Сґз этикетініѕ ќызметі



бет17/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, сөз этикеті дегеніміз, қорыта айтқанда, адамдар арасында байланыс орнату үшін жұмсалатын, сол байланысты жалғастыра беру мақсатында қолданылатын ұлттық ерекшелігі бар стеоретипке айналған сөздер мен тұрақты сөз орамдары болып табылады.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында үнемі қайталанып отыратын, тұрақты, жиі жұмсалатын іс-әрекеттер болады. Сондай іс-әрекеттердің бірі - сөз этикеті. (амандасу, қоштасу, рахмет айту т. б. ) Міне, осындай қарым-қатынас кезінде сан мәрте қайталаудың нәтижесінде сөз стандартқа айналып, тұрақталады. Түрік тілі сияқты қазақ тілінде де белгілі бір қарым-қатынас жағдайында арнайы, тұрақты, орнықты және дайын күйде жұмсалатын тілдік бірліктер бар екені даусыз.
Сөз этикетіндегі негізгі ерекшеліктің бірі - кез келген тілдегі этикет тілідік бірліктердің белгілі бір дәрежеде стандартталуы. Кез келген тілде амандасу, қоштасу, рахмет айтудың қалыптасқан сандарт түрлері бар. Оларды жас, жыныс т. б. ерекшелігіне қарай белгілі бір формасын қолданғанмен әр адам, я автор амандасу, қоштасу, рахмет айту формаларын өздері таппайды. Көркем шығарма мәтіндерінде де, ауызекі сөйлеу тілінде де белгілі бір этикет сөз, сөз тіркесі, сөйлем дайын тілдік бірлік ретінде қолданылып отырады.
Сөз этикетінің өзіне тән арнаулы қызметтері болады. Олар негізінен, зерттеушілердің көрсеткеніндей, қарым-қатынас жасаушылардың арасында байланыс орнату, қарым-қатынасты реттеп отыру, сыпайылық білдіру, көңіл күй көтеру қызметтерінде жұмсалады. Біз бұл жұмысымызда сөз этикетінің осы аталған қызметтеріне аз тоқтала келіп, оның негізгісі - байланыс орнату екендігін байқадық.
Сөз этикеті бірліктерінің, жалпы этикеттік таңбалардың негізгі ерекшеліктердің бірі - әлеуметтік сипатының, басқаша айтқанда әлеуметтік маркирлі болуы. Мысалы, әдеттегі тау, өзен, үй тәрізді сөздер әлеуметтік жағынан маркирлі болып табылмайды, жасы үлкен, жасы кіші, ер адам, әйел адам ондай сөздерді тиісінше қолдана береді. Ал сөз этикеті бірліктерінің әлеуметтік «ен-таңбасы» болады. Сондықтан қазақ және түрік халқында әйел адам «Уағалейкумассалам» деп сәлем алмайды, ер адам тізесін бүгіп сәлем етпейді, қазақтың баяғы этикеттік нормасы бойынша келін күйеуінің туыстарын аты-жөнімен атамайды. Басқаша айтқанда, сөз этикеті бірліктері қарым-қатынасқа түсуші адамдардың әлеуметтік-демографиялық белгілеріне тәуелді болады. Қарым-қатынасқа түсуші адамдар өздерінің әлеуметтік рөліне қарай сөз этикеті бірліктерін талғап, таңдап қолданады.
Жалпы адамзатқа тән этикет нормалары кез келген халықтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен ұштасып жатады. Дегенмен, әр халықтың өзіндік ерекшелігі, ең алдымен, ол елде нормаға айналған этикет формаларынан бірден байқалады. Қазақ халқының да түрік халқының да этикет нормаларының өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс.
Жалпы сөз этикетіне қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, өтініш айту, кешірім сұрау, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау формалары т. б. құрылымдар жатады. Бұлардың ішінен тек амандасу, қоштасу және алғыс айту сөз бірліктерінің формаларына ғана тоқталып өттік. Бұл құрылымдар мән-мазмұны мен қолданыс ерекшелігіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады.
Сөйлеу этикеті формалары - сөйлеу актісіне жүйелі түрде қолданылатын тілдік бірлік. Олар кез келген тілдік қарым-қатынастың құрамдас бөлігі ретінде сөйлеу актісінің мәдениетті түрде жүзеге асырылуына ықпал ететін, қоғам мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін, салт-дәстүрін, менталитетін т. б. ерекшеліктерін, Айтушы мен Тыңдаушы арақатынасын көрсететін тілдік таңбаның ерекше түрі. Қазақ және түрік тілдеріндегі сөйлеу этикетінің негізгі бөлігі - стандарт тілдік бірлік ретінде қалыптасқан формалар. Олардың көпшілігі тілдік қарым-қатынас барысында дайын тілдік бірлік ретінде қолданылып, түрлі қызметте жұмсалып, сөз мәнін ашатын ерекше құрал қызметін атқарады.
Қарым-қатынастың бейвербалды түрі этикет теориясының құрамдас бір бөлігі болғандықтан, зерттеу жұмысымызда этикеттік қызмет атқаратын бейвербалды амал-тәсілдердің қолданысы және олардың вербалды этикет тілдік бірліктермен параллель қолданысы қарастырылады. Бейвербалды амал-тәсілдер кез келген ұлттың мәдениетімен, тарихымен, салт-дәстүр, дүниетанымымен тығыз байланыста болады. Бейвербалды амал-тәсілдер вербалды амал-сияқты әр ұлт психологиясынан да хабар береді.
Сонымен, Сөз этикетінің өзіне тән тарихы бар. Ол халықтың өмір сүру жағдайына, әлеуметтік қатынасына және басқа да факторлардың әсерінен өзгереді. Халықтың ұлттық мінезін көрсетеді. Кез келген тілдің сөз этикетінің өзіндік ерекшелігі бар екенін білеміз.
Бірақ қай жерде, қай қай қоғамда болмасын адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасу рәсімінен басталады. Сондай-ақ өмірдің басқа да салаларында, өзге де жағдайларда қолданылатын кез келген кісінің жәрдемі, жақсылығы алдында айтылатын рахмет айту мен қоштасу сөз бірліктерімен аяқталады. Бұл сөз бірліктердің өзіндік мәні болады. Амандасу - қарым-қатынасқа түсуші адамдар арасындағы байланыстың үзілмейтінін, қоштасу - қарым-қатынастың жалғаса беретінін, рахмет айту - жақсылық жасаған адамның алдында ризашылықты білдіреді.
Қорыта келгенде, сөз этикеті дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынас кезінде қолданылатын сөз жұмсаудың ұлттық сипатқа ие мәдениеті мен қарым-қатынас жағдаятына қарай жұмсалатын арнайы тілдік бірліктер жүйесі. Сөз этикетінің мазмұны, қолданылу аясы, бағыты, өрісі әр түрлі болғандықтан мәтін құрамындағы этикет тілдік бірліктердің сипаты да түрліше болады. Бірақ сөз этикетін үлкен бір құрылым ретінде алып қараған кезде, аталған сипаттарының түрлілігіне қарамастан, ол жалпыланған біртектес жүйе ретінде танылады.
Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нәзік. Қапелімде айтылған бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да оңай. Сөз қуаты шексіз. Не бір сөз асылын айтпағанның өзінде, күнделікті қатынаста жүрген этикет сөздердің қолдануында қаншама қыр-сыр жатыр. Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып, мүмкіндігін аша білсек, ізгілікке нұсқап, ізеттілікке бастайтын жақсы жақтарын жетілдіре берсек, адамдар арасындағы ынтымақтыққа ұйытқы болады. Жас ұрпақты адамгершілікке баулып, коллективизм рухында тәрбиелеуге септігі тиеді деп ойлаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:





  1. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті. - Алматы: Жоғары Аттестациялық Комисияның баспа орталығы, 2001

  2. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. - Алматы: Мектеп, 1984

  3. Бата-тілектер //Жинақ. Құрастырған Уәлиев Н. // - Алматы, 1991

  4. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. - Алматы: «Зият Пресс», 2004

  5. Балақаев М., Уәлиев Н. Жақсы сөз жарым ырыс. // Мәдениет және тұрмыс. - 1980, №3

  6. Сыздықова Р. Сөз мәдениетінің мәселелері.// Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл - әдебиет сериясы. - 1985

  7. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. - Алматы: Санат, 1997

  8. Сыздықова Р. Сұхбаттасу мәдениеті. // Сұхбат - 1990 - №2

9. Сыздықова Р. Дұрыс сөйлеу мәдениеті. // Қазақстан үгітшісі, 1974, №24
10. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді / сөздердің қолданылу тарихынан /Алматы, 1980
11. Базарбаев Ж., Дәулетова Қ. Әдептану. // Нөкіс - 1992
12. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің синонимдер сөздігі. - Алматы, 1975
13. Көпеев Мәшһүр Жүсіп. Ел ауызынан жинаған әдебиет үлгілері. - Алматы: Ғылым, 1992
14. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1974-1986
15. Өрелі өнер / Тіл мәдениеті туралы /

Түрік тіліндегі әдебиеттер:





  1. Prof. Dr. Muharrem Ergin. Türk dil bilgisi. - İstanbul: Bayrak, 1989

  2. Alladdin Korkmaz. Türkçe Kompozisyon. - İstanbul: Serhat, 1993

  3. Türk dünyası araştırmaları. Dr. Mustafa Talas. Kasım-aralık 2006

  4. Atatürk kültür, Dil ve Tarih Yüksek kurumu. Türkçe sözlük. Ankara: 1988

  5. Türkçe-türkçe sözlük. Hazırlayanlar Memet Türkan, Bilsev Akıf. İstanbul: 2005

Интернет ресурстары:


www.google.kz- Türkçe konuşma etiketi
Farabi.selcuk.edu.tr




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет