С.Выготскийдің оқыту теориясы.

  4. Оқыту үрдісіндегі білімнің игерілуінің тиімділігі жағдайлары.

  5. Дамыта отырып, оқыту жүйесіндегі оқыту нәтижелерінің негізгі сипаттамалары.

  6. Психологияны оқыту әдістемесі үшін дамыта оқыту тұжырымдамасының маңызы.

  7. Жоғары оқу орнында дамытып оқытудың жағдайлары, оқу материалының мазмұны және оның ойлауды дамытудағы рөлі.

  8. Теориялық білімнің негізгі сипаттамалары.

  9. Жоғары оқу орнындағы қазіргі тұжырымдамалар.

  10. Оқып-білім алушының белсенді танымдық іс-әрекеті оқытудың психологиялық теориясының негізі ретінде

  11. Ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы бағдарламалы оқытудың негізі ретінде.

  12. Бағдарламалы оқытудың әдістемелік шаралары.

  13. Проблемалық оқытудың мәні.

  14. Проблемалы ситуацияларды құрудың психологиялық шарттары

  15. Интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез-құлық қалпы.

  16. Үлкен шеңбер, аквариум әдістерінің құрылымы.

  17. Пікірталас, рөлдік пікірталас, педагогикалық-психологиялық консилиум отырысы

  18. Интерактивті оқыту әдістері.

  19. Коммуникативті ойын және рефлексия

  20. Эвристикалық әңгіме, «ми шабуылы» әдісі

  21. ЖОО интерактивті оқыту ерекшеліктері.

  22. Интерактивті оқыту әдістері студенттердің таным қабілетін дамыту құралы ретінде қолдану.

  23. Оқытудың ұжымдық тәсілдері.

  24. Интерактивті оқытудың мысалы – кооперативті оқыту.

  25. Жобалау әдісі.

  26. Оқытудағы тұлғаның белсенділік мәселесі

  27. Ойындық педагогикалық технологиялар

  28. Лекцияның негізгі функциялары

  29. Лекция материалын іріктеудің негізгі принциптері

  30. Лекцияны даярлау және оқу әдістемесі

  31. Лекцияның ақпараттық бағдарлаушы, түсіндіруші функциялары

  32. Лекцияның сендіруші, әуестендіруші функциялары

  33. Лекция сапасының бағасы

  34. Проблемалық оқытудың формалары: дәстүрлі және проблемалық лекция

  35. Проблемалық оқытудың құралдары (оқытушының іс-әрекеті, оқу жадығатын сараптап жинақтау).

  36. Эвристикалық әңгімелесу ерекшеліктері

  37. Проблемалық оқытудың пәндік-мазмұндық сипаттамалары.

  38. Проблемалық лекцияның жетістіктері мен мақсаттары

  39. Практикалық сабақтардың мақсаты, құрылымы.

  40. Семинар сабақтары, олардың міндеттері.

  41. Семинар сабақтарының баға критерийлері

  42. Семинар сабақтарының формалары: просеминарлар, спецсеминарлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет