Т. М. Блисов Агроэкология Тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет2/4
Дата14.04.2017
өлшемі0,68 Mb.
#13924
1   2   3   4

Әдебиет: 2, с. 183 - 197; 3, с. 171 - 189; 12, с. 184 - 187; 21, 184-185, 276-277б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жасыл тыңайтқыштарды экологиялық бағалау.

  2. Сабанды экологиялық бағалау.

  3. Төсеніш (жартылай шіріген) көңін экологиялық бағалау.

  4. Төсенішсіз көңді экологиялық бағалау.

  5. Құс саңғырығын экологиялық бағалау.

  6. Органикалық тыңайтқыштарды енгізу технологиясын экологиялық бағалау.

  7. Органикалық тыңайтқыштарды сақтау технологиясын экологиялық бағалау.

  8. Мал шаруашылығы кешендерінің санитарлы-қорғау белдемдері.


3 Тақырып Егістік агробиоценоз және ауыл шаруашылық алқабы ретінде
Мақсаты: Егістік агробиоценоз және ауыл шаруашылық алқап ретінде екендігімен танысу: фотоавтотрофтар, гетеротрофтар бірлестіктері, арам шөптер және олармен күресу шаралары, агробиоценоздың зиянкестері және аурулары.

Жоспар:

3.1 Егістік ауыл шаруашылық алқабы және экожүйе ретінде

3.2 Фотоавтотрофтар (продуценттер) бірлестіктері. Ауыл шаруашылық дақылдары. Арам шөптер және олармен күресу шаралары

3.3 Гетеротрофтар бірлестіктері. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және олармен күресу шаралары. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу үшін табиғи жыртқыштарды пайдалану

3.4 Дәнді дақылдардың аурулары және олармен күресу шаралары
3.1 Егістік деп ауыл шаруашылық дақылдарын өсіп-өндіруге пайдалынатын немесе осыған арналған ауыл шаруашылық алқаптарын айтады. Егістіктің рөлін асыра бағалау өте қиын мәселе. Ол құрлықтың тек 10% ала отырып адамзатқа қоректік өнімдердің 88% береді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 97 бабынада былай делініп жазылған: «Егістік – жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдалынатын жер учаскелері, сонда-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ бақтардың егіске пайдалынатын қатар аралығы егістікке жатпайды». Егістікке құнарлығы жағынан жақсы топырақтар бөлінеді. Ал топырақтың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі, экологиядағы және биосферадағы рөлі туралы біз бұдан бұрын қарастырған болатынбыз. Адам егістікті өңдей отыра топырақтың қасиеттерін онда өсіп-өнетін дақылдардың талабына сай және одан сапасы жақсы жоғары өнім алуға тырысады.

Агробиоценоз немесе агроэкожүйе ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды (егсітік, жайылым, бақ, жүзімдіктер, т.б.), тұрақсыз экожүйе.

Қазіргі кезде агробиоценоздар дүние жүзіндегі жер ресурсының 30%-ын, соның ішінде егістік жер – 10%, шабындықтар мен жайылымдар – 20%-ын құрайды.

Табиғи биоценоздардан агробиоценоздардың айырмашылығы бар: мұнда тірі организмдердің әртүрлілігі күрт төмендеген түрлер жасанды сұрыптау арқылы реттеледі, өзін-өзі реттеудің әлсіз байқалатын механизміне ие. Бұлардың табиғи экожүйелермен салыстырғанда биологиялық өнімділігі жоғары болады.

Сонымен қатар онда кезкелген табиғи биоценоздар сияқты продуценттер-фотоавтотрофтар бар, оларға адам өндіретін өсімдіктерден басқа арам шөптер де өсіп-өнеді және олар биоәралуандылығын дамытуға және агробиоценоздың тұрақтылығын арттыруға тырысады. Бірақ олар адамға жау болып саналады сондықтан оларды міндетті түрде құрту керек. Егістікте бірінші реттегі консументтер - жабайы өсімдіктермен қоректенетін жануарлар де бар, олар табиғатта заттар айналымында қажетті буын, бірақ адамға зиянкестер болып саналады да олармен әр түрлі күресу керек. Сонымен қатар міндетті құрауыш болып екінші реттегі консументтер – жыртқыштар саналады, олардың көбі ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерін жояды және бұл тұрғыдан адамға пайда әкеледі. Бірақ өсімдіктерді қорғаудың химиялық тәсілдерін пайдалана отырып адамдар пайдалы жәндіктерді де жояды, олардың санын азайтады, осыған орай өсімдіктерді қорғаудық химиялық тіәсілдерін де көп қолданады. Биоценоздың құрауышы ретінде топырақты мекендейтін, өсімдіктердегі немесе олардың ішіндегі микроорганизмдер де қатысады. Өсімдіктерді мекендейтін көптеген микроорганизмдер оларға ауру жұқтырғыштар болып саналады, сондықтар олармен күресу шараларын қолдану керек.

Осыған орай егістіктің түрлер әртүрлілігі күрт төмендеген, тұрақтылығы төмен агробиоценоздарының өнімділігін сүйемелдеу үшін адамға қосымша өндіріс шығындары талап етіледі. Адамның көмегінсіз егістік агробиоценоз ретінде тіршілік ете алмайды.

Егістік күрделі агробиоценоз болып саналады және төменгі деңгейдегі бірнеше агробиоценоздардан тұрады, оларға егістік аумағындағы жекеленген ауыспалы егістердің агробиоценоздарын жатқызуға болады. Ауыспалы егістердің типтері мен түрлері де көп және олардың әрқайсысы өзінің агробиоценозын құрайды. Ауыспалы егістің жекеленген танаптарының, жекеленген ауыл шаруашылығы дақылдарының, бақтар мен жидектілер, көкөніс дақылдары және т.б. агробиоценоздары болады. Бірақ бұл қурста біз тек агробиоценоз ретінде егістікті қарастырамыз.


3.2 Солтүстік Қазақстанның жыртылатын жерлерінде өсіп-өндірілетін өсімдіктер түрлерінің құрамы өте кедей. Олардың негізгі үлесі астықты немесе дәнді дақылдар – жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық үлесіне келеді, жалпы олардың егістік көлемінен үлесі 70 және одан да артық пайыз болады. Сонымен бірге ең көп өндірілетін жаздық бидай. Дәнді бұршақтылар ішінде аздаған мөлшерде асбұршақ және ноқат өндіріледі. Майлы дақылдардан сол сияқты аздаған мөлшерде күнбағыс және рапс. Сонымен қатар егістік аумағында мал азықтық дақылдар – жүгері сүрлемге және көк жемшөпке, бір жылдық шөптер (судан шөбі, итқонақ-могар, мал азықтық тары, бұршақты-сұлы қоспасы) және көп жылдық шөптер (еркекшөп-житняк, мықын-кострец, түйежоңышқа-донник). Егістіктің 15-тен 25%-ға дейін көлемін пар танаптары алып жатады, онда жыл бойы дақылдар себілмейді және арам шөптермен күресу, топырақта ылғал мен қоректік заттар жинау үшін пайдалынады.

Ауыл шаруашылық өндірісіне қолайсыз фактордың бірі болып арам шөптер саналады. Солтүстік Қазақстан агроценоздарының арам шөптер ассоциациясында олардың келесі топтары кездеседі:

1 Бір жылдық жаздықтар, қыстап шығатындар, күздіктер, олар толық даму циклін бір жылда аяқтайды, тек тұқымдарымен ғана көбейеді.

2 Екі жылдықтар, бұл топтың өсімдіктері өздерінің толық даму циклін екі жылда аяқтайды, тұқымдарымен көбейеді.

3 Көпр жылдықтар – тамырсабақтылар, атпатамырлылар, кіндіктамырлылар-стержнекорневые және басқалар, тұқымдары және жер астындағы органдарымен көбейеді.

4 Карантиндік арам шөптер.

Біздің өңірде дәнді дақылдарды өндіруде салалы және көп тараған арам шөптер: далалық сары қалуен, егістік қалуен, далалық шырмауық, татар ақсүттігені, қара құмық түрлері, ақ гүлтәжі, қара сұлы, тары сымақтылар және басқалар.

Арам шөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда жарық, су, қоректік элементтер үшін бәсекелестік күреске өте бейімделген және тіршілікке икемді келеді.

Арам шөптермен күресу амалдары мен тәсілдері танаптың ластану типіне байланысты болуы керек.

Аз жылдықтардың вегетация кезеңі қысқа және мәдени өсімдіктерді орғанға дейін тұқымданып үлгереді және топыраққа шашылады. Бір жылдық жаздық ерте пісетіндер ішінде ең зияндысы және жоюы қиынға түсетін қара сұлы.

Жаздық кеш пісетіндер ішінде ең зияндысы жабайы және тауық тарысы және гүлтәжі түрлері. Олардың көбеюі жоғары дәрежеде болады, тұқымдары топырақтың үстінен өне береді. Бұл арам шөптердің жаппай өскіндері мәдени астық тұқымдастардан кеш шығады.

Көпжылдық тамырсабақтылар – жатаған-пырей, бұтақты бидайық-острец тұқымдарымен және вегетативтік органдар – көптеген бүршіктері бар тамырсабақтылар арқылы көбейеді. Тамырсабақтыларды бөлшектеу (топырақты механикалық өңдеу кезінде) бүршіктерді оятады да олардың өсіп-өнуін ынталандырады. Тамырсабақтылардың кесінділері жақсы ұласып өседі, ұзындығы 5 см бүршіктен жаңа өсімдік пайда болады.

Көпжылдық атпатамырлы арамшөптер тұқымдық өнімділігі жоғары болғандықтан тамыр жүйелеріндегі бүршіктердегі тамыр өскінділері арқылы көбею потенциалы да жоғары келеді. Егер жер астындағы органдарының өсуіне және оларда пластикалық заттардың жиналуына жол бермесе олардың өркендерінің қалыптасу қабілеті де кенет төмендейді.

Атпатамырлылар ішінде ең зияндысы күрең у кекіре-горчак розовый, ол карантиндік арамшөпке жатады. Бұл өсімдік ауыл шаруашылық малдарына улы келеді, тамыр жүйесі токсиндер шығарады, олар мәдени өсімдіктердің өсіп-өнуін тежейді. Құтаю-выживаемость жағынан ең берік өсімдік болып саналады, тұқымдарымен, бірақ негізінен тамыр өркендері арқылы көбейеді. Негізгі вертикалды тамыры 3-5 м-ге жетеді, одан вегетаивті көбейетін бүршіктері бар горизонталды тамырлар таралады. Күрең у кекіреге қарсы комплекстік (агротехникалық және химиялық) шаралар қолдану керек және оны кемдегенде үш жыл жүргізу керек.

Арамшөптердің барлық түрлерімен күрес жүргізу пар танабынан басталады, онда механикалық және химиялық өңдеулер жүргізеді, содан кейін қажеттілігі болса ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерінде жалғастырады.
3.3 Агробиоценоздардағы гетеротрофтар бірлестігі бірінші және екінші реттегі консументтер болып келеді.

Бірінші реттегі консументтер – шөпқоректі жануарлары, егістікте алынатын жемшөппен қоректенетін аздаған үй жануарларымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестер тобының көптеген түрлері кездеседі.

Біздің өңірде өнімге үлкен зиян келтіретін негізгі фитофагтарға жататындар: дән сұркөбелегі, гессен және швед шыбыны, астық жолақ бүргесі және сабақ бүргелері, бидай бітесі-пшеничный трипс, астық гүл кенесі, сүлірше қоңыз-пьявица, обыр шегірткелер-саранчовые, зиянды қандалалар, биттер-тли, цикадалар (жегілер)-цикадки, астық егеушыбындары-хлебные пилильщики, қойма кенесі – бұлар бәрі жәндіктер. Егіс зиянкестеріне кеміргіштертер де жатады: тышқандар, саршұнақтар-суслики, суырлар-сурки, араламандар-хомяки және б.

Зиянкестермен күресуде фитосанитарлық жағдайларды бақылау және қорғау шараларын бағалай білмеу қауіпті ауыртпалықтарға, тіпті өнімді мүлде құртуға әкеліп соғады. Мысалы бір дән көбелегі өзінің өсу барысында орташа есеппен 35-40 дәнді құртады.

Зиянкестік жәндіктер белгілі бір жағдайларда аздаған уақыт ішінде ауу немесе көшу және көбею арқылы егістерді жайлайды, сонымен қатар қоймаларда көбейеді және елеулі зиян келтіреді.

Фитофагтар саны мен зияндылығына көптеген факторлар әсер етеді, дегенмен негізгілері өсіп-өндіру технологиясы және күн райлары. Зиянкестермен күресуде жекеленген агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерді қорғау проблемасын шешеді, сонымен қатар мезгіл-мезгіл химиялық тәсілдерді – инсектицидтер нысаналы түрде пайдалану қажеттілігі туады.

Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда және олардың табиғи жаулары, ылғыйына агроценоздарда болатын – екінші реттегі консументтер –жыртқыштар, паразиттер, антагонистерді пайдаланады.

Өсімдіктерді биологиялық тәсілмен қорғау зиянкестердің және агробиоценоздағы олардың жауларының биологиясын терең және көп жақты зерттегенде табысты болады. Осыған орай олардың агробиоценоздағы байланыстары, сандары және олардың сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсерінен популяцияларында өзгеруі анықталады.

Бұл жағдайдағы ең негізгі зағдылық: зиянкесті организмдердің көбеюін басу үшін маңыздысы олардың табиғаттағы жаулары, олар биологиялық факторлар кешенінде реттеуші шамамен қайта байланысы бар табиғи санды реттеушіге жатады. Сондықтар энтофагтарды ұтымды қорғау (оларды өсіру және табиғатқа қосымша қарқынды шығару) агробиоценоздағы бұзылған биоценотикалық байланыстарды белгілі бір дәрежеде қалпына келтіру және зиянкесті организмдерді реттеуде көмектеседі.

Өсімдіктер зиянкестерінің табиғи жауларына омыртқалы жануарлар мен микроорганизмдердің көптеген түрлері жатадлы. Оларды барлығы бірімен бірі биотикалық қарым-қатынастар кешенімен байланысқан, олардың ішіндегі биологиялық тәсілде мына заңдылықтар маңызды: жыртқыштық, паразитизм және антибиоз.

Жыртқыш әдеттегіше үлкен келеді және тіршілік ету процесінде көптеген мөлшерде жейді. Өсімдіктер зиянкестерін жейтін жыртқыштар ішінде қосмекенділерден бастап сүтқоректілерге дейінгі омыртқалы жануарлардың көптеген түрлері, сонымен қатар омыртқасыздар – жәндіктер, кенелер, жарғаққанаттылар-перепенчатокрылые және б. бар.

Бауырымен жорғалаушы-пресмыкающиеся зиянкестермен қабыршақтылар отрядтарының үш тұқымдастыларының өкілдері қоректенеді, жәндіктерді жояды.

Дала және шөлейт аудандарында тышқансияқты кеміргіштерді сарыбауыр қарашұбар жыландар жояды.

Мәдени өсімдіктерді қорғауда құстардың рөлі аса маңызды. Басқа түрлерден құстардың маңыздылығы олардың тез әрекет жасаушылыжылжымалығы. Құстар жәндіктермен қатар кеміргіштерді де құртады.

Құстар ішінде негізінен жәндіктермен торғай отрядына жататындар қоректенеді.

Далалы, шөлейт және шөлді аудандарда зиянкес кеміршілерді құртуда аса маңызды рөлді құстар атақарады. Сарышұнақтар мен тышқандарды күндізгі ірі жыртқыштар аулайды. Тышқансияқты кеміргіштерді жапалақтар құртады. Мысалы австралиялық жапалақ-сипуха жылына 1400-ге дейін тышқан, 140-150 егеуқұйрық, 10 жарғанат, сонымен қатар 400-ден артық ұсақ құстар мен басқа да жануарларды құртады. Ақтұмсық қарға заузақоңыз-майский жук, шыртылдақ-щелкун, қызылшаның бізтұмсық қоңыздарымен қоректенеді. Бұлар қауіпті және улыхимикаттармен жойылуы қиынға түсетін зиянкестер. Бір ақтұмсық қарға топырақтан жылына зауқоңыздың 8000 артық балаңқұртын-личинка қазып алып жейді.

Егіншіліктің далалы аудандарында орман жолақтарын жасау және олардың құрамына жидекті бұталар түрлерін енгізу құстардың ауыл шаруашылығына деген көмегін арттырады.

Жәндіктер және кеміргіштермен көптеген сүткоректілер қоректенеді. Бірақ олар шектелген аумақта таралған және саны өте шамалы келеді, сонымен бірге олар шалғындар мен шабындықтарға зиян келтіреді. Оларға жататындар: аққалақ, борсықтар.

Жырқыштар буынаяқтылар – жәндіктер мен кенелер. Ауыл шаруашылығына пайдалылары жәндіктер мен кенелерді қорек ететіндер. Сона-слепняк тұқымдастарының өкілдері бітелер, ұсақ жұлдызқұрттар, өрмекші кенелер, алма күйе көбелегі және б. белсенді құртады. Қалқангерлер-щитники тұқымдастар түрлері 100-ден астам жәндіктер түрлерін жояды.

Қоңыздар отрядында мәдени өсімдіктерді қорғауда пайдалылары ызылдақ қоңыз, стафилиндер, нарывниктер тұқымдастары. Ханқызының тек бітелерді құртатыны көпке белгілі.

Пайдалы жануарлар ішінде ең танымалысы құмырсқалар, олар тірі және өлі жәндіктермені, бітелердің тәтті шығарындыларымен, саңырауқұлақтармен қоректенеді.

Шыбындар, паразитті кенелер ішінде де пайдалы жәндіктер бар.


3.4 Егістіктегі ауыл шаруашылық өсімдіктерін көптеген ауру жұқтырғыштық микрорганизмдер мекендейді. Солтүстік Қазақстанда бидайдың ең көп тараған және зиянкесті аурулары болып тозаңды және қатты қаракүйе, тамыр шірік, қоңыр және сабақты тотбасуы, жапырақтардың септориозы. Арпа тозаңды, тасты қара күйе, тамыр шірік, сабақты тотбасуы және жапырақтың гельминтоспориозды теңбілділігімен зақымданады. Бұл аталған аурулардан шығындар 15-20% және одан артық болады. Кейбір жылдары астықтылардың карликті болуы және қуыршақтануы байқалады, олардың қоздырғыштары вирустар, арпаның жолақты бактериозы, масақтың фузариозы және б.

Аурулардың таралуын және дамуын шектеу үшін фитосанитарлық шаралар мен агротехникалық тәсілдер кешенін жүзеге асыру керек, ал қажетті жағдайда өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын қолдану керек.

Егер аурулардың қоздырғыштары өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталған жағдайда бұл аурулардың көпжылдық динамикасын фитосанитарлық алғы дақылдарды, егіс егу мезгілін және себу нормасын сұрыптау арқылы реттеуге болады. Сонымен қатар ылғалмен қамтамасыз ету режимін реттеу арқылы зиянкестігін төмендетуге болады.

Инфекцияның көзі тұқымдар болғанда экономикалық жағынан ең тиімдісі оны дәрілеу.

Аурулар көзі болып ауа саналғанда жоғарыда көрсетілген тәсілдер тиімді емес, ең тиімдісі егістерді фунгицидтермен өңдеу. Химиялық өңдеудің оңтайлы кезеңі аурудың жаппай таралуының басы.

Егістік агробиоценоздарында ауру тарататын микроорганизмдерден басқа пайдалылары да бар. Көптеген микроорганизмдер организмдердің басқа түрлерін жоятын немесе олардың өсуін тежейтін органикалық заттар шығарады. Бұндай заттар антибиотиктер деп аталады.

Антибиотиктер медицина мен ветеринарияда кеңінен пайдалынады, сонымен қатар өсімдіктер ауруларын тарататын қоздырғыштармен күресу үшін пайдаланады. Өсімдік шаруашылығында химиялық құралдарға қарағанда – фунгицидтер антибиотиктерді пайдаланудың көптеген артықшылығы бар. Антибиотиктер өсімдіктердің органдары мен тканьдарына жеңіл кіреді, баяу инактивизацияланады, қолданылған дозаларының өсімдіктерге деген теріс әсері болмайды, сонымен бірге қоздырғыштар – патогендік саңырауқұлақтар мен бактерияларға талғап әсер етеді. Бірақ ұзақ уақыт пайдаланғанда улыхимикаттарды қолданғандай ауру қоздырғыштарының антибиотиктерге деген тұрақтылығы немесе төзімділігі пайда болады да олардың тиімділігі төмендейді. Сондықтан үнемі бір антибиотиктерді қолдануға болмайды, олардың жаңа препараттарын пайдалану керек.

Егістіктегі агробиоценоздардың тұрақтылығын арттыру үшін тыңайтқыштарды пайдалану, суармалау, топырақта ғылыми негізделген өңдеулер жүргізумен қатар ауыл шаруашылық дақылдарының көптеген жаңа түрлерін енгізу керек. Бұндай жағдай сонымен қатар топырақты зорығудан қорғайды. Қай танапта болсын оларды жыл сайын алмастырып отыру зиянкестер мен аурулар санын және улыхимикаттарды пайдалану қажеттілігін азайтады. Осыған орай агробиоценоздардың өнімділігі артады.

Жалпы табиғатта пайдалы және зиянды организмдер жоқ, олардың барлығы бір-біріне қызмет етеді және тек адамға қарасты олар пайдалы немесе зиянды болып келеді. Адам өзінің мақсатында агробиоценоздарды пайдалана отырып онымен шектескен табиғи биоценоздарға зиян келтірмеуге тырысу керек.

Әдебиет: 1, с. 143-160; 2, с. 152-159; 3, с. 194-213; 15, 171-176б; 24, с. 38-49; 25, 220-241б; 26, 71-73б; 28, 79-115б; 29, 107-117б.

Бақылау сұрақтары:

1 Егістік дегеніміз не және ол агробиоценоз ретінде биоценоздардан айырмашылығы қандай?

2 Солтүстік Қазақстан егістіктерінде өсіп-өндірілетін мәдени өсімдіктер түрлерінің құрамын сипаттаңыз.

3 Ауыл шаруашылық дақылдарында қандай арамшөптер басымды келеді.

4 Солтүстік Қазақстан егістіктерінде ең көп таралған бірінші реттегі консуменеттерді атаңыз.

5 Егістік агробиоценоздарында екінші реттегі қандай консументтер тіршілік етеді?

6 Астықты дақылдарда көп тараған және зиянды ауруларды атаңыз.

7 Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларымен күресу шараларын атаңыз.



4 Тақырып Агроценоздың 1м2 егісіндегі алғашқы өнімді анықтау
Жұмыстың мақсаты - агроценоздың 1м2 егісіндегі алғашқы өнімін анықтау
Түсініктеме

Агроэкожүйелер (ауылшаруашылық экожүйелері, агроценоздар) – жасанды экожүйелер, олар адамдардың ауылшаруашылық іс-әрекетінен пайда болады (егістік, шабындықтар, жайылымдар). Агроэкожүйелер автотрофтардан жоғары таза өнім алу үшін (өнім) адамдармен құрылады. Олардың құрамында табиғи қауымдастықтардағы сияқты продуценттер (мәдени өсімдіктер және арам шөптер), консументтер (жәндіктер, құстар, тышқандар және т.с.с.) және редуценттер (саңырауқұлақтар және бактериялар) бар. Сонымен қатар агроэкожүйелерде міндетті түрда қоректік тізбекте адам болады.

Агроценоз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатымен адам үнемі реттеп отыратын жасанды, осыған орай тұрақсыз экожүйе.

Қазіргі кезде агроценоздар дүние жүзіндегі жер ресурсының 30%-ын, соның ішінде егістік жерлер – 10%, шабындықтар мен жайылымдар – 20%-ын құрайды.

Табиғи биоценоздардан агроценоздардың бірқатар айырмашылықтары бар:

- агроэкожүйелерде организмдердің түрлік саны әлдеқайда аз болады. Әдетте егістікте өсімдіктердің бір немесе бірнеше түрлері ғана өседі. Осыған байланысты биоценоздарда жануарлар саны, микроорганизмдер құрамы азаяды;

- мәдени түрлерге адам қолымен жасанды сұрыпталу жасалады. Сондықтан тіршілік үшін күресте олар адамның қолдауынсыз жабайы түрлерге төтеп бере алмайды;

- агроценоздар күннен басқа адамдардың іс-әрекетінен (мелиорация, суландыру, тыңайтқыштарды пайдалану) қосымша энергия ағымын алады. Алғашқы таза өнім (өнім) экожүйеден жоғалады да, қоректік тізбекке қосылмайды.

- өздігінен реттелу қабілеті жоқ;

- агроценоздардың табиғи экожүйелермен салыстырғанда биологиялық өнімділігі жоғары болады.

Экожүйеде биомассаның белгілі бір уақыт ішінде қалыптасқан өсімін биологиялық өнім деп атайды (өнім).

Белгілі бір уақыт ішінде продуценттермен жинақталған биомассаны алғашқы өнім деп атайды, ол екіге бөлінеді: жалпы және таза өнім. Жалпы алғашқы өнім дегеніміз бұл фотосинтіз процесінде жинақталған жалпы органикалық заттар немесе биомасса. Оның бір бөлігі өсімдіктердің өз қажеттілігіне, мысалы тыныс алуына жұмсалады (40-70%), ал қалған бөлігі таза алғашқы өнімді құрайды. Кейіннен оларды консументтер мен редуценттер пайдаланады немесе экожүйеде жинақталады.

Екінші реттегі немесе туындаушы өнім бұл органикалық заттардың немесе биомассаның белгілі бір уақытта консументтер деңгейіндегі жинақталған өнімі, ол әр келесі қоректік деңгейіне қарай белгіленеді.
Жұмысты орындау реті

Агроценоздың алғашқы өнімін есептеу үшін ең алдымен ауыл шаруашылық дақылының 1 м2 егісінің сіңіретін энергиясын формула бойынша анықтау керек:

G=R x F/100, мұнда

G – 1 м2 егіс сіңіретін энергия мөлшері, кДж;

R – радиация қосындысы, кДж/м2;

F – фотосинтез тиімділігі, %.

Осыдан кейін агроценоздың алғашқы өнімін формула бойынша анықтайды:

V=G х Т, мұнда

V – агроценоздың алғашқы өнімі, кДж/м2;

G – 1 м2 егістің сіңіретін энергиясы, кДж;



Т – вегетациялық кезең ұзындығы, күндер
1 тапсырма. Агроценоздың 1м2 егісіндегі алғашқы өнімін есептеу. Дақылдырды максималды өнімділігіне қарай дәрежелеу. Есептеу 3 кестеде жүргізіледі.
3 Кесте - Агроценоздың 1м2 егістіктен алынған алғашқы өнімі


№ п/п

Дақыл

1 м2 егістіктің 1 күнде сіңіретін энергиясы, кДж

Вегетациялық кезең бойында 1м2 егістіктің алғашқы өнім мөлшері, кДж

Агроценоздың максималды өнімі бойынша дақылдарды дәрежелеу

1.

Жаздық бидай










2.

Арпа










3.

Асбұршақ










4.

Жүгері










5.

Картоп










6.

Қант қызылшасы










7.

Судан шөбі












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет