Ахмет Байтұрсынов алғаш ағартушылық ой- пікірлері сонау 1913-1917 жылдары сонау Орынборда шыққан. «Қазақ» газетінде (Байтұрсынов 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңғыш жарияланған санында-ақ былай деп жазды: «Бұл газеттің мақсаты- жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің бұйрық- жарлықтарын білдіріп тұру, Государственный дума, һәм Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін-таран, мал шаруасы жайынан кеңесу, оқу, оқыту, мектеп, медресе, адам һәм мал дәрігерлігі жайында жазу» («Қазақ» №1, 1913 ж. қаңтар)
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62 санында «Мектеп керектері» деген мақаласында « Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педогогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші мектепте керегі белгіленген программа.Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуге боларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – солпы я артық, я кем шықпақшы» деп оқытудың дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақты белгілеп берді. (3,243)