Сағат саны: 2 Мақсаты: Аспан денелерінің массаларын анықтау және гравитациялық үдеуді зерттеу.
Құралдар: «Астрономияческий календарь – постоянная часть», «Справочник любителя астрономии», калькулятор
Негізгі сұрақтар: екі дене есебі, Кеплер заңдары, Ньютон заңдары, шеңберлік жылдамдық, параболалық жылдамдық.
Тапсырмалар: Айдың Жерді айналған қозғалысы бойынша СИ жүйесінде Жердің массасын анықтаңыздар.
Төмендегі Кіші планетаның орташа, перигелийлік және афелийлік қашықтықтардағы шеңберлік, параболалық және нақты жылдамдығын анықтаңыздар.
1.Психея. 2. Андромаха. 3. Эксулапия. 4. Урания. 5. Галатея. 6. Глазенапия. 7. Полигимния. 8. Фотографика. 9. Фидес. 10. Гармония. 11. Палес. 12. Ева. 13. Офелия. 14. Ламберта. 15. Симиза.
2-пунктегі эллипстік орбита үшін есептелген жылдамдықтарға сүйеніп, денелердің осындай қозғалысына тән белгілер жөнінде қорыынды жасау.
Жер массасын бірлік етіп алып, мына денелердің массаларын анықта: Күн және
Марс (Фобос қозғалысы бойынша),
Юпитер (Ио серігінің қозғалысы бойынша).
Сатурн (Титанның қозғалысы бойынша ).
Уран (Ариэль қозғалысы бойынша ),
Нептун (Тритон қозғалысы бойынша)
Марс (Деймос қозғалысы бойынша ),
Юпитер ( Европа қозғалысы бойынша )
Сатурн ( Япет қозғалысы бойынша )
Плутон ( Харон қозғалысы бойынша)
Уран (Миранда қозғалысы бойынша)
11. Нептун ( Нереида қозғалысы бойынша )
12. Юпитер ( Амальтея қозғалысы бойынша)
13. Сатурн ( Энцелад қозғалысы бойынша)
14. Уран ( Оберон қозғалысы бойынша)
15. Сатурн ( Тефия қозғалысы бойынша)
Дәл сол планетаның, Айдың және Күннің бетіндегі ауырлық күші үдеуінің салыстырмалы мәнін табыңыздар. Осы аспан денелерінің бетіндегі өз салмақтарыңызды есептеңіздер.
Айдың және сол планетаның бетінде “Восток” космос кемесінің салмағын табыңыз.Осы кеменің Жер бетіндегі салмағы 4,7 т.
Сол аспан денелерінің бірінің бетінен бір, төрт және тоғыз радиусқа тең қашықтықтарда ауырлық күші үдеуін табу керек. Жердің және сол планетаның, Күннің тартылыс өрісіндегі гравитациялық үдеулерін табыңыздар.
Жердің және сол планетаның Күннің тартылыс өрісіндегі гравитациялық үдеуін есептеп табыңыз.
5-8 пункттерін талдап, әртүрлі денелердің тартылыс өрісінде гравитациялық үдеу мәндерінің әртүрлі мәнге ие болуының себептері жөнінде қортынды шығару.
Гравитациялық үдеудің сәйкес аргументтерден тәуелділігін графиктық түрде көрсету.
Күн, Ай және сол планетаның орташа тығыздығын өзгеріссіз қалдырып, диаметрілерін ойша екі есе өсіретін болсақ, олардың бетідегі ауырлық күші үдеуі сан мәні жағынан қандай болар еді?
Ай қазіргісінен гөрі екі есе үлкен қашықтықта Жерді айналатын болса, және сол кездегі периоды қазіргісіне тең болуы үшін Жердің бұл жағдайдағы массасы қазіргісімен салыстырғанда қандай болуы керек? Бұл гепотезалық жағдайдағы айдың гравитациялық үдеуін нақты мәнімен салыстырыңыздар.
Күннің массасы кенеттен өзгеріп қойсын делік, сол кезде сіздің планетаңыз өзінің орбитальдық жылдамдығын сақтай отырып, Күн серігі болудан қалу үшін Күннің бұл гипотезалық массасы қандай болу керек?