Т. М. Блисов Агроэкология Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет3/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,68 Mb.
#13924
1   2   3   4

1 Материал. Ауыл шаруашылық дақылдарының фотосинтез тиімділігі және вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (4 кесте).
4 Кесте - Радиация қосындысы, фотосинтез тиімділігі және ауыл шаруашылық дақылдарының вегетациялық кезеңі


№ п/п

Дақыл

Радиация қосындысы, кДж/м2.күн

Фотосинтез тиімділігі, %

Вегетациялық кезең, күндер

1.

Жаздық бидай

18000

3,7

90

2.

Арпа

18000

4,0

80

3.

Асбұршақ

18000

4,2

70

4.

Жүгері

28500

6,7

115

5.

Картоп

16700

5,4

90

6.

Қант қызылшасы

16700

9,5

160

7.

Судан шөбі

28500

6,7

110



Нәтижелерді өңдеу

1. Агроценоздың 1м2 егісіндегі алғашқы өнімін келтірілген формула бойынша есептеңіз.

2. Ауыл шаруашылық дақылдарын максималды өнімділігіне қарай дәрежелеңіз.

3. Қорытынды.



Бақылау сұрақтары:

1 Экожүйе ұғымын қалай түсінесің?

2 Агроценоздар дегеніміз нелер?

3 Агроэкожүйелердің табиғи экожүйелерден айырмашылықтарын атаңыз?

4 Алғашқы, таза алғашқы және туынды өнім дегеніміз не?

5 Тақырып: Жайылым ауыл шаруашылығы алқабы және экожүйе ретінде
Мақсаты: Қазақстан жайылымдарының маңызын, олардың фитоавтрофтарын оқып білу. Мал жаюдың осы агробиоценоз өнімділігіне әсерімен жайылымдарды тиімді пайдалану негіздерімен танысу

Жоспар:

5.1 Қазақстан жайылымдарының маңыздылығы

5.2 Орманды дала және дала жайылымдарының фотоавтотрофтары және оларды пайдалану

5.3 Мал жаюдың жайылымға әсері

5.4 Жайылымдарды пайдаланудың топыраққорғау негіздері

5.5 Жайылымдарды тиімді пайдалану негіздері


5.1 Басқа ауыл шаруашылығы алқаптарымен салыстырғанда жайылымдардың өнімділігі шамалы. Бұл нашар экологиялық және әсіресе топырақ-климат жағдайлармен себептелген.

Малды жайылымда ұстағанда қоректік заттар аса шығарылмайды. Жайылымда жануарлар ауруларға төзімді болады, мықты төл береді.

Табиғи өсімдіктердің маңыздысы агрономиялық ерекшелігі – ол топырақтың құнарлығы мен құрылымын арттырады, эрозиядан қорғайды. Тығыз және күшті тамырлар массасы топырақты желмен ұшырудан және сумен шайылудан қорғайды.

Республиканың табиғи жайылымдары ауыл шаруашылығы алқаптарының 70% алып жатыр және республикада барлық жемшөптің жартысын қамтамасыз етеді. Жылғы рационда жайылымдық жемшөп қойларда 58%, жылқыларда - 60, түйелерде - 73% құрайды.

Орманды дала аймағында жыйылымдық жемшөп барлық жемшөптің 27%-нан аспайды. Сүтті-етті ірі қара шаруашылығы негізінен танапты жемшөп өндіруге негізделген.

Дала аймағы, онда екі аймақша бар. Қоңыржай құрғақ дала аймақшасы: осы аймақтағы барлық ауыл шаруашылығы алқаптарына қарағандағы жайылымдардың үлестік салмағы 40-43%, ал барлық жемшөпке - 30-32%. Қуаң дала аймақшасы: жайылымдардың үлестік салмағы барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 52% кем емес. Табиғи жайылымдар барлық жемшөптің жартысын (45-48%) қамтамасыз етеді. Бұл аймақта астық шаруашылығымен қатар етсүт мал шаруашылығы және қой шаруашылығы дамыған.

Шөлейт аймағында табиғи жайылымдар (барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 64-67%) барлық жемшөптің 62-65% қамтамасыз етеді. Аймақ шаруашылығында етжүн қой шаруашылығы басымды.

Шөлейт аймағында 80%-ға дейін жемшөп беретін табиғи жайылымдарда қой шаруашылығы дамыған.


5.2 Солтүстік-Қазақстан, Қостанай және Акмола облыстары шаруашылықтарының айтарлықтай бөлігі орманды дала және дала аймағында орналасқан. Шалғынды-қара топырақтар, кәдімгі және оңтүстік қара топырақтардағы астықты тұқымдасты-аралас шөпті шалғынды-дала жайылымдары ертеде жыртырылған. Сондықтан қазіргі уақытта түбірлі өсімдіктер учаскелері ұсақ жолақтармен қайыңды және қайыңды-көктеректі шоғыр ормандарда кездеседі. Тың жерлер бұл өңірде жиі кездесетін көл маңында қалған деуге болады. .

Шалғынды далалар жолақтарында жиі кездесетін түбірлі өсімдіктер: қаулар (боз)-ковыли – қызыл, қауырсынды, жіңішке жапырақты; бетеге; шалғындардан – жатаған бидайық, бұтақты бидайық, қоңырбас жіңішке жапырақты және б.; аралас шөптілерден – тышқан бұршақтары, сиырсілекей-кровохлебка, жоңышқа-люцерна, сібірлік эспарцет, шатыраш-шалфей және б. Түбірлі өсімдіктер сақталған егістіктің өнімділігі шамамен 10 ц/га (ауалы-құрғақ массасы).

Қайыңды және қайыңды-көктерек шоғыр ормандарындағы шөпті өсімдіктер көп жағдайларда мал жаюға пайдалынады, ал ашық жерлерде кей кездерде шабылады. Ойпаң жерлердегі шалғынды топырақтарда жатаған бидайық, бұтақты бидайық, айрауықты-вейниковые, астықты тұқымдасты-аралас шөпті өнімділігі 15 ц/га-ге дейінгі жайылымдар мен шабындықтар кездеседі. Кебірлердегі шөптер түрлері кедей келеді, ал өнімділігі шамамен 5-6 ц/га.

Қазіргі уақытта бұл жайылымдар жүйелі пайдалынбайды. Сауылатын сиырлар, тайыншалар табындарын көктемде, көбінесе мамыр айының екінші декадасында ащық су қоймалары бар жазғы лагерлерге шығарады. Осы лагерлерге шектелген табиғи жайылымдар жылда көктемнен күзге дейін пайдалынады. Бұл учаскелер жайылымдық жемшөппен мал басының жартысын да қамтамасыз ете алмайды, үйткені өсімдік шамадан тыс мал жайғаннан кейін ертеде тапталып және желініп қалған. Бұл жердегі ауыл шаруашылығы малдары көк жемшөп өндіретін егістіктен қоректенеді

Далалы аймақтың оңтүстігінде үстем болатын өсімдіктерге қарай жайылымдардың көптеген типтерін-түрлерін бөліп көрсетуге болады: қаулы-бетегелі (аймақтың жазықты бөлігіндегі қою қара қоңыр және қара қоңыр топырақтарда), шөп бітіктігінің негізгі массасын кау немесе боз құрайды, екі қабаты құрылысында бірінші қабатының-ярус биіктігі 50-70 см, топырақты өсімдікпен жабу нұсқасы 50-70%, жалпы өнімі – 5-8 ц/га. Жайылымдарды пайдаланудың ең жақсы мезгілі – каудың сабақтану фазасының басы. Оларды жылына екі рет мал жаюға пайдалануға болады, пайдалану коэффициенті немесе пайдалану рұқсаты 60-70%.

Каулы-аралас шөпті, қаулы-бетегелі-аралас шөпті типтері дала аймағы бедерінің барлық элементтерінде таралған. Жиі кездесетіндері қаулы-бетегелі жайылымдар, шөп бітіктігінің негізгі массасын каудың бірнеше түрлері құрайды, сонымен қатар түкті-каулы-бетегелі, қызылқаулы-бетегелі және бұл ксерофилді шымды астықты тұқымдастылардың басқа да тіркестері.

Шымды астықты тұқымдастылардан басқа шөп бітіктігінде аралас шөптер: қызылбояу (қыстық біржылдық өсімдіктер)-подмаренник, бөденешөп (далада, шабындықта өсетін өсімдік)-вероника, жуалар және б.

Шамалы дамыған қою қара қоңыр топырақтардағы қаулы-сұлыбасты-бетегелі, бетегелі-жусанды, тобылғы және қарағанмен бұтақталған ұсақшоқылық жайылымдары, бұнда үстемділері қауырсынды қаулар, шөлейт сұлы басы, бетеге, сонымен қатар шөп бітіктілігінде әртүрлі жусандар кездеседі.

Дала аймағының жайылымдары үш маусым бойы пайдалынады: көктем, жаз және күз.

Қазіргі уақытта дала аймағының мал жаятын алқаптарының жайылымдары әртүрлі дәрежеде, нашар жайдайлардағылары ауыл маңындағы жайылымдар, әсіресе қой шаруашылығы дамыған шаруашылықтарда.


5.3 Мамандарға мал жаюды қарқынды жүргізу жағдайында өсімдік жамылғысынығ өзгеру динамикасы белгілі мәселе. Жайылымды қарқынды таптау топырақты өсімдікпен жабу ауданы қысқартады, өсімдіктердің жалпы биіктігі мен өсу қарқындылығы төмендетеді, жайылымның аудан бірлігінен шығатын мал шаруашылығы өнімінің шығымын азайтады.

Жайылымдарда ұзақ жүйесіз мал жайғанда оның ботаникалық құрамы нашарлайды, жеуге болмайтын түрлердің үлесі артады және жалпы өнімділігі төмендейді. Өсімдіктер тамырларының массасы және тамыр жүйесінің таралу тереңдігі кемиді, осыған орай өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі кенет төмендейді. Жайылымдарда малды өте ерте, сонымен қатар кеш мал жаю да зиянды.

Қарқынды тұрақсыз мал бағу нәтижесінде жайылымдардағы шөп бітіктілігін қажетті құрауыштары жойылады, бұл жайылымның жалпы құрамының нашарлауының көрсеткіші болып саналады. Жайылымда шамалап және аздап мал жайғанда оның жағдайы тұрақты болады немесе жақсарады. Жайылымда мал жаюды дұрыс ұйымдастырғанда оның жай-күйі мал жаюдан бас тартқаннан гөрі тез жақсарады.

Жалпы мал жаю өсімдік түрлерінің құрамына, ал осыған орай оның өнімділігіне және малмен желінуіне әсер етеді. Жайылымдарда шамадан тыс мал жаю эрозия арқылы топырақтың үстіңгі қабатына да әсер етеді.

Жайылымдарда мал жаймау оның жай-күйін жақсартатын фактор емес. Жайылымдыауыстыру жүйесінде бір қалыпты ауыртпалықта жайылымды загонды пайдалану жайылым өсімдіктеріне экологиялық жағынан оңтайлыға жақын жағдайлар жасайды. Жайылымды бұндай тәсілмен пайдалану жайылымның түптік бірлестігінің барлық құрауыштарының тіршілік көрсеткіштерін арттырады.

Жайылымды жүйесіз пайдаланудың теріс нәтижелері:

1) вегетацияның алғашқы фазаларының кеш мезгілге ауысуы және негізгі үстемділердің генеративтік органдарының басталуы;

2) өсімдіктердің тіршілік көрсеткіштерінің, жер астындағы бөліктерін қоса төмендеуі, әсіресе үстемділерде немесе басымдыларда-доминанттар;

3) өсімдіктердің тұқымды және сонымен бірге вегетативті жаңғыру қабілетінің төмендеуі;

4) жайылымдағы өсімдіктердің қажетті түрлерінің дарақтар санының азаюы.


5.4 Қазақстанның қуаңшыл жайылымдарына құрғақ климаттан басқа тән жайдайлар: жергілікті жердің ащық жазықтық сипаты, күшті жел режимі, жеңіл және карбонатты топырақтардың көп таралуы – осылардың бәрі бірге эрозия болуына жағдай жасайды. Жайылымдарда эрозияның болуы антропогендік факторларға байланысты, оның ішінде ауыл шаруашылығы малдарын жаюдың тәсілі мен ауыртпалықтарына.

Әдеттегіше эрозияның топырақ пен өсімдікке үлкен зиян келтіретіні белгілі шаруа.

Жайылымдағы топырақтардың үстіңгі қабатының шаңдану немесе тозаңдану дәрежесі ең алдымен малдардың онда болу ұзақтылығына, ауыртпалық мөлшеріне, малдардың массаларына, олардың жайылымда жүру қарқындылығына байланысты болады. Нақтылы топырақ-климат жағдайларына (шымдану дәрежесі, агрегаттардың механикалық мықтылығы, климаттың қуаңшылығы, жел режимі, жайылымның жай-күйі, суат пен дем алу орындарынан қашықтығы) байланысты олардың қадамдарының жиілігін, тұяқтарының мөлшерін, малдардың салмағын зерттеу маңызды мәселе болып саналады.

Жазда мал жаюдың ең теріс салдары болады, үйткені топырақ құрғақ, салыстырмалы ылғалдылық төмен деңгейде және ауа температурасы жоғары болады және ең теріс әсерлер жүйесіз мал бағу да байқалады.

Жайылымдарды тиімді пайдаланудың ең негізгі элементі болып топырақ қорғау шаралары саналуы тиіс. Жайылымдарда ең маңызды мәселе алқаптардың үстіңгі қабатының желгетөзімділігін сақтау. Жайылымдардың үстіңгі қабатын желден қорғау үшін жасалатын шаралар: а) мал басының алқап бірлігіне деген ауыртпалығын реттеу; б) жайылымдыауыстыруды игеру; в) загондардың оңтайлы мөлшерін орнату; г) загонда малдың болу ұзақтылығын реттеу.
5.5 Маусымды жайылымдардың өнімділігі, олардың экологиялық құндылығы айтарлықтай мөлшерде оларды пайдалану тәсіліне байланысты болады. Қазақстанда жайылымдарды жүйесіз және ретсіз пайдалану құнды астық тұқымдасты өсімдіктердің жойылуына әкеліп соқты. Осының салдарынан тапталған жайылымдар пайда болды, оларды зиянды және улы шөптер басып кетті. Қарқынды мал жаюға байланысты жайылымдар дегрессияланды ондағы өсімдіктер түрлерінің саны азайды және жемшөп сапасы нашарлады. Табиғи жайылымдар өнімділігінің прогрессивті төмендеуін тоқтату және бұдан былай оларды жақсы деңгейде ұстау үшін келесі шараларды орындау керек:


  1. Шөптің бітіктігін шөп себу арқылы жақсарту;

  2. Шөптің бітіктігін қалпына келтіру үшін оларды уақытша алып тастау немесе демалыс беру;

  3. Малды жыл бойынша, маусым бойынша қатаң түрде кезекпен жаю;

  4. Мал ауыртпалықтарын қатаң қадағалау;

  5. Шөп бітіктігін арттыру үшін агротехникалық шараларды жүргізу (арам шөптерді шауып отыру, топырақты қопсыту, ылғал жинау, тыңайтқыштармен қоректендіру).

Бұл шаралардың барлығы және оларды пайдалану жайылымды ауыстыру жүйесінде біріктіледі.

Жайылымды ауыстыру малды загон тәсілімен жаюды қарастырады, онда жайылымды учаскелерге (загондар) бөледі және оларда малды кезекпен жаяды. Соңғы учаскеде мал жайғаннан кейін, малды қайтадан біріншіге апарады, бұған дейін онда шөп өседі. Учаскелерге демалыс беру керек. Демалыс жылында бұл загондарда мал бақпайды тек тұқымның пісу фазасында шөпке шабады. Бұндай пайдалану шөптерге қоректік затарды жинауға және тұқымдануға мүмкіншілік береді. Малды загонда бағу табиғи жайылымдардың өнімділігін ғана арттырып қоймайды және жайылым маусынында екі-үш рет мал жаюға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар жайылымның агробиоценозын табиғи агробиоценозға жақын түрде сақтайды.

Загондарды құру (учаскелерді). Үлкен көлемдегі табиғи жайылымдарды жер жалдарын (соқамен жырту арқылы) жасау арқылы, табиғи өсімдіктерді пайдалану (өзендер, көлдер, жолдар, төмпешіктер және т.с.с.) арқылы загондарға бөлуге болады. Әр загонға малайдайтын жақтан бос орын болуы керек, загонның ауданы орманды далада 14-28 га, далада 16-32 га, шөлейтте 20-40 га.

Бірінші реттегі мал жаю кезеңі. Жайылым шөбіне мал оның қоректілігі жоғары болғанда жайылуы керек, ол кезең астық тұқымдастарда түптену фазасында, ал бұршақтыларда – шанақтау-бутонизация фазасында. Бұл фазалар кездерінде малды бірінші учаскелерде жая бастайды, ал гүлдену фазасының басынан кештемей аяқтайды, үйткені астық тұқымдастар мен бұршақтылар қатты бола бастайды. Бірінші мал жаю кезеңі жайылымның типіні немесе шөптің бітіктігіне байланысты болады. Қазақстанның әртүрлі топырақ-климат жағдайларына қарай табиғи жайылымдарда ол шамамен 20 күннен 40 күнге дейін болады. .

Бір загонда мал жаю күндердің санын жайылым шөбі әр мал жайғанда бір рет пайдалынатыны ескеріле отырып анықтайды. Егер далалы аймақта алшынкөк-отава көктемде бір күнде 1 см-ге өссе, малды онда қайта 5-6 күндерден кейін жаюға болады, сондықтан малды қайта жаймау үшін оларды бір загонда 5 күннен артық ұстауға болмайды. Загонда мал жаю басында шөптің максималды (100%) мөлшерінен оның 20% шығады, былайша айтқанда малға бір күн жеткілікті деуге болады. Осыған орай бір загондағы мал жаю күнінің орташа саны былай болады: (1+5):2=3.

Загондар саны мал жаю кезеңіне және жаю күндер санына байланысты болады. Мысалы егер мал жаю кезеңі 30 күнге тең болса, ал бір загондағы күндер саны 3 болса, жайылымды загондарға бөлу саны 10-ға тең болады. Жайылымға түсетін ауыртпалықты 1 га мал жаю кезеңінде қоректендіруге болатын мал санын айтады. Жайылымға түсетін жоғарғы ауыртпалық ондағы шөптің бітіктігін азайтады. Нормалы (Н) (жайылым сиымдылығы) ауыртпалықты анықтау үшін жайылымның өнімділігін (У), жайылым кезеңінің ұзақтығын (Д) және тәулігіне малдың бір басына қажетті шөптің мөлшерін білу керек (К):

Н = У/(КхД)

Жайылым ауданын бір мал басына (П) келетін гектар арқылы анықтайды. Ол үшін тәулігіне бір мал басына келетін жайлымдағы жемшөп мөлшерін (К), осы типті жайылымды пайдалану кезеңінің ұзақтығына көбейтеді де жайылымның орташа өнімділігене (У) бөледі.

П = (КхД)/У

Далалы аймақта жайылымның негізгі ауданына 30%-ға дейінгі сақтандыру ауданын қосады.


Әдебиет: 21, 98-99 б;

Бақылау сұрақтары:

1 Ауыл шаруашылығы алқаптары ретінде жайылымдардың маңыздылығы қандай?

2 Жайылымдардың экологиялық рөлі қандай?

2 Жайылымдардың фотоавтотрофтарын сипаттаңыз.

3 Малды жаю жайылымдар өнімділігіне қалай әсер етеді?

4 Жүйесіз мал жаюдың жайылымдарға деген теріс әсерлері қандай?

5 Жайылымдардағы эрозия дәрежесі неге байланысты болады?

6 Жайылымдарды тиімді пайдалану шараларын көрсетініз.


6 Тақырып Тұрақтылық деңгейіне қарай ландшафтың жалпы күйін анықтау
Жұмыстың мақсаты – ландшафтың экологиялық тұрақтылығын анықтау және оған баға беру.

Түсініктеме
Ландшафт – негізгі құрауыштары (рельеф, климат, су, топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі) күрделі қарым-қатынаста болып, біркелкі жүйе құратын табиғи географиялық кешен.

Биосфераның табиғи жүйелері ландшафтық негізде жіктеледі, себебі экожүйелер жердің географиялық (ландшафтық) қабығын құрайтын және табиғи географиялық ландшафтардың айыруға болмайтын бір бөлігі.

Жалпы ландшафтар туралы ілім шамамен ақырғы 50 жылда бірқатар ғалымдардың еңбектерімен қалыптасқан, олардың ішінде Б.Б. Полынов және оның шәкірттері М. А. Глазовская, В. В. Добровольский, В. А. Ковда, А. И. Перельман және б.

Ландшафтарды жіктеу негізі болып элементтердің миграциялану принциптері және ғылымға Б. Б. Полынов енгізген элементарлық ландшафт деген ұғым саналады. Б.Б. Полыновтың айтуы бойынша элементарлық геохимиялық ландшафт дегеніміз бұл рельефтің тау жыныстары, топырақтары, өсімдік жамылғысы біртекті белгілі бір элементі. Былайша айтқанда «элементарлық ландшафт» деген ұғым «биогеоценоз» деген ұғымға өте жақын.

Жалпы «ландшафт» деген сөз неміс тілінен алынған, мұнда lаnd - жер, schaft – суффикс, ол өзара байланысқан, өзара тәуелді деген мағынаны білдіреді.

Шығу тегіне қарай ландшафтың екі түрін ажыратады – табиғи және антропогендік.

Табиғи ландшафтар тек қана табиғи факторлардың әсерінен қалыптасады және адамның шаруашылық іс-әрекетінен түрленбеген.

Олардың түрлері:

- геохимиялық – химиялық элементтер құрамы да, мөлшері де бірыңғай болу негізінде бөлінген учаскені айтады;

- элементарлық ландшафт - белгілі бір тау жыныстарында қалыптасқан, рельефтің грунттық сулары бір жағдайда болатын, өсімдіктер ассоциациясының сипаты бір және топырақ түрі де бір учаскені айтады;

- қорғалатын ландшафт - шаруашылықтық іс-әрекеттер белгілі бір ережелермен шектелген немесе тыйым санылған учаскені айтады;

Антропогендік – бұл шаруашылықтық іс-әрекеттермен түрленген және осыған орай табиғи құрауыштар арасындағы байланыс өзгерген бұрынғы табиғи ландшафттар (құрлықтың 50% алады). Оларға жататындар:

- агромәдениеттік (ауыл шаруашылықтық немесе агроландшафтар) – өсімдік қауымдастығы айтарлықтай ауыл шаруашылық дақылдарымен ауыстырылған;

- техногендік – құрылымы адамдардың техногендік іс-әрекетімен өзгерген, әсіресе қуатты техникалық құралдарды пайдалану (жерлердің бұзылуы, өндірістік қалдықтармен ластану). Бұларға өндірістік кешендердің әсер етуінен пайда болған индустриалдық ландшафтар жатады;

- қалалық (кенттік, урбанистік) – құрылыстар, көшелер және саябақтардан құрылған.

Экологияда «тұрақтылық» және «төзімділік» деген ұғымдар қолданылады, олар синонимдер. Олардың мағыналарын былай түсіндіруге болады: сыртқы факторлар әсер еткен кезінде экожүйелер құрылымы және функционалдық қасиеттерін сақтау қабілетін айтады.

Дегенмен, тұрақтылық деп тепе-теңдіктен шығаратын факторлар әсерінен экожүйенің қайтадан алғашқы (немесе оған жақын) күйіне оралу қабілетін айтқан жөн болады.

Тұрақты емес және төзімді емес экожүйелерге агроэкожүйелер жатады, олар жоғарыда айтылғандай адамдардың қатысуымен қалыптасады және әдетте адамның қалауынша өсімдіктің бір басым түрінен тұрады.

Жалпы адамның қоршаған ортаны қарапайымдауы экологиялық жағынан қауіпті болады. Олай болса бар ландшафты агрошаруашылық немесе агроландшафтқа айналдыруға болмайды, оның көптүрлілігін сақтау және арттыру маңызды мәселе. Сонымен қатар қорықтар учаскелерін қалдыру керек, соңынан олар қауымдастықтардың сукцессиялық қатарын қалпына келтіруде түрлердің көздері болып саналады.

Сукцессия дегеніміз белгілі бір аумақта табиғи және антропогендік әсерлер арқасында бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын айтады. Мысалы, кішігірім көлдің батпаққа, одан орманға айналуын келтіруге болады. Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші реттік (алғашқы) және екінші реттік немесе туынды (соңғы) болып ажыратылады. Егер қауымдастықтар алғашқыда еркін субстратта немесе төсеуде қалыптасатын болса оны алғашқы сукцессия деп атайды (мысалы, тіршілігі жоқ жерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерде басталады). Ал егер осы субстратта бір қауымдастық басқа да бір осы абиотикалық жағдайға бейімделген қауымдастықпен ауысатын болса оны екінші реттік сукцессия деп атайды. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында.



Жұмысты орындау реті

2 Тапсырма. 1. Тұрақтылық деңгейіне қарай ландшафтың жалпы күйін (КЭСЛ1), сонымен қатар оның жекеленген биотикалық элементтерінің экологиялық маңыздылығын ескере отырып ландшафтың жалпы күйін анықтау (КЭСЛ2). Есептеу 5 кестеде жүргізіледі
5 Кесте - Ландшафтың экологиялық тұрақтылық дәрежесіне сипаттама


Вариант

Экологиялық тұрақтандыру коэффициенті

КЭСЛ1

ландшафтың

сипаттамасы



КЭСЛ2

ландшафтың

сипаттамасы



Бірінші













Екінші













Үшінші














2 Материал. Ландшафтың тұрақты және тұрақты емес элементтері және олардың аудандары (6 кесте).

2. Ландшафтың барлық ауданы және оның биотикалық элементерінің аудандары (7 кесте).

3. Экологиялық тұрақтылық коэффициентіне қарай ландшафтың сипаттамасы (8 кесте).

Ландшафтың экологиялық тұрақтылық дәрежесін бағалаудың бірінші тәсілі - КЭСЛ1 оның әртүрлі элементтерін олардың қоршаған ортаға деген оң және теріс әсерлерін анықтау және аудандарын салғастыруға негізделген:

КЭСЛ1 = ∑ FСТ / ∑ FНСТ, мұнда

FСТ- ландшафтың тұрақты элементтерінің аудандары, га;

FНСТ- ландшафтың тұрақты емес элементтерінің аудандары, га.

Ландшафтың экологиялық тұрақтылық дәрежесін бағалаудың екінші тәсілі - КЭСЛ2 оның аудандарын ғана емес, сонымен қатар ішкі қасиеттерін және сапалық жай күйін есепке алуға негізделген (ылғал және биотиптің кескіні, биомассаның құрылымы, геологиялық құрылысы және т.с.с.):

КЭСЛ2 = ∑ fi x K Э.З. х К r / FТ, мұнда

fi – биотикалық элементтің ауданы;

KЭ.З–жекеленген биотикалық элементтердің экологиялық маңыздылығын сипаттайтын коэффициенті;

К r – рельефтің геологиялық-морфологиялық тұрақтылық коэффициенті (1,0 - тұрақты; 0,7 – тұрақты емес, мысалы, құмдар, беткейлер, көшкіндер рельефтері)

FТ – ландшафтың барлық ауданы, га.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет