4)Жазған кезде жіберген қателіктерін оқушы баланың көзінше түзеті керек.
1921 жылы Ташкенттен Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу құралы» басылып шықты. Ол әрбір оқулық кітабын шығару кезінде оның мазмұнына, мәніне аса көңіл бөледі. Ол оқулықтың үйрену, оқу кезінде жеңілдік берер жағын іздестіреді. Осы еңбегінде ол өзінің ұстанған жолы, нені мақсат ететіні туралы «Сөз басында» баяндайды. Балалар ең басынан қиналмас үшін ж қуға ықыласты болу керектігін, жігері құм болмай, шабыттана кірісуі керектігін еске салады. Ол үшін оқытатын, үйренетін әліппенің жеңіл де жұмыр, сапалы, баланың ой- өрісіне, ұғымына дәл болу керек екенін түсіндіреді. Осы жайында өз ойын былай жеткізеді: «Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптар қанат байлағандай көтеріп зораймақшы. Оыны ойлап, әліппенің оңай болғанын көздеп, әуелі әліппені бастан аяғына дейін оңай һәм қысқа сөздерден алдым». (Байтұрсынов А. «Оқу құралы», қысқаша әліпби. Ташкент 1921ж. 1-бет)
«Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері» деген бөлімінде бұрынғы оқулықтарында айтып, жазып келген ой- пікір, ұсыныстарын қайталайды. Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Адамзат баласы алдымен сөйлеуді үйренеді, сосын жазуға көшеді.
«Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері» деген бөлімінде бұрынғы оқулықтарында айтып, жазып келген ой- пікір, ұсыныстарын қайталайды. Сөздің айтылуы бар да, жазылуы бар. Адамзат баласы алдымен сөйлеуді үйренеді, сосын жазуға көшеді.
Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс болса, әріп сол дыбысқа берілген шартты таңба. Бір дыбыстың өзін түрліше өрнектей беруге болады. Ахмет Байтұрсынов дүние жүзіндегі қолданылып келе жатқан тілдердің жазу жүйесін айта келіп, ағылшын, француз, неміс, орыс жазуларының бәрінен артығы қазақ жазуы деп біледі. Себебі, қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне арналған әрпі барлығы, әрі сол әріп өзі таңылған дыбыстан қайда тұрса да айрылмайтындығын айтқан.