Т. М. Блисов Агроэкология Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет4/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,68 Mb.
#13924
1   2   3   4

Нәтижелерді өңдеу

1. Ландшафтың экологиялық тұрақтылық дәрежесін - КЭСЛ1 оның әртүрлі элементтер аудандарын және олардың қоршаған ортаға деген оң және теріс әсерлерін есептей отырып анықтаңыз.

2. Ландшафтың экологиялық тұрақтылық дәрежесін - КЭСЛ2 оның аудандарын ғана емес, сонымен қатар ішкі қасиеттерін және сапалық жай күйін (ылғал және биотиптің кескіні, биомассаның құрылымы, геологиялық құрылысы және т.с.с.) есептей отырып анықтаңыз.

3. Қорытынды.



Бақылау сұрақтары:

1 Ландшафтар дегеніміз не?

2 Ландшафтардың негізгі түрлерін атаңыз.

3 Антропогендік ландшафтар дегеніміз не олардың қандай түрлері бар?

4 Сукцессия дегеніміз не және алғашқы және соңғы сукцессиялардың қандай ерекшеліктері бар?

5 Экожүйелердің тұрақтылығы дегеніміз не?



6 Кесте - Ландшафтың тұрақты және тұрақты емес элементтерінің ауданы


Ландшафтың тұрақты элементі

Ауданы, га .

Ландшафтың тұрақты емес элементі

Ауданы, га

вариант

вариант

1

2

3

1

2

3

Орман

2200

2260

3410

Жылда өңделетін егістік жерлер

1317

2380

2010

Жасыл екпелер

350

375

610

Шөп жамылғысы тұрақты емес жерлер

280

472

490

Табиғи шалғындар

170

185

307

Беткейлер

155

197

205

Қорықтар

433

460

715

Құрылыс және жолдар ауданы

400

493

514

Көп жылдық шөптер орналасқан жыртылған жерлер

215

255

520

Пайдалы қазбалар орындары

205

285

322

7 Кесте - Ландшафт және оның биотикалық элементетрінің аудандары




Вариант

Ландшафтың жалпы ауданы, га

Ландшафтың биотикалық элементінің ауданы, га

Вариант

Биотикалық элементтің экологиялық маңыздылық коэффициенті

1

2

3




Бірінші

5770

Құрылыстар

85

90

100

0

Екінші

6150

Егістік

510

790

820

0,14

Үшінші

6510

Қылқан жапыр. орман

2275

2400

2750

0,38







Орман жолақтар

157

170

220

0,43







Бау-бақша

154

210

225

0,50







Шалғындар

289

380

435

0,62







Жайылым

420

510

697

0,68







Су қоймалары

155

215

259

0,79







Жапырақты орман

1725

1785

1974

1,0

8 Кесте - Ландшафттарды КЭСЛ1 және КЭСЛ2 коэффициенттері арқылы

бағалау



Экологиялық тұрақтылық коэффициенттері (КЭСЛ1, КЭСЛ2)

КЭСЛ1

Ландшафтың сипаттамасы

КЭСЛ2

Ландшафтың сипаттамасы

<0,5

Тұрақты еместілігі жақсы байқалады

<О,З3

Тұрақты емес

0,51 - 1,00

Күйі тұрақты емес

0,34 - 0,50

Тұрақтылығы шамалы

1,01-3,00

Күйі шартты тұрақты

0,51-0,66

Тұрақтылығы орташа

3,00 және одан артық

Тұрақтылығы жақсы байқалады

0,66 артық

Тұрақты



7 Тақырып Ауыл шаруашылық техникасын пайдаланудың экологиялық аспектері
Мақсаты: Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландырудың экологиялық проблемалары; топырақтардың машиналық деградациялануын анықтау және ауыл шаруашылық техникасын экологизациялау жолдарын қарастыру.

Жоспар:

7.1 Механикаландырудың экологиялық проблемалары

7.2 Техникалық құралдарға қойылатын экологиялық талаптар
7.1 Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіп-өндірудегі экологияландырылған технологиясын дамытуда негізгі рөл техникалық құралдарға жатады. Ауыл шаруашылығында техниканы кең масштабты пайдалану еңбек өнімділігі мен тиімділігінің артуына мүмкіншілік жасайды, бірақ ол теріс ауыртпалықтармен бірге жүреді, ал оны шығару және минимализациялау аграрлы секторді «экологизациялаудағы» ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады.

Қазіргі уақытта механизацияландыру құралдарын пайдалануда және олармен байланысты теріс ауыртпалықтарды тудыратын өндіріс процестер тізімі дайындалған.

1 Тез әрекет жасаушы энергетикалық құралдарды пайдалану (автомобилдер, трак­торлар, өзі жүретін ауыл шаруашылық машиналары): атмосфераны химиялық, механикалық және акустикалық ластау; қоршаған ортаны сұйық мұнай өнімдерімен ластау; қысым, динамикалық әсерлер және дірілдердің топыраққа деген тығыздау және бұзу әсері.

2 Топырақты өңдеу: су, жел және техникалық эрозияның дамуы; соқалық ұлтанның-плужная подошва пайда болуы және оның зардаптары; топырақтың тығыздалуына байланысты тарту күшінің артуы.

3 Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу және өсімдікді қорғау: су мен топырақтың химиялық заттармен ауружұқтырғыш организмдермен ластануы; пестицидтердің тірі организмдер мен жалпы экожүйелерге деген теріс әсерлері.

4 Тамырлы- және түйнектіжемістілерді өсіп-өндіру: эрозияның дамуы, топырақтың құнарлы қабатының тығыздалуы; алқаптардан жеткіліксіз деңгейде тазартылмаған тамырлы-түйнектіжемістілер өнімдерін тасымалдау кезіндегі топырақ шығындары; картоп пен тамырлыжемістер түйнектерінің зақымдануы және осыған байланысты сақтау кезіндегі шығындар.

5 Дәнді және мал азықты дақылдарды жинау (ору): дәнді дақылдардың шығындары, зиянкестердің қоректену жағдайын жақсарту; көк массаның тасымалдау құралдарына арту кезіндегі шығындары; сапалы шығындар, дәнді ұсату және зақымдау; егін ору агрегаттарының жиналу объектісіне жылжу кезінде жануарлардың шалғыға түсуі.

6 Астық пен тұқымдарды кептіру, тазалау, іріктеу және сақтау. Шөп ұнтағын дайындау: кептіру процесі кезіндегі жағу газдарымен қоршаған ортаның ластнауы; сапалы емес тазалау нәтижесінен жеткіліксіз тазаланған тұқым материалын алу және соңынан егістің арам шөптермен ластануының артуы; дән мен тұқымның зақымдануы және сақтау кезіндегі өнім шығындары.

7 Машина-тракторлық паркты эксплуатациялау. Қоршаған ортаны ластау және оның құрауыштарына бұзулық әсері: массасы үлкен қуаттылығы мен жылдамдылығы жоғары машиналарды пайдалану; МТП пайдалануды ұйымдастырудағы ақаулықтар мен кемшіліктер; лайықты жабдықтар мен арнаулы орындардың болмау жағдайында техникалық қызмет және күтім жүргізу; мұнайшаруашылығын ұйымдастыру кезіндегеі олқылықтар (сұйыққоймалары, үлестіру құралдары және с.с. нашар жағдайлары); дизелді автомобилдер мен тракторларға арналған жылытылатын ғимараттардың болмауы; ауыл шаруашылық машиналарын сақтау және шығысқа шығарылған техниканы уақытымен тапсырылмаған жағдайларда коррозиядан қоршаған ортаның ауыр металлдармен ластануы.

8 Мал шаруашылығындағы өндірістік процестерді механизациялау: қоршаған ортаның көңмен ластануы және жұқтыруы; сауу аппаратурасы мен сүт жабдықтары жуып-шаю, тамырлы- және түйнектіжемістілерді жуу кезінде қоршаған ортаның ластануы; ауа бассейнінің жануарлардың тіршілігінен және көңнің шіру кезіндегі шығатын газдар, сонымен қатар ғимаратты вентеляциялау кезінде шаңдар мен микроорганизмдермен ластануы.

9 Мелиорация: құрғату – топырақтың құнарлы қабатын құрту, груттық сулар деңгейін төмендету, табиғи экожүйелерді бұзу; құрғату – шамадан тыс ылғалдандыру, топырақтың батпақтануы және сортаңдануы; грунттық сулар деңгейінің көтерілуі; топырақтың құнарлы қабатының жаңбырлатқыш құралдарының қарқындылығы жоғары жаңбырлатуда және топырақты шаю кезінде бұзылуы.

Келтірілген тізім алдын-ала және нысаналы түрде әр бөліп көрсетілген бөлім бойынша қажетті табиғатты қорғау шаралар кешенін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.


7.2 Жоғарыдағы тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарын пайдалану кезіндегі келтірілген экологиялық ығын-шығындар белгілі бір нормативтер шектерінен шықпауы керек.

Бұл жағдайда жүріс жүйелерінің топыраққа деген әсеріне қарасты бірінші реттегі міндет болып машина-тракторлық паркінің құрылымы мен пайдалануын оңтайлату саналады. Бұл проблеманың өте актуалдылығы техногендік ауыртпалықтардың артуына байланысты топырақтың деградациялануының қауіпті мөлшерлері еріксіз қабылдандырады.

Қазіргі уақытта орташа есеппен бір гектар егістікке механизацияланған жұмыстың мөлшері 13 эталонный гектар болады. Бұл көрсеткіш егіншілікті интенсификациялауға байланысты артады. Тракторлардың қуаты артады оған байланысты массасы да. Ақырғы 30 жылда егістіктің бірлігі мен көлеміне қарасты тракторлардың массасы 3 есе артты. Сонымен бірге трактор паркінің құрылымында доңғалақты тракторлар 70 %-ға дейін артты, ал оның ішінде К-701 и К-744 сияқты ауыр машиналар, олардың шетелдік аналогтарының да үлесі артты.

Топырақты ауыр комбайндер, көлік-технологиялық құрадар және басқа да машиналар тығыздайды. Егін ору кезеңінде көлік-технологиялық құралдары тракторларға қарағанда 1,5-2 есе артық қысым көрсетеді. Бұл жағдайда топырақты өңдеудегі тарту кедергісі күшейеді, ЖНМ шығыны кенет артады, құнарлы қабатты жақсы дайындау үшін механикалық операциялар саны да артады. Мысалы ВИМ-нің деректері бойынша топырақты 20-22 см-ге өңдегенде қара топырақтағы өзіндік кедергісі шынжырлы және жеңіл доңғалақты тракторлар ізінде 12-15% артады ізден тыс жердмен салыстырғанда, Г-150К және К-701 тракторлар ізінде – 44, автомобилдер мен комбайндар ізінде - 60-64, принцепті тракторлық көлік құралдар ізінде -70-90%-ға артады. Сонымен бірге пластың ұсақтану сапасы төмендейді, мысалы Т-150К - 83, К-701 тракторлар іздерінде пластың ұсақтануы - 56%, ал ізден тыс - 87%.

Соңғы уақытта машиналық деградациялану проблемасын шешу үшін белгіленген ғылыми-ұйымдастырулық шаралар жасалған (топыраққа деген әсер нормасын шектейтін ГОСТ дайындалған.

Қозғалтқыштар мен топырақты өңдеу машиналарын экологиялық жағынан бейімдеуге бірнеше жаңа техникалық шешімдер қабылданған. Олардың қатарына шынжырлы қозғалтқыштардың жаңа типтері, доңғалақтарының тракторлар, комбайндар, көлік құралдары доңғалақтарының эластикалық (қысымы өте төмен) шиндері жатады.

Топыраққа деген техногендік ауыртпалықтарды төмендету бағытында келешегі бар құрама агрегаттар, олар бірнеше операцияларды (топырақты негізгі, себу алдында өңдеу операциялары, тыңайтқыш енгізу және т.б.) бірге жасайды. Оларға жататындар: серийлық агрегаттар типтері АКП, РВК, АКР.

Топырақты өңдеуді экологизациялау әртүрлі табиғи және шаруашылық жағдайларға бейімделген техникалық құралдардың көптеген түрлерін пайдаланумен байланысты. Топырақты өңдеу машиналары жұмыс органдарының бірнеше түрлері жасалған (чизе­лдер, қопсытқыштар, саңылау салғыштар, қопсытатын-кесетін табандар, параплау және б. др.). Келешекте астықты дақылдарды өсіп-өндірудің ең маңызды бағыты минималды және нөлді технологияларды игеру. Олар топыраққа деген механикалық әсерлер тәсілдерін бірнеше рет қысқартады.



Әдебиет: 2, с. 183 - 197; 3, с. 171 -.189; 11, с. 184-187; 14, с. 184-196.

Бақылау сұрақтары:

1 Механизациялаудың жалпы экологиялық проблемаларын атаңыз.

2 Әртүрлі тракторларды пайдаланудың экологиялық аспектерін сипаттаңыз.

3 Топырақты өңдеу құралдарына сипаттама беріңіз.

4 Топырақтың машиналық деградациялануын төмендету жолдарына сипаттама беріңіз.

5 Қозғалтқыштардың топыраққа деген әсерін нормалауға сипаттама беріңіз.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1 Агроэкология / Под ред. В.А. Черникова. – М.: Колос, 2000. – 533 с.

2 Уразаев Н.А., Вакулин А.А. Сельскохозяйственная экология. – М.: Колос, 1996. – 255 с.

3 Фёдорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии. – М.: Владос, 201. – 245 с.



Қосымша:

4 Добровольский Г.В., Гришина Л.А. Охрана почв.- М.: Изд. МГУ,1985. – 246с.

5 Добровольский Г.В., Никитин Е.Д. Экологические функции почв. – М.: Изд. МГУ, 1986. – 265с.

6 Вальков В.Ф., Казеев К.Ш., Колесников С.И. Почвоведение (Учебный курс) – М.: Март, 2006. - 495 с.

7 Кирюшин В.И. Экологические основы земледелия. – М.: Колос, 1996. – 368с.

8 Маслов Б.С. Мелиорация и охрана природы. – М.: Россельхозиздат, 1996.

9 Минеев В.Г. Минеев В.Г. Агрохимия и биосфера. – М.: Колос, 1984. – 246с.

10 Линев М.И. Пестициды и охрана окружающей среды. – М.: Колос, 1992. – 365с.

11 Минеев В.Г. Химизация земледелия и природная среда. – М.: Агропромиздат, 1990. – 287с.

12 Тышкевич Г.Л. Экология и агрономия. – Кишинев: Штиинца, 1991. – 268с.

13 Тяжёлые металлы в системе «почва-растение-удобрение» / Под ред. М.М. Овчаренко. – М.: Колос, 1992. – 325с.

14 Гербициды и почвы: Экологические аспекты применения гербицидов. /Под. ред. Е.А. Дмитриева – М.: Изд. МГУ, 1990. – 452с.

15 Оспанова Г.С., Босшатаева Г.Т. Экология. – Алматы: Экономика, 2002. - 402 б.

16 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі: Ресми мәтін. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. –496с.

17 Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық. – Алматы.: Экономика, 2006. – 480 б.

18 Экологиялық энциклопедия / А.Ж.Ақбасова және т.б. – Алматы, 2007. - 303 б.

19 Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. –368 б.

20 Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология. – Алматы: Бастау, 2003. – 292б.

21 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған А.Қ. Құсайынов – Алматы: Мектеп, 2002. – 392 б.

22 Бигалиев А.Б. Проблемы окружающей среды и сохранения биологического разнообразия: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 126с.

23 Экологический мониторинг: Учебно-методическое пособие. / Под редакцией Т.Я. Ашихминой. М.: Академический Проект, 2006. – 416 с.

24 Алишева К. Экология: Учебник, - Алматы: НАS, 2006. – 304 с.

25 Экология және табиғатты тиімді пайдалану/А.Ж. Ақбасова, Е.Ү.Жамалбековжәне т.б. – Алматы,2004. - 328 б.

26 Қазақстан Республикасының Жер кодексі: Ресми мәтін. - Алматы: Жеті жарғы, 2003. - 256 с.

27 Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1995. - 292 б.

28 Тұрарбеков А.Т., Иванников А.В. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. – Алматы, Қайнар, 1990. - 216б.

29 Бейсенова Ә.С., Шілдібаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. – Алматы, Ғылым, 2001. - 238 б.

30 Колесников С.И. Экологические основы природопользования. – Москва – Ростов-на-Дону: МарТ, 32005. – 336с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет