«Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» КММ
«ҚЫЗДАРҒА 40 КЕҢЕС»
Психологиялық кеңес
Тақырыбы: Қызға қырық үйден тыю (психологиялық тренинг)
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Қатысушылар: 8 - 11 сынып қыздары
Жүру барысы:
Психолог сөзі:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса боймен қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен,-дей келе, бүгінгі психологиялық тренингіміз «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты тақырыпта өтеді
Ой қозғау: Қазақ қызы қандай болу керек? Осыған байланысты бейнебаян ұсынамыз
«Мен гүлмін» жаттығуы.
Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, соны білу және гүлдің жапырақтарына жазу
«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпекпіз. Біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Дегендей бұл қыздардың әдепті, көрікті болғанын аңғартады. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» деген де мақал бар. Осының бәрі де қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктілігінен, әр іске талапты да алғырлығынан, өнер – білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер болса керек. Халқымыз қыз баланы ардақтап ұстайды, оған қатты сөз айтпай, мәпелеп өсіреді.
«Қадір – қасиет» жаттығуы
Жаттығу танысу үшін жасалынады. Әркім кезекпен өз есімін атап, есіміне қоса өзінің бойындағы қасиетін айтады.
Мысалы:
төзімді Салтанат,
қайырымды Айгүл,
ибалы Дина,
сыпайы Динара.
.«Адамгершілік ағашы» жаттығуы
Қатысушыларға ағаштың суреті көрсетіледі. Әр қатысушы өздерінің «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздерді айтады, солып қалған ағашты жандандырады.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, ағашымыз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу.
Психолог кеңесі
Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл болады.
2. Бірге жүрген қыздардың бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.
3. Қандай жағдайға кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден іздеңіз.
4. Әжеңізбен немесе анасызбен жиі уақыт өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.
7. Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды. Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.
8. Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз. Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
9. Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде көмектеседі.
10. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге тырысыңыз.
11. Білім - керемет күш. Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.
12. Тәрбиелі жанұядан шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер айтылатын болады.
13. Алға қойған мақсатқа жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек.
14. Өз-өзіңізді қамтамасыз етіп үйреніңіз.
15. Өзіңіздің бағаңызды ешқашан түсірмеңіз.
16. Өмір дегеніміз - бүгінгі күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, бақытты болыңыз.
Қорытынды (психолог сөзі)
Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген — деп бүгінгі тәрбие сағатымызда қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі, ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін. Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты, ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз. Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |