АхметБайтұрсыновтың көрсетуінше, жаза білу үшін әуелі тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Таныған әріптерін дыбысымен атай білу керек. (2,362)
«Оқу құралының» «Дыбыспен жаттығу» деген бөлімінде әр дыбысты қалай таңбалау керек, қалай меңгеру керек деген мәселелерді егжей- тегжейлі баяндап, балалар ұғымына түсінікті қарапайым тілмен түсіндіреді. Бұл турасында автор өз ойын былай береді: «Оқу үйренгендегі бас мақсат керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу... Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз қыла білмейді. Оқуға балалар дыбыс үйренеміз деп келмейді. Оқу жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ дыбысты білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу жазу үйрену қиын, сондықтан оны күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға әріп көрсетпей тұрып, әуелі дыбыспен жаттықтырады. Дыбыспен жаттықтыруға көп уақыт кетпейді, одан келетін пайда көп»

(Байтұрсынов А. Оқу құралы. Ташкент. 1921ж. 9-бет) Дыбыстарды дұрыс меңгеру үшін не істеу қажеттігін айтады. Оның ойынша біріншіден, балаларға әр түрлі дыбыс барлығын білдіру: екіншіден: таныс сөздерді көрсетіп, олардың ішінде қандай дыбыстар бар екендігін айырту: үшіншіден, бөлек- бөлек дыбыстарды тіздіріп, сөз етуді үйрету, төртіншіден, меңгерген дыбыстарын оқыту, сөз құрастыру. Балалар бұл дыбыстарды тез меңгеру үшін сол дыбыстардың әріптерінің суреттерін жаздырып үйрену. Ахмет Байтұрсынов бұл дыбыстардың әрқайсысына, таңбалану ерекшеліктеріне қарай өзінше ат қойған. Сөйтіп, бұлардың барлығын әріп деп қабылдамай, алдымен суретін салдырып үйретсе, онда балалар бұл әріптерді балалар тез меңгереді, үйренеді деп түсіндіреді автор.