Сюжетті-рөлдік ойын"Дәрігер" Тақырыбы: «Дәрігер» Мақсаты: Білімділік



Дата16.05.2020
өлшемі19,45 Kb.
#69044
Байланысты:
ойын жоспар


Сюжетті-рөлдік ойын"Дәрігер"

Тақырыбы: «Дәрігер»
Мақсаты:

Білімділік: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамытушылық: Баланың дәрігер туралы білімдерін, бір - біріне деген жағымды қарым - қатынас жасау, ой - қиялын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Дәрігердің сезімталдығы мен кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты жақсы қасиеттерін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Ақ халат, ойыншықтар, медициналық ойыншықтар, құрал - жабдықтар, слайд көрсету, қуыршақ, дәріхананың макеті.
Тәрбиеші: Балалар бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбер
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын.
Деніміз сау болсын,
Достарымыз аман болсын!
Тәрбиеші: Балалар сендер қандай сюжетті ойындар білесіңдер?
Балаларға слайд көрсете отырып, мазмұндық ойындарды еске түсіріп жауаптарын алу.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді сендер қандай мазмұндық ойын ойнағыларың келеді.
Балалар: «Дәрігер» ойынын ойнағымыз келеді.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырсақ қайда барамыз?
Балалар: Дәрігерге
Тәрбиеші: Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Балалар: Ауруханада, емханада.
Тәрбиеші: Балалар біз ауырмау үшін, тамақтарымызды тауысып ішіп, дәрумендері көп көкөністер мен жемістерді көбірек жеуіміз керек. Сонымен қатар дәрігерге қаралуға барғанда дәрігерден қорықпай ауырған жерімізді емдетіп алғанымыз дұрыс.
Тәрбиеші: Ендеше балалар бүгін күннің екінші жартысында «Дәрігер» ойынын ойнаймыз. Ен алдымен дәрігер туралы кім тақпақ айтады.?
1-ші бала
Іш ауырса, тіс ауырса.
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала.
Оны жақсы көреді.
2-ші бала
Әжеме тіс саламын.
Көзіне әйнек тағамын
Сондықтанда өскенде
Мен дәрігер боламын
Тәрбиеші: Ендеше бүгін біз Аурухана ойынын рөлге бөліп ойнайық.
Кәне кім дәрігер,, кім медбике, кім ана, кім дәріханашы болғысы келеді.
Ана: Сәлеметсіз бе? дәрігер
Дәрігер: Сәлеметсіз?
Ана: Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қашаннан бері аурады?
Ана: Кешеден бері.
Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузыңды аша ғой тамағыңды қарап жіберейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген өкпесінде сырылы бар, емдеу керек.
Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз.
Ана: Рахмет дәрігер, сау болыңыз.
Ана: Саламатсыз ба?
Дәріханашы: Саламатсыз ба?
Ана: Маған мына дәріні беріңізші.
Дәріханашы: Қағазыңыз барма? мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана: Рахмет. Сау болыңыз.
Дәріханашы: Сау болыңыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар келіңдер сендерді таныстырып өтейін.
Бас бала дәрігер: Яна
Медбике: Айару
Дәріханашы: Райана
Ана: Арай

Бұдан балалар дәрігердің ауруға ерекше көңіл бөліп қарайтынын түсіне бастайды. Ойын барысында, егер дәрігерге келушілер кезек күтіп ұзақ отырып қалса, балаларға емханада шуылдауға болмайды, шу дәрігерге де, ауру адамға да бөгет жасайды деп, дер кезінде араласып, дұрыс бағыт беріп отырса, келесі жолы, тәрбиешінің араласуынсыз-ақ, өз беттерімен ойнайтын болады.



Кейде бір рөлді тәрбиеші өзі алуына болады. Мәселен, ауру адам боп, «Дәріханаларыңыз қай жерде, дәрі сатып алайын деп едім» …-дейді. Сонда балалар ойынды әрі қарай өрбітіп, мен дәрі сатушы болайыншы дейді де, нендей заттар сату керектігін сұрайды. Тәрбиеші түсіндіріп, сататын заттар: мақта, бинт, витамин /бұршақ кәмпиттер/, дәрінің қорапшаларын, т.б. заттар береді.

Ғажайып сәт
Осы кезде есік қағылып ішке Қуыршақ Айша келеді. Қолында дәрігердің сөңкесі бар. Ол дәрігер қорапшасындағы дәрігердің заттарын ажыратып беруін өтініп, көмек сұрады.
Дидактикалық ойын:«Не артық»
Ойынның шарты: Балаларға дәрігер құралдарының ішінен артығын алып тастау керек.
Айша балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасты.
Қонақтарға сау болыңыз дейміз.
Әрқашан ауырмай деніміз сау болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет