Сґз этикетініѕ ќызметі



бет15/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик

« - Güle-güle!» dedim. («гүле-гүле!» дедим.)
«Мен шығып бара жатырмын жиенім» деді.
«Сау бол!» дедім.

(Muzaffer Buyrukçu «Yaşadığımız ve Yaşananlar Günlükler» 24. sayfa)




«Hoşçakalın!» (хошчакалын) синонимдес, яғни мағынасы мен қолдану шарты жағынан бірдей, бірақ жазылуы жағынан өзгеше болып келетін «Sağılacaklı kalın!» (саглыджаклы калын) формасы бар. Тікелей аударсақ Сау боп қалыңыз! деген мағына береді. Бұл қазақ тіліндегі «Сау боп тұрыңыз» қолданысымен сәйкес келеді.
Мұсылман қауымы арасында қоштасу рәсімі қазақ тілінен гөрі түрік тілінде жиірек «Allaha ısmarladı (Аллаха ысмарладык) формасы қолданылады. Тікелей аударсақ Сау болыңыз мағына береді. Мысалы,
– Hocam, affedersiniz! Acele bir işe gidiyorum, dedi. Yolunuz düşer de uğrarsanız memnun olurum…Allaha ismarladik. (Ходжам, аффедерсиниз! Аджеле бир ише гидийорум, деди. Йолунуз дүшер де уграрсаныз мемнун олурум...Аллаха ысмарладык.)
–Мырзам, кешіріңіз! Асығыс жұмысқа бара жатырмын, деді. Жолыңыз болып, келіп кетсеңіз қуанышты боламын...Сау болыңыз.

(Reşat Nuri Güntekin «Yaprak dökümü» 66.sayfa)


Қысқа мерзімге қоштасу сөз бірлігі түрік тіліндегі формасы «Görüşmek üzere!» (гөрүшмек үзере) қолданылады. Тікелей аударатын болсақ «Көріскенше!» деген қазақ тіліндегі формасымен сәйкес келеді. Қоштасудың бұл түрі ресми емес, жеңіл түрде айтылады. Әсіресе жастар арасында пайдалынатын форма болып табылады. Бұл форманың қысқаша нұсқасы «Görüşürüz!» (гөгүшүрүз) формасы да қолданылады. Бұл да күнделікті қарым-қатынас барысында қолданылатын қоштасу формасы болып келеді.


Қазақ тілінде қолданылатын «Қайырлы күн» формасы түрік тілінде «İyi günler» (ий гүнлер) түрінде қолданады. Бұл форманы сөзбе-сөз айдарсақ, «Жақсы күндер» деген мағына береді. Түрік тілінде қоштасудың бұл формасы таңертеңгі сағат 11-ден кешкі сағат 5-терге дейінгі аралықта, екі адам қоштасарда ғана емес жоғарыда айтып өткеніміздей амандасу сәтте де қолданылады. Мысалы,
« Sizi de rahatsız ettim. İyi günler!» (Сизи де рахатсыз еттим. Ий гүнлер!)
« İyi günler Muzaffer Bey, başınız sağ olsun!» - dedi İnci Asena. (Ий гүнлер Музаффер Бей, Башыныз саг олсун!)
«Сіздің де көңіліңізді бөлдім. Қайырлы күн!»
«Қайырлы күн Музаффер Бей, басыңыз сау болсын!» - деді Инджи Асена.)
( Muzaffer Buyrukçu «Yaşadığımız ve Yaşananlar Günlükler» 298. sayfa)

Түрік тіліндегі кешкі сағат 5-6 лардан кешкі сағат 10-дарға дейін «İyi akşamlar!» (ий акшамлар) формасы қолданылады. Бұл қазақ тіліндегі «Қайырлы кеш!», «Кеш жарық!» формасымен сәйкес келеді. «İyi akşamlar!» (ий акшамлар) формасын түрік тілінен сөзбе-сөз аударсақ, Жақсы кештер деген мағына береді. «İyi akşamlar!» (ий акшамлар) формасын Кешіңіз жақсы өтсін! деген тілек мағынасында және кешкі сағат 5 пен 10-арасында қоштасу мақсатында қолданады.


Тәуліктің кешкі мезгілінде қолданылатын амандасу формасының бірі – «Hayırlı geceler» (хайырлы геджелер). Қазақ тіліндегі бұл формада амандасудан гөрі қоштасу, тыным, жайлы түн тілеу реңкі басым, осы мақсатта көбірек қоланылады. Ал түрік тілінде кешкі сағат 10-дардан кейін «İyi geceler!» (ий геджелер) формасы айтылады. Түрік тілінен сөзбе-сөз аударғанда Жақсы түндер болады. Қолдану ерекшелігі жағынан қазақ тіліндегі Қайырлы түн формасына сай. Түрік тілінде 3 түрлі қолданысы бар:
1) Амандасу;
2) Қоштасу;
3) Жайлы түн тілеу;

Қоштасу этикетіндегі ерекшеліктердің мынадай схемамен көрсетуге болады:


Тілдесу (обшение)
------------------------------------------------------------------------------------------------
Әңгіме аяқталды қоштасуға дайындық қоштасу, контакті
актісі үзілді
Сонымен, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан (хош, хош болыңыз, сау боп тұрыңыз, ал жақсы т. б) – негізгі актіден және дайындық актіден тұрады. Бірақ сөз этикетінде, яки сөйлесу үстінде бұл актілердің орын тәртібі қатаң сақтала бермейді. Дайындық актісін кейбіреулер формуладан кейін де қолданады. Дегенмен әр актіде қолданылатын стеоретиптерді өз қызметіне қарай жұмсаудың өз тиімділігі бар. Бұлай ету нақты жағдайдың (ситуацияның) логикалық аяқталануына себептігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет